Батыс Қазақстан облысы, Жаңақала ауданы, Көпжасар ауылы
Д. Нұрпейісова атындағы ЖОББМ КММ
бірінші санатты биология пәнінің мұғалімі
Саттыхова Гүлмира Мақсотқызы
Сабақтың тақырыбы: §25 Гендердің тіркесіп тұқым қуалауы. Жыныс генетикасы.
Сабақтың мақсаты:
1. Білімділік: Тұқым қуалаушылық және өзгергіштік заңдылықтары және тұқым қуалаушылықтың хромосомалық теориясы туралы білімдерін жинақтау, бекіту
2. Дамытушылық: Оқушылардың қызығуы, ынта – қиялы мен қабылдауы сияқты танымдық қабілеттерін дамыту арқылы айналадағы құбылыстарды байқауға, салыстыруға, талдай білуге дағдыландыру
3. Тәрбиелілік: Уақыт, дәлдік,ұқыптылық сезіміне, отансүйгіштікке,адамгершілік қарым-қатынастардың мәдениетіне тәрбиелеу.Кәсіби бағдар беру.
Сабақтың түрі: Аралас сабақ
Сабақтың өтілу әдісі: Топтық жұмыс, есептер шығару
Қолданылатын көрнекіліктер: Интерактивті тақта
Сабақтың барысы: 1. Ұйымдастыру бөлімі: (оқушылармен амандасып, топқа бөлу)
2. Үй тапсырмасы:
1 Сұрақ-жауап
1 Белгілердің тұқым қуалау заңдылықтарын зерттейтін ғылым? Генетика
2 Генетиканың негізін қалаушы ғалым? Г.Мендель
3. Мендель өз тәжірибесіне қандай өсімдікті алды? Бұршақ
4. Бір белгі бойынша будандасу қалай аталады? Моногибрид
5. Мендельдің неше заңы бар ? 3
6 Екі белгі бойынша будандасу қалай аталады? Дигибрид
7 Мендельдің бірінші заңы? Біркелкілік заңы
8 Басым белгі қалай аталады? Доминантты
9. Мендельдің екінші заңы? Ажырау заңы
10 Басылыңқы белгі қалай аталады? Рецессивті
2 есептер шығару І топ: Бойы биік бұршақ өсімдігі аласа бойлы бұршақ өсімдігіне қарағанда басым, бұршақ өсімдіктерін будандастырғанда қандай ұрпақтар алынады?
ІІ топ: Сиырдың қара түсі қызыл түсіне, дақтары жоғы дақтары барларына қарағанда доминантты будандасудың нәтижесінде қандай ұрпақтар алынады?
3. Та.ңбаларды тани біл
Р- ата-ана белгісі Ф- фенотип
♂-аталық белгі А- доминантты белгі
♀- аналық белгі а- рецессивті белгі
Х- будандасу АА ,аа- гомозигота
Г- гаметалар Аа- гетерозигота
Ғ- ұрпақ
3 Жаңа сабақ
І топ: Гендердің тіркесіп тұқым қуалау заңы
ІІ топ Жыныс генетикасы
(Екі топ өзара тақырыпты топ ішінде түсінеді , топтан бір өкіл шығып келесі топқа түсіндіреді)
Бекіту 1 «Биологиялық шынжыр»
186519103125252525469331
Шарты: “шынжырды ағытқанда” тақырып бойынша маңызды сандық мәліметтер алынады. “Ағыту” шынжырдың басынан басталады Мысалы: 1865 ж- Г. Мендельдің заңдары жарыққа шықты
2 Тест тапсырмасы
1 Генетика ғылымы нені зерттейді? А) жасушаны Ә) тұқымқуалаушылық пен өзгергіштікті Б) қоршаған ортаны В) тірі ағзаларды
2. Генетиканың негізін қалаушы? А) Ж. Б.Ламарк Ә) Т.Морган Б) Г.Мендель В) Ч.Дарвин
3 Мендельдің ІІ заңы қалай аталады? А) Біркелкілік заңы Ә) Ажырау заңы Б) Тәуелсіз тұқым қуалау заңы В) Тіркесіп тұқымқуалау заңы
4. Организмнің ішкі және сыртқы белгілерінің жиынтығы? А) гомозиготалы Ә) гетерозиготалы Б) генотип В) фенотип
5 Басым белгі А) Доминантты Ә) рецессивті Б) гаметалар В) аллельді гендер
6 Дигибридті шағылысу кезінде екінші ұрпақ будандарының сандық қатынасы нені көрсетеді? А) 9:3 Ә)1: 2:1 Б) 3:1 В) 9:3:3:1
7. Т.Морган тәжірибесінде нені қолданды? А) Құлпынай жемісі Ә) Асбұршақ Б) Дрозофила шыбыны В) Қоян
8. Т.Морган заңы қалай аталады? А) Біркелкілік заңы Ә) Ажырау заңы Б) Тәуелсіз тұқым қуалау заңы В) Тіркесіп тұқымқуалау заңы
9. Моногибридті шағылысу кезінде екінші ұрпақ будандарының сандық қатынасы нені көрсетеді? А) 9:3 Ә)1: 2:1 Б) 3:1 В) 9:3:3:1
10. Аталық және аналық жыныс хромосомаларын атаңыз
А) ХХ,УУ Ә) ХХ,ХУ Б) ХХУ,ХУ В) ХУ,ХУ
Дұрыс жауаптар: 1Ә, 2Б, 3Ә, 4В, 5А, 6В, 7Б, 8В, 9Б, 10Ә
Бағалау Екі топ бір-бірін бағдаршам әдісі арқылы бағалайды
Тапсырмалар
Блум таксономиясы
Білу деңгейі Ауызша сұрақтарға жауап беру:
1) Генетика ғылымының негізін салушы ғалым?
2) Мендель еңбектері мен өмірбаяны.
3) Мендель зерттеу объектісіне неге асбұршақ таңдап алды?
4) Мендельдің неше заңы бар?
Түсіну деңгейі
Қолдану деңгейі
Талдау деңгейі
Жинақтау деңгейі
Бағалау деңгейі
І топ тапсырмалары
1 - тапсырма. Сәйкесін анықта.
1. Генетика а. Тұқымқуалайтын ақпараттық құрылымдық бірлік
2. Тұқымқуалаушылық ә. Тұқымқуалаушылық пен өзгергіштікті зерттейді
3. Ген б. Тірі организмдердің табиғи қасиеттерінің ұрпаққа берілуі
4. Аллельді гендер в. Жыныс жасушасы
5. Гамета г. Бір жұп белгілердің немесе қарама қарсы белгілердің дамуын анықтайтын гендер
2 - тапсырма Таңбалар аттарын атау 1мин
Р - Х - Марстың қалқаны -
Г - F - Венераның айнасы -
ІІ топ тапсырмалары
1 тапсырма
1. Гетерозиготалы а. Гетерозигота күйінде көріне алмайтын тұқымқуалайтын белгі
2. Фенотип ә. Жыныс жасушаларынан басқа хромосомалар
3. Рецессивті б. Өз түріне тән клеткадағы тақ хромосома жиынтығы
4. Аутосомды в. Тұқымқуалайтын белгілердің сырт көрінісі
5. Гаплоидты г. Әр түрлі аллельді гендері бар зигота
ІІІ топ тапсырмалары
1 тапсырма
1. Доминантты а. Клеткадағы қосарланған хромосомалар жиынтығы
2. Өзгергіштік ә. Ұрықтанған жұмыртқа жасушасы
3. Хромосома б. Жасуша ядросында тұрақты болатын органоид
4. Диплоидты в. Тұқымқуалауда ұрпағында жаңа белгінің қалыптасуы
5. Зигота г. Белгінің басымдылық көрсетуі
IV топ тапсырмалары
1 тапсырма
1. Гомозиготалы а. Бір белгісі бойынша будандастыру
2. Гибридологиялық әдіс ә. Екі жұп қарама қарсы белгілері бойынша будандастыру
3. Моногибридті будандастыру б. Бірдей аллельді гендері бар организмдерді айтады
4. Дигибридті будандастыру в. Дене клеткаларындағы пішіні, мөлшері ұқсас жұп хромосомалар
5. Гомологті хромосомалар г. в. Бір бірінен айырмасы анық көрінетін организмдерді будандастыру
Мендель заңына есептер шығару
1 - есеп. 1мин
Гомозиготалы қара қоянды ақ қоянмен будандастырғанда ұрпағында тек қара қоянның пайда болуы. Бұл қай заңға негізделген?
2 - есеп. 1мин
Гетерозиготалы қара қоянды өзі сияқты қоянмен будандастырғанда қандай ұрпақ алуға болады? Бұл қай заңға негізделген?
3 - есеп.
Бидайдың аласа бойын анықтайтын ген (А) қалыпты бойын анықтайтын генге (а) доминантты. Аласа бойлы гомозиготалы бидайды қалыпты бойлы бидаймен және гетерозиготалы аласа бидайларды өзара будандастырғанда ұрпағының фенотипі мен генотипін анықтаңыз.
4 - есеп. Құндыздың кохинурлы (арқасы қара жолды, ақ тері) түсі ақ құндызды қаралармен будандастырғанда пайда болады. Ал ақ құндыздарды өзара будандастырса ақ, қоңыр құндыздардан қоңыр ұрпақ алынады. Егер кохинур құндыздарды өзара будандастырса қандай ұрпақ береді? а) Ал кохинурларды ақ құндызбен будандастырса қандай ұрпақ болмақ?
Гендердің тіркесіп тұқымқуалауын сурет бойынша талдау.
Сұрақтарға жауап беру
1) Қандай аурулар жыныспен тіркес тұқым қуалайды?
2) Не себепті тіркесу бұзылады?
3) Тіркесіп тұқымқуалау дегеніміз не?
4) Морганнның негізгі қағидалары қандай?
Тест сұрақтары
1. Моногибридті будандастыруда бір белгіні қалыптасуына қанша аллельді ген қатысады?
а) бір в) екі с) үш
2. Альтернативті белгілер қандай гендермен құпияланады?
а) аллельді в) ұқсас с) ата - анасының белгісімен
3. Г. Мендель бірінші ұрпақ будан алу үшін тозаңданудың қандай түрін пайдаланды?
а) қолдан айқас в) өздігінен с) табиғи тозаңдану
4. Толымсыз доминанттылық түрінде тұқым қуалайтын белгілер екінші ұрпағында қанша фенотиптік класс түзеді?
а) екі в) үш с) төрт
5. Қандай будандастыруда екінші ұрпақ генотипі бойнша 1: 2: 1 қатынасында ажырау көрсетіледі?
а) кері будандастыруда в) моногибридтік с) анализдік
6. Моногибридті будандастыруда екінші ұрпақта қанша фенотиптік класс болады?
а) екі в) үш с) төрт
7.. ХХ және ХУ хромосомалар қалай аталады? а) жыныс хромосомалары в) аутосомдар с) гомогаметалар
8. Жыныс хромосомалары арқылы тұқым қуалайтын белгілер?
а) тасымалдаушы в) тұқым қуалайтын с) жыныспен тұқым қуалау
9. Жыныспен тіркес тұқым қуалаушылықтың негізін қалаған кім?
а) Г. Мендель в) Т. Морган с) В. А. Бальмонт
10. Бірінші ұрпақта көрінбей қалған қарама - қарсы белгі?
а) ген в) доминантты с) рецессивті
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі