Батыс Қазақстан облысы, Жаңақала ауданы, Көпжасар ауылы
Д. Нұрпейісова атындағы ЖОББМ КММ
бірінші санатты биология пәнінің мұғалімі
Саттыхова Гүлмира Мақсотқызы
Сыныбы: 8 Пәні : биология
Сабақтың тақырыбы: Гуморальдық реттелу. Шамадан тыс бұлшық ет әрекетінің жүрек пен қантамырларына әсері Жүректі жаттықтырудың маңызы.
Сабақтың мақсаты:
Білімділік: Жүрек жұмысының гормондар арқылы реттелуі, шамадан тыс бұлшықет әрекетінің жүрек пен қантамырларына әсері, жүректі жаттықтырудың маңызы туралы білімді меңгерту, ғылыми көзқарастарын қалыптастыру;
Дамытушылық: Оқушылардың алған білімдерін жадында сақтау қабілетін дамытып жетілдіру, зейін қойып тыңдауға үйрету, өз беттерінше ізденуін қалыптастыру. Сабаққа белсенділіктері мен қызығушылықтарын арттыру;
Тәрбиелік: Оқушылар арасында ұйымшылдықты және сыйластықты ояту. Тұлғалық ізгілік қасиеттерге баулу және ұқыптылыққа, салауатты өмірге тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: Жаңа білімді меңгерту.
Сабақтың типі: Аралас сабақ.
Сабақтың әдісі: СТО технологиясының стратегиялары: "Топтастыру”, биологиялық есеп
Көрнекілігі: интерактивті тақта, слайдтар, муляж
Сабақтың барысы: 1. Ұйымдастыру бөлімі ( оқушылармен амандасып, топқа бөлу )
І-топ
1. Үй тапсырмасы бойынша: жүрек автоматизмі
2. Биологиялық есеп. Қалыпты жағдайда жүрек 1 минут ішінде орта есеппен 6 л. қанды тамырларға айдаса, 1 сағатта және 1 тәулікте қанша мөлшерде қан айдайды?
3. Шығармашылық жұмыс (қосымша мәлімет, өлең, эссе немесе рольдік тапсырмалар)
ІІ- топ
1. Үй тапсырмасы бойынша: жүрек циклі
2. Биологиялық есеп. Қалыпты жағдайда жүрек орта есеппен 1 минутта 70 рет жиырылып кеңейетін болса, 1 тәулікте қанша рет соғады?
3. Шығармашылық жұмыс (қосымша мәлімет, өлең, эссе немесе рольдік тапсырмалар)
ІІІ-топ
1. Жүрек жұмысының реттелуі
2. Биологиялық есеп. 1 минут ішінде денедегі қан жүрек арқылы екі рет өтеді. Сонда тәулігіне қанша рет өтеді?
3. Шығармашылық жұмыс (қосымша мәлімет, өлең, эссе немесе рольдік тапсырмалар)
Бекіту бөлімі:
Тест
1. Адам организміндегі қанның қалыпты мөлшерІ А. 6 литр. В. 5 л. С. 4,5 л. Д. 5,5 л
2. Эритроцитке қызыл түс беретін ерекше нəруыз. А.глобулин. В.альбумин. С.фибриноген. Д.гемоглобин.
3. Эритроциттердің тіршілік ұзақтығы. А. 90 күн. В. 100 күн. С.110 күн. Д. 120 күн.
4. Фагоцитоз құбылысын ашқан ғалым. а. И.И. Мечников. в. И.В. Павлов с. И. М. Сеченов. д.Н.И.Пирогов.
5. Қанның ұю қызметін атқаратындар. А. қан плазмасы. В.тромбоциттер. С.лейкоциттер. Д.эритроциттер.
6. Адамның қан топтарын алғаш ашқан ғалым. а. И.В.Павлов. в. К.Ландштейнер. с.У. Гарвей. д. А.Гиппократ
7. Əмбебап донор қаны қай топ? А. I топ в. II топ с. III топ д.IV топ
8. Əмбебап рецепиент қаны қай топ? А. I топ в. II топ с. III топ д.IV топ
9. Ересек адам жүрегінің массасы. А 200-350 грамм. В. 250-300 г. С.350-400 гр. Д 400-450 г.
10. Адам жүрегінің құрылысы. А. бір қуысты. В. екі қуысты. С.үш қуысты Д. төрт қуысты.
11. Адам жүрегінде жүрекше саны. А. бір. В. екі С. үш. Д. төрт.
12. Жүректегі қарынша саны А.бір. В.екі С. үш Д. төрт
13. Жүректің сыртқы қабаты. А.миокард. В. эпикард. С.эндокард. Д.экзокард.
14. Қанның ұюында тромб түзілуіне қандай нəруыз қатысады А.глобулин В.фибриноген. С.инсулин Д. гемоглобин.
15. Тыныштық кезіндегі 1 минуттағы тамырдың соғу жиілігі. А. 80 рет. В.90 рет. С. 70 рет. Д. 60 рет.
1-В, 2-Д, 3-Д, 4-А, 5-В, 6-В, 7-А, 8-Д, 9-В, 10-Д, 12-В, 13-В,14-В, 15-С
Қорытынды: рефлексия
Бағалау. Топ ішінде бағалау, топты бағалау
1 есеп. Қалыпты жағдайда жүрек 1 минут ішінде орта есеппен 6л. қанды тамырларға айдаса, 1 сағатта және 1 тәулікте қанша мөлшерде қан айдайды?
Жауабы: 60*6=360рет, яғни 1сағатта 360 рет
360*24сағ.=8640литр, яғни 1 тәулікте
8640 литр қан айдайды.
2 есеп. Қалыпты жағдайда жүрек орта есеппен 1 минутта 70 рет жиырылып кеңейетін болса, 1тәулікте қанша рет соғады?
Жауабы: 60*70=4200рет, яғни 1сағ.4200 рет.
4200*24сағ=100800 рет немесе
1 тәулікте 100800 рет.
3 есеп. 1 минут ішінде денедегі қан жүрек арқылы екі рет өтеді. Сонда тәулігіне қанша рет өтеді?
Жауабы: 60мин*2=120рет, яғни 1сағ. 120 рет.
120*24=2880рет, яғни 1тәулікте 2880 рет.
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі