Өлең, жыр, ақындар

Оқушылардың логикалық ойлау қабілеттерін арттыруға арналған тапсырмалар

Батыс Қазақстан облысы, Жаңақала ауданы, Көпжасар ауылы
Д. Нұрпейісова атындағы ЖОББМ КММ
бірінші санатты биология пәнінің мұғалімі
Саттыхова Гүлмира Мақсотқызы

Мақсаты: «Оқушылардың сабаққа деген қызығушылығын, ынтасын оятып, танымдық белсенділіктерін арттырып, логикалық ойлау қабілеттерін,  қызығушылықтарын дамытуға жағдай жасау».

Логикалық  есептер    Жүрек, қан- тамырлары тақырыбы бойынша

1 есеп. Қалыпты жағдайда жүрек 1 минут ішінде орта есеппен 6л.  қанды тамырларға айдаса, 1 сағатта және 1 тәулікте қанша мөлшерде қан айдайды?

Жауабы: 60*6 =360 рет, яғни 1сағатта 360 рет

                 360*24 сағ.= 8640 литр, яғни 1тәулікте

                 8640 литр қан айдайды.

2 есеп. Қалыпты жағдайда жүрек орта есеппен 1 минутта 70 рет жиырылып кеңейетін болса, 1тәулікте қанша рет соғады?

Жауабы: 60*70 = 4200 рет, яғни 1сағ. 4200 рет.

                  4200*24 сағ =100800 рет немесе

                  1тәулікте 100800 рет.

3 есеп. 1 минут ішінде денедегі қан жүрек арқылы екі рет өтеді. Сонда тәулігіне қанша рет өтеді?

Жауабы: 60 мин*2=120 рет, яғни 1сағ. 120 рет.

                  120*24 =2880 рет, яғни 1тәулікте 2880 рет.                    

 

                                            Тыныс алу жүйесі бойынша

Күніне бір қорап темекі =100 теңге

100*7 =700 теңге

       *4 апта =2800 теңге

2800*     =145600

1.Адам бір рет тыныс алғанда 500 см3 ауа жұтса,1 минутта қанша см 3 ауа жұтады? (8000-9000 см 3)

2.Адам 1 тәулікте 11000м ауамен тыныс алса,70 жыл өмір сүргенде қанша ауамен тыныс алады? (280 млн м артық)

3. Күніне бір қорап темекі тартқан адам неше есе артық сәулеленеді? (3,5 есе)

 

                                               Тері  туындылары бойынша

Адамның басында 100 мыңнан астам шаш түбі бар

Күніне 100 шаш түсіп, 100 шаш өседі.

Бастағы  шаш 2-4 жылда,

Денсаулығы дұрыс адамда орта шамамен айына 1 см шаш өседі

Сонда бір жылда қанша см  дейін өседі?

                                                Қоректік заттар бойынша

Егер бір адамға тәулігіне 6 грамм  тұз жеткілікті болса,әр отбасыға бір айда,бір жылда қандай мөлшерде тұз жұмсалады? Әр оқушы өз отбасына есептеп шығаруға болады.

6 гр · отбасы саны) ·30 =

(6 гр · отбасы саны) ·365=

    2.  Логикалық сұрақтар

 

1.Өзенде әр түрлі алуан систематикалық топтарға жататын тірі ағзадар өмір сүреді.Неліктен қандай да оптималды жағдайлар болса да олардың санының шегі болады?

Жауабы: Биоценоз тұрақты болған жағдайда әр ағзаның сан ауытқуы болмайды , егерде бір ағзалардың саны шектен тыс көбейіп кетсе,онда бұл экожүйенің тұрақтылығының бұзылуы.

2.Табиғатта маңызды экожүйелердің бірі агроценоздар болып табылады. Агроценоздың өзін-өзі тұрақтандыру қасиеті бар ма?

Жауабы: Жоқ, себебі агроценоздың жүйесін адам басқарып реттеп отырады.

3.Не себепті жаңа саябақтарда құстар, ескі саябақтарға қарағанда сирек кездеседі?

Жауабы: Себебі ескі саябақтардың ағаштарында құс ұялары көп, ағаш діңдері қалың ол жерде сан алуан құрт-құмырсқалар мекендейді ,онымен қоса жасыл жапырақтары да қалың болғандықтан.

4.Шабылған ормандардың орнында күн сәулесі мол түссе де неге батпақтану процесі қарқын жүреді?

Жауабы: Шабылған орманнның орныныда биологиялық процес нәтижесінде мүктер қарқынды түрде көбейеді соның арқасында батпақтану прцесі жүреді.

5.Неге қалалы жерлерде қыналар өспейді?

Жауабы: Себебі қынаға ең керекті жағдай оттекке бай таза ауа, олар ауа индикаторлры болып саналады.

6.Мұхиттің үстіңгі қабатында күміс түсті балықтар жүзеді,200-400 м тереңдікте қызыл балықтар жүзеді, ал одан тереңіректе қара және көкшіл түсті балықтар жүзеді,ал су түбіндегі балықтар мүлде түссіз болады не себепті, түсіндір.

Жауабы: Себебеі судың қабаттарына күн сәулесі нің түсуіне байланыстыі,су бетіндегі балықтар күнмен шағылылысып күміс түске боялған, 200-400 м тереңдіктегі балықтар қызыл-қоңыр балдырларға ұқсас қызыл түске боялған,ал су түбінде мекендейтін балықтардың түске боялудың еш биологиялық маңызы болмағандықтан олар түссіз болады.

7. Қыста өсімдік болмайды, сонда ауаны қайдан аламыз?  

Жауабы: атмосфера ортақ бір жерде жаз болғанда, бір жерде қыс болады.

3. Логикалық  тізбек 

1.Аминқышқыл, глюкоза, ас тұзы (ас тұзы-бейорганикалық зат)

2.АТФ, РНҚ, ДНҚ (АТФ-энергия аккумуляторы)

3.Транкрипция, гликолиз, трансляция (гликолиз-глюкозаның тотығуы)

4.Крахмал, каталаза, целлюлоза (каталаз-ақуыз, фермент)

5.Аденин, тиамин, хлорофилл (хлорофилл-жасыл пигмент)

4. Логикалық жұмбақтар

Бұл аурумен ер адамдар ауырады. Оның белгісі: жыныс бездері дұрыс жетілмейді, ақыл-есі кем болады. Аяқ-қолы шамадан тыс ұзын, денесіне сәйкес келмейді. Ауру адамның хромосомаларының жалпы гиплоидты жиынтығы – 47, жыныс хромосомасы – ХХУ. 

Бұл қай ауру?

Бұл ауру әйелдерде кездеседі. Мұнда жыныстық жағынан пісіп-жетілуі баяулайды, сондықтан бедеу болады, әрі бойы тапал келеді. Ақыл-есі кем, ашуланшақ, жұмысқа қабілеттілігі төмен болады. Хромосомаларының диплоидты жиынтығы – 45, жыныс  хромосомасы – Х0.

Бұл қай ауру?


Пікірлер (1)

Пікір қалдырыңыз


Қарап көріңіз