4-сынып Дүниетану Мерзімі: 25.11.2014ж
Сабақтың
тақырыбы: Суды қорғау
Жалпы мақсаттары: Су оның адам өмірі мен табиғаттағы мағызы мен пайдасы, оның ластану жолдары мен еліміздегі ластанған өзен, көлдер туралы түсінік беру.Суды қорғау мен табиғаття аялау туралы сыни тұрғыдан ойландыруға дағдыландыру.
Сілтеме: Мұғалімге арналған нұсқаулық.
Дүниетануды оқыту әдістемесі. 4 сынып, «Атамұра» 2011ж.
4-сыныпқа арналған дүниетану оқулығы «Атамұра» 2011ж.
«Оқыту ізденіс ретінде және ізденіс оқыту ретінде» С.Мирсеитова, Қарағанды, 2011ж.
Оқу нәтижесі: Су оның адам өмірі мен табиғаттағы мағызы мен пайдасы, оның ластану жолдары мен еліміздегі ластанған өзен, көлдер туралы түсінік алады. Суды қорғау мен табиғаття аялау туралы сыни тұрғыдан ойландыруға дағдыланады.
Негізгі идеялар: Оқушылардың жас және психологиялық-физиологиялық ерекшеліктеріне сай білім көлемін меңгерту. Білім, білік дағдыларын қалыптастыру.
Сабақта қолданылатын материалдар: Үлестірме (тақырып бойынша)
Тақырыптық суреттер
Оқыту әдістері: Интерактивті оқыту әдістері. Сыныппен жұмыс.
Жеке жұмыс.
Дерек көздері: «Суды қорғау» тақырыбы бойынша берілген материалдар.
Тапсырмалар:
Дүниетану оқулығы бойынша 62-63б. тапсырма материалдары, мәтін, сурет.
Сабақ бойынша мұғалім мен оқушының іс-әрекеті:
Сабақ: 15.40-16.25
Оқушыларға психологиялық ахуал туғызу.
Табиғат-біздің анамыз, Жер байлығы көп екен,
Табиғатқа баламыз. Меңгеруді қалайды.
Табиғатты қорғайтын, Осының бәрін меңгерткен,
Біз әдепті баламыз. Дүниетану сабағы.
Топтастыру
Пазлдар арқылы 4 топқа бөлу
1-топ Тамшы
2-топ Өзен
3-топ Көл
4-топ Бұлақ
Білу:
Мазмұнын сұрау.
1-топ әңгімелеу
2-топ Өзеннің пайда болуы құрастыру
3-топ Ы. Алтынсариннің «Өзен» өлеңін сұрау
4-топ Картамен жұмыс, 5 тармақ өлең құрау
Балық аулау ойыны
Судан не аламыз? (Тоқ)
Дүние жүзіндегі ең терең көл (Байкал)
Еліміздегі ең үлкен көл (Каспий)
Суы тартылып қалған теңіз? (Арал)
Арал теңізіне қай өзендер құяды? (Әмудария, Сырдария)
Түсіну
Ой қозғау Егер сен тісіңді тазартып жатқанда құбырды жауып тұрсаң, 4 литр су үнемдейсің. Егер күніне 2 рет тазартатын болсаң неше литр су үнемдейсің? 5 адам 1 күнде неше литр су үнемдейді?
Деңгейлік тапсырмалар
С
Судың қанша күйі болады? Ата (сұйық, қатты, газ)
Судың қасиеттерін ата (иіссіз, дәмсіз, мөлдір, түссіз, сұйық, еріткіш, жұғады)
Жер асты суларына не жатады (құдық, минералды сулар)
В
Елімізде қандай өзендер бар?
Жетісудің 7 өзенін ата
Астана қай өзеннің жағалауында орналасқан?
А
Арал теңізі неліктен тартылды?
Ертіс өзені қай елден бастау алады?
Өзен, көл, мұхит теңіздің пайда болуын ретін ата
Қолдану /Түсіндіру/
Бір адам тәулігіне 700 литр су жұмсайды екен,Біз пайдаланған су ластанған су деп аталады. Көлден жылына 1метр су қабаты буланады екен.
1 ТОП Арал теңізі туралы жалпы ақпарат
Арал теңізі — Қазақстан мен Өзбекстан шекарасында орналасқан сутоған. Теңіз ХХ ғасырда ауданы жағынан (68 мың км2) әлемде төртінші орында болған болатын, бірақ 1960 жылдардан бастап теңіздің суы азайып келеді.Арал тенізі – Қазақстаныың інжу-маржаны, шөл белдеміндегі бірден-бір көгілдір су айдыны еді. Оның апатқа ұшырағанға дейінгі көлемі -1066 км2, тереңдігі - 30-60 метр, тұздылығы - 10-12 % болған. Қойнауы кәсіптік бағалы балықтарға бай, жағасы қоға мен қамысты теңіз еді. Сол кездерде жылына 50-150 мың балық ауланса, теңіз жағасынан едәуір мөлшерде бұлғын терісі игерілген.
2- ТОП Арал теңізінің тартылу себептері
Арал өңірінің тұрғындары 1970 жылдарға дейін әлеуметтік-эконо-микалық тұрғыда жақсы қамтамасыз етілген тіршілік көшті. Теңіз өңіріндегі елді мекендерде 17 балық колхозы, 10 балық өңдейтін зауыт және 2 балық комбинаты тұрақты жұмыс істеген.
1960 жылдардан бастап Арал өңірін игеру қолға алынды. Осы аймақтағы игерілетін жер көлемі бұрынгыдан Өзбекстан мен Тәжікстанда 1,5, Түрікменстанда 2,4, Қазақстанда 1,7 есеге өсті. Ал Әмудария мен Сырдария бойындағы халықтың саны 1960-1987 жылдар аралығында 2,2 есеге артты. Халық санының өсуіне орай суға деген кажеттілік те артты. Осыған орай, 1970-1980 жылдар аралығында Аралға құйылатын су мөлшері азайды. Онын негізгі себептері - антропогендік факторлар еді. Екі өзен бойындағы суды мол қажет ететін күріш пен мақта өсіру ісі қаркындап дамыды (Шардара).
Арал апатына себеп болған факторларға:
- жергілікті жердің тарихи-табиғи ерекшеліктерін ескермеу;
- ауыл шаруашылығын дұрыс жоспарламау, судың қорын есепке алмау;
- суды өте көп қажет ететін күріш, мақта дақылдарын барынша көбейтіп жіберу;
- жерді игерудің агротехникалық шараларын сақтамау және суды үнемді пайдаланбау;
3- ТОП Арал теңізін құтқару жолдары
Арал теңізін құтқару жөнінде бірнеше ғылыми болжамдар мен жобалар бар. Олар:
Сібір өзендерін Қазақстанға бұру.
2. Әмудария мен Сырдария өзендерінің суын реттеу арқылы суды молайту.
3. Арал теңізін жартылай сақтап қалу.
4. Каспий теңізінің суын жасанды канал арқылы әкелу.
5. Жер асты суларын пайдалану.
6. Арал теңізінің өздігінен табиғи реттелуін немесе толысуын күту. Әрине, бұл жобалар болашақтың ісі болғанымен, уақыт талабы оны
күттірмейді. Бәрі де қаражатқа тірелуі мүмкін. Ал оның іске асуы адамзат кауымының білімі мен біліктілігіне байланысты екені анық.
Қазіргі кезде Аралды құтқару бағытында батыл да жоспарлы түрде ғылыми негізде жұмыстар жасалуда. "Арал тағыдыры - адам тағдыры" болғандықтан оны сақтап қалу аға ұрпақтын болашақ алдындағы борышы.
4- ТОП 7 СҰРАҚ
1 Кімнің әсерінен арал теңізі тартылды
2. Арал теңізін маңайында не өсірілді?
3. қашан арал теңізіне құйылатын өзен көлемі азайды?
4. Әмудария мен сырдария өзендері қайда құйды?
5. Адамндардың арал теңізінің тартылуына қалай әсер етті?
6. Неліктен арал тағдыры – адам тағдыры болды?
7. Егер Арал мен Каспий теңізі сол қалпынша бірікен үлкен теңіз болғанда не болар еді.?
Қосымша ақпарат
Сусыз жануарлар тіршілік ете алмайды. Мысалы:
1 кг картоп өсіруге 300л
1 кг бидай өсіруге 1200л
1 т шойын қорытуға 130т
1 т алюминий алуға 1000л
Піл тәулігіне 90 л су ішеді.
Арал теңізі туралы айтып кету.
Сыныппен жұмыс
Талдау
Суды қайда қолданады? Не үшін?
Судың ластану себептері
Суды қорғаудың жолдары
Су туралы тыйым сөздер, мақал-мәтелдер Т кестесі
Жеке жұмыс
Су жүргізер тіршіліктің тамырын,
Су жоқ болса, тірлік тәмам, бауырым.
Судың біздер біле тұра маңызын,
Көп болған соң, ұмытамыз қадірін
- «Таулы жер бұлақсы болмас, сулы жер құрақсыз болмас» мақалының мағынасын ашып түсіндір
- «Арал қасіреті» дегенді қалай түсінесің?
Судың маңызы туралы ереже құрастыру
Суды қорғау туралы ереже:
Суды үнемде;
Шүмекті ашық қалдырма;
Лас суды ішпе;
Суды аз пайдалануға тырыс;
Суды ластама;
Суды ысырап қылма;
Жинақтау
1. Су қандай зат?
а) қатты; ә) сұйық; б) жұмсақ.
2. Жер бетінің су алып жатқан бөлігі..
а) екіден бір; ә) үштен бір; б) төрттен бір.
3. Судың пішіні бар ма?
а) дөңгелек; ә) төртбұрыш; б) жоқ.
4. Халық арасында ... қайнар көз, бастау деп аталады?
а) көл; ә) бұлақ; б) теңіз.
5. Өзеннің көлге, теңізге барып қосылатын жері қалай аталады?
а) саласы; ә) арнасы; б) сағасы.
6. Жер шарында ең көп тараған сұйық зат.
а) тұз; ә) су; б) мұз.
Бағалау
Таратылған IQ сандарын санау
Тест жауабы бойынша бағалау
Әр кезеңде саусақтар бойынша біліп түсінгендерін көрсетіп бағалау
Қорытындылау: «Мен табиғатты сүйемін кластер» әдісін қолдана отырып өтілген тақырып бойынша ойларын жинақтау.
Кері байланыс сұрақ – жауап (5 мин.)
Шығыс парағын толтыру.
Келесі тапсырма: Арал теңізі туралы ақпарат жинау. Мәтінді әңгімелеу
Кейінгі оқылым: Ауа оның құрамы
Бағалау: Мадақтау, орындалған тапсырмалар бойынша бағалау. Әр оқушыға жетістіктері мен жіберілген кемшіліктерін ескерте отырып, бағалауды жүргізу.
Тексерілді: ________________________________________________________
Білу кезеңі
Түсіну кезеңі Ой қозғау және Деңгейлік тапсырмалар орындау
Мәтінмен жұмыс
Талдау кезеңі Постер қорғау және ереже құрастыру
Жинақтау кезеңі Қысқа тест әдісі және Кластер құру
Бағалау кезеңі Формативті және суммативті бағалау
Смайликтер бойынша кері байланыс орнату
Оқушы жұмыстарының жалпы көрінісі
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі