Өткізілетін коучинг жоспарлары
Өткізілген коучинг туралы рефлексивті есеп
Коуч: Жусупова Тынымкүл
Өтетін орны: 44 мектеп
Коучинг- бұл басқа адамды оқытып,дамытатын,нәтижені арттыруға әрекет ететін өнер.
Майлз Дауни. 2008
Коучинг және тәлімгерлік екінші деңгей бағдарламасының түйінді тақырыптары.Осындай әдістер арқылы мұғалімдер мектеп жағдайында оқыту мен оқуға өзгерістер енгізеді және әріптестерін оқытады. Мұғалімге арналған нұсқаулық.17-бет.
Коучинг жүргізу уақытында мән- мәтінге, өзектілігіне, жүйелі жүруіне басты назар аудардым.Әріптестерім, "бірлескен оқу әрекеті", " топпен жұмыс жасау жолдары" дегеннің тиімділігін, тәсілдері жайлы толық білсек деп сұрақ қойып, қажеттілік танытты. Сондықтан, қай жастағы бала болса да бірлескен топ жұмысын ұйымдастыру мұғалімдер үшін тиімді ғой деп ойладым.Әріптестерімнің қызығущылығы мен ықыласына орай коучинг жоспарына әр түрлі топтық, жұптық тапсырмалар енгіздім. Әріптестеріме оқу мен оқытудағы жаңа әдіс тәсілдердің тиімді пайдалану жолдарын үйрету, топтық жұмыстың ұтымдылығын түсіндіруді мақсат еттім. Сол себепті, коучинг сабағымның тақырыбын" Топпен жұмыстың оқу сапасын жақсартудағы тиімділігі" деп алдым.Осы коучинг сабағымды өткізудегі мақсатым басқа әріптестерімнің бірлескен оқу әрекетін ұйымдастыра білуге үйрету.Сабақты сергіту сәтін ұйымдастырып, жылы тілектер айтудан бастадым.
Қалыптасқан жағымды ахуалдан соң қатысушыларға топтық жұмыс туралы түсінік жүргіздім.Онда төмендегідей сұрақтар қамтылды.
1.Топта жұмыс істеу не үшін қажет?
2.Топтарды қалай ұйымдастыруға болады?
3.Топтағы іс әрекет қандай?
Сұрақтар жауабы толық ашылғаннан кейін "Құмырсқалар" жайлы бейне көрсетілім көрсетілді. Бұл көрсетілім топ мүшелеріне ұнады.Көрсетілім аяқталған соң "Құмырсқаның іс-әрекетінен не байқадыңыздар?" деген сұрақты қоя отырып, құмырсқа әрекетіне постер құрауға тапсырма бердім.Тапсырма топта талданып, талқыланып,қорғау барысында әріптестерімнің қызу кіріскені маған ұнады.
Келесі тапсырма: А-4 парағын таратып беріп топтық жұмыстың тиімді, тиімсіз тұстарын сипаттау болды. Бұл тапсырманы берудегі негізгі ойым топтық жұмыстың тиімділігін анықтау болатын. Топтық жұмыстың тиімді, тиімсіз тұстарын ажырату қортындысы көңіліме ұнады,
1топ пікірі"Топтық жұмыс тиімді, себебі топ мүшелері ынтымақтастықта болады,бірін бірі тыңдайды,ақылдасады. Пікірлеседі,өз ойларын ашық айтады.Тек қана топтық жұмысқа үйренгенше тиімсіз".
2 топ пікірі "Оқушылардың ынтасы артады,тақырыпты тез түсінеді.Бір-біріне көмектеседі, топ ережесіне бағынады.Тиімсіз тұсы: уақытты есептеу қажет"
3 топ пікірі "Оқушылар тапсырмаларды бірігіп орындайды,топ болып әрекет етеді.Бірге оқиды, топпен талқылайды.Қиындықты бірге жеңіп, бірге қуанады.Сабаққа қызығушылығы артады.Тиімсіз жағы:Оқушылардың топта жұмыс жасауға қалыптаса қоймағаны" деп құнды-құнды пікірлер айтты.
Коучингке қатысқан әріптестерімнен сұхбат алу арқылы кері байланыс жасалды.Әріптесім : "Топпен тапсырма орындау,топтық жұмыс жасау тиімді.Бұл әдіс маған ұнады.Өз сабақтарымда пайдаланамын" деген пікірі топтық жұмыстың тиімді әдіс екенін анық байқатты. Әсемгүл Жалғасқызы бастауыш сынып мұғалімі: "Оқу сапасын арттыруда топтық жұмыс өте тиімді.Топпен жұмыс кезінде оқушылар біріге жұмыс жасайды, әрекетсіз, бақылаусыз бала қалмайды" десе, Зухра Айдарбекқызы: "Әрбір мұғалім сабақты түрлендіріп өтсе, оқушылар жан- жақты дамиды. Топтық жұмыстың пайдасы көп, тиімді әдіс екенін түсіндім, енді іс - тәжірибемде пайдаланамын" деп ойын тұжырымдады. Бұл коучинг жүргізу кезінде тапсырмаларымның сапалы үйреткенімнің дәлелі.
"Бүгінгі коучинг сізге ұнады ма? сауалнамасын толтыру аясында әріптестерім коучингтен алған сезімдерін "сенімдімін", " өте сенімдімін" деген сөздермен білдірді. Бұдан коучинг сабақтың пайдалы, түсінікті болғанын байқадым. Tүрткі сұрақ қойылып, топтық жұмыс және өтілген коучинг туралы ойларын анықтадым.
Коучинг жүргізуге арналған жұмыс жоспарлары
Коуч: Жусупова Тынымкүл
Коучинг- тәлім ету, дайындау, жаттықтыру.Бұл әріптестердің құпия, белсенді және жасампаз өзара әрекеттестік үдерісі.
реті Коучинг тақырыбы Мақсаты
Міндеті Күтілетін нәтиже Уақыты
1 Оқу сапасын жақсартуда оқыту үшін бағалаудың тиімділігі. Бағалау түрлерімен таныстыру,мақсаттарын анықтау,оқыту үшін бағалаудың тиімділігі Оқыту үшін бағалаудағы табыс критерийлері арқылы оқудың сапасын жақсарту.Бағалау туралы түсінігін өзгіртуге ықпал ету. Бағалаудың мәнін ОүБ моделін, бағалаудың негізгі мақсаттарын, ОүБ тиімділігін біледі. қаңтар
2 Оқушылардың дарындылығын анықтау мен дамытудағы мұғалімнің шеберлігі. Бала дарындылығын анықтау, қолпаштау, сенім білдіру және психологиялық жаттығулар арқылы шабыт беру. мектептегі оқушы тұлғасының қалыптасу деңгейін зерттеу.
Оқушылардың дарындылығын анықтауда тиімді әдіс-тәсілдерді қарастыру және дарындылықты дамыту.
Мектеп оқушыларының қабілетін сабақ барысында және сыныптан тыс шаралар кезінде анықтап, оқушының дарындылығын анықтауда мұғалім шеберлігінің дамуына қолайлы жағдай жасау.
ақпан
3 Топпен жұмыс арқылы сыныпта оқу сапасын жақсарту. Мұғалімдерге топ топпен жұмыс туралы түсінік беріп, топқа бөлу,топ ережесін құруға бағыттау, ынтымақтастықпен жұмыс жасауға бейімдеу.
Топпен жұмыстың оқу сапасын жақсартуға ықпалы мол екеніне көз жеткізу.
Топтық жұмыстарды ұйымдастырудың тиімді әдіс-тәсілдерін қарастыру;
. Топтық жұмыс арқылы ынтымақтастық әрекетке қалыптастыру
Топтық жұмыс кезінде пікір алмасуға дағдыланады, топ мүшелерінің белсенділігі мен ынтымақтастығының арқасында табысты нәтижеге қол жеткізеді.
Топтық жұмыстың тиімді, тиімсіз тұстарын салыстырады, дәлелдейді.
наурыз
4 Зерттеушілік әңгіме арқылы оқушылардың ойлау деңгейін дамыту. Топтық жұмысқа дағдыландыру.Өзіне сенімділігін нығайту.Өмірде өз орнын таба алатын дара тұлға тәрбиелеуге ұмтылу. Сабақ барысында зерттеушілік әңгіме арқылы ойлау қабілетін арттыру, диалогқа түсу әрекетін дамыту. Топпен жұмыста сұрақ қоюға, бірін- бірі тыңдауға дағдыанады.Сенімділік болып өз ойларын айта алады. Топпен жұмыс, жұппен, өзін- өзі бағалауды үйренеді. сәуір
5 Ойлаудың танымдық деңгейі арқылы оқушылардың ойлау әрекеттерін топтық жұмыс барысында дамыту. Ойлаудың танымдық деңгейлері арқылы тапсырмалар орындай отырып, кең ауқымды ойлауға, ойларын ашық айтуға, өзін- өзі бағалай білуіне түрткі болу. Топпен жұмыс арқылы оқушылардың сыни ойлауына қолдау көрсету. Өз ойларын пікірлерін дәлелдеп айтуға үйрету. Ынтымақтаса жұмыс істеуге, өз ойларын ортаға салуға , сыни ойлауға үйренеді.Көптің пікірін тыңдап, ойын еркін жеткізе білуге дағдыланады.Өзін- өзі бағалауға үйренеді. мамыр
- Джон Максвелл
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі