Өлең, жыр, ақындар

Жаным толған жақсылық

Тақырыбы: «Жаным толған жақсылық»
Мақсаты: Оқушылардың «қайырымдылық», «қамқорлық», «жақсылық» құндылықтары туралы түсініктерін кеңейту
Міндеттері:
- жақсылық жасаудың адами қарым - қатынастағы мәнділігін түсіндіру;
- жақсы істер жасай білу іскерліктерін дамыту;
- қайырымдылыққа, ізгілікке, қамқор болуға тәрбиелеу.
Көрнекі құралдар: оқулық, дәптер, интербелсенді тақта, постер, бейнеролик
1.Шаттық шеңбері
Сәлемдесу
Зеңгір көктен
Нұрын төккен
Ортақ біздің күніміз.
Жайдары өскен,
Жайнап өскен
Біз өмірдің гүліміз.
 Бал достыққа,
Жолдастыққа
Шақырады әніміз,
Тыныштықта,
Нұр құшақта
Бақыттымыз бәріміз!
Топтасу
Қамқорлық, мейірімділік,  ізеттілік, достық
Тілектер бұрқасыны
Әр топ өз атауына байланысты сөздер қосып тілектер жазу.
2. Ойланайық пікірлесейік
Балалардың жауаптары тыңдалады.
- Айтылған тілектер не туралы
- «Жақсылық жасау» дегенді қалай түсінесің?
- Өзің қандай жақсылық жасай аласың?
- Жақсылық жасауды қайдан үйрендің?
- «Жақсы ісің алдыңнан шығады» дегенді қалай түсінесің?
Жақсылық жаса досыңа,
Бірге ойнаған жасыңнан.
Қиналған кезде әрқашан,
Табылсаң болды қасынан.
Болғың келсе жақсы адам,
Жақсылық жаса әрқашан
3. Жаңа ақпарат
- Жақсылық жасау дегеніміз адамдарға, айналаға, табиғатқа қайырымдылық пен қамқорлық жасауды, көмек көрсетуді білдіреді. Адамдардың бір - біріне жиі жақсылық жасауы, оларды жақындастырады, достастырады, сыйластықтары артады. Жақсылық жасау – адам бойындағы асыл қасиеттердің бірі. Жақсы адам қол ұшын беруге, жәрдем етуге, жанашырлық танытуға, көмек көрсетуге, қолдау жасауға әрдайым дайын тұрады. Риясыз жақсылық жасау – биік адамгершіліктің белгісі.
4. Оқып үйренейік
- Оқулықпен жұмыс. Әңгімелеу
«Жақсылық пен Жамандық» мәтінін әңгімелеп беру.
Сұрақ - жауап
- Ауылдағылардың жасаған әрекеттеріне көзқарастарың қандай?
- Осы әңгімеден қандай ой қорытуға болады?
5. Дәйексөз
Бейнеролик көрсету       Дәйексөз        Түсінік беру
«Біреуге жақсылық етсең, ол жақсылығыңды міндет етпе»
- Адамға жақсылық жасағанда риясыз жасау керек. Өйткені ол жанашырлықпен, шын көңілмен, адал ниетпен жасалған іс.
Оған ақы сұраудың, жақсылығымды қайтар деудің қажеті жоқ.. Жасаған жақсылық бәрібір алдыңнан шығады. Сондықтан да Ыбырай Алтынсарин аталарың «Біреуге жақсылық етсең, ол жақсылығыңды міндет етпе» деп айтқан.
6. Топтық жұмыс
1-топ Шығармашылық жұмыс «Жақсылықтың сыры» өлең құрастыру.
2-топ Сахналау «Мен жақсылықты қалай жасаймын?»  (бала, дәрігер, ана, ата, жолаушылар)
3-топ Жағдаяттарды шешу
4-топ Тапсырма «Жақсылық бастауынан» тараған тапсырма Оқушылар «Егер де мен...»  деп басталатын сөйлемді өздері армандап жасағысы келетін жақсылықпен ойды ұштастырып жалғастыру
7. Назар аударыңдар!
Жақсылық жасауда не істеу керек? Не істемеу керек?
«Т» кестесіне сала отырып ой тұжырымдау.
1.Жасаған жақсылықты міндетсінбе!
2.Жасаған жақсылығың түбінде қайтарымы болатынын ойла!
3.Жақсылық өзіңе де өзгеге де қуаныш сыйлайтынын біл!
4. Жақсылық жасау арқылы сен қоғамға қоғам саған бір қадам жылжитынын біл!
5. Жақсылық жасау өзінің және өзгенің оған деген махаббатын сезінеді!
6. Ақшаға сатып ала алмайтын құрмет пен қуанышқа кенеледі!
Ойын
Оқушыларды жақсылық жасауға дағдыландыру мен олардың денесін сергіту мақсатында «Ептілік пен жақсылық» атты ойын ұйымдастыру. Ең алдымен ұзындығы 5 - 6 метрге жететін жіп дайындап, оның екі ұшына да жіңішке, ұзындығы 25 - 30см таяқ байланады.. Жіптің қақ ортасын белгілеп, сол жерге басқа түсті жіп байлап қойылады. Ортаға екі бала шығады да, бір - бірінен алшақтап, жіпті кереді. Ойын бастаушы «бастаңдар» деп белгі бергенде әр ойыншы қолындағы таяқшаға жіпті тез - тез орап, әр адым аттаған сайын досының өзіне жасаған жақсылығы туралы айта отырып, алға жылжи береді. Кім ортадағы белгіге дейін тез орап шықса, сол жеңімпаз деп саналады.
8. Жүректен жүрекке
Барлығымыз ортаға шаттық шеңберіне шығайық. Мына бір шумақ өлеңді қосылып айтайық және өзіміз жақсы көретін жандарға тілектерімізді білдірейік.
Оқушылар барлығы қосылып айтады.
Жақсы сөз, жақсы тілекті
Болайық ізгі ниетті
Жақсылық ойлап кісіге,
Тілейік үлкен - кішіге
- Ата - анасына, туыстарына, достарына, жақындарына, қоршаған ортаға деген сүйіспеншілік сезімдерін жақсы тілектерімен білдіреді.
- Мейірімді анама ұзақ ғұмыр тілеймін.
- Кең пейіл далама тыныштық тілеймін.
- Өнерлі балаларға талмас қанат тілеймін.
- Талапты достарыма табыс тілеймін.
- Сыныптастарыма амандық тілеймін.
- Отбасыма бақыт тілеймін. 
Осы тектес тілектерді жүрекшелерге жаза отырып «Мейірімге толы жүрегім» атты үлкен жүрекше жасайды.
 


Пікірлер (1)

Пікір қалдырыңыз


Қарап көріңіз