Өлең, жыр, ақындар

Энергия. Потенциалдық және кинетикалық энергия

Алматы обылысы, Алакөл ауданы
Байзерек негізгі орта мектебінің
Физика-математика пәні мұғалімі
Сагындыкова Асия Сериковна

ҚЫСҚА МЕРЗІМДІ ЖОСПАР

Сыныбы: 8-сынып

Пәні: физика

Тақырыбы: Энергия. Потенциалдық және кинетикалық энергия.

Мақсаты: Энергия ұғымын, түрлері туралы мағлұмат беру, потенциалдық энергия мен кинетикалық энергияның формуласын меңгерту әне оны есептер шығаруда қолдануға дағдыландыру, сыни тұрғыдан ойлау дағдыларын дамыту, өздерінің білім алуға деген жауапкершілікке тәрбиелеу.

Нәтижесі: Оқушылар өз бетімен жұмыс істеу қабілеті дамиды; Топпен жұмыс жасау қабілеттері артады; Білімге деген ынтасы мен ізденістері артады; жүйелі ойлау дағдысы қалыптасады; алған білімдерін есептер шығаруда қолдана алады.

Әдіс-тәсілдері: АКТ, СТО, «Фишбоун» стратегиясы, «Карусель» стратегиясы, «Түрткі болу» стратегиясы

Көрнекілігі: ноутбуктер, блок-схемалар, суреттер

 

Тапсырмалар

Мұғалім іс-әрекеті

Оқушы іс-әрекеті

Шаттық шеңбері

   «Еңбек» тақпағы

  Кесте тіксең, зерлеп, (ине ұстап, тіккен қимылды көрсетеді)
  Оның аты – Еңбек (екі қолын жаяды)
  Сабағыңды жөндеп (жанындағы көршісіне қарап қолын жаяды)
  Әзірлесең – Еңбек
  Қиындықтың бәрін (құшағын ашады)
  Еңбек қана жеңбек (екі қолын жаяды)

Оқушылар тақпақты айтып тұрып, қимылдарды қайталайды

Топқа бөлу

   «Мозаика» әдісі.

            І топ                 ІІ топ                          ІІІ топ

Оқушылар өздері таңдаған қиық бойынша сурет құрастырып, сол суреттер бойынша топқа бөлінеді

Қызығушылықты ояту

   Тақырыпты ашу.

  І топ  - «Төрт сурет бір сөз» ойыны

  ІІ, ІІІ топ - «Ребус» шешу

   Мақсат қою. «Түрткі болу» стратегиясы

(оқушыларға мұғалім тарапынан сұрақтар қойылып отырып, оқушылар сабақтың мақсатын ватманға жазады)

І  топқа төрт сурет беріледі, сол бойынша олар сөзді табады және ІІ топпен ІІІ топқа ребусты шешу арқылы тақырыпты табады. Тақырыпты тапқан соң оқушылар бүгінгі сабаққа мақсат қояды

Мағынаны тану

   Жаңа материалды меңгеру.

   Бейнебаян

   Фишбоун» стратегиясы

   ЖАУАПТАР

   «Карусель» стратегиясы.
   − Берілгені
   − ХБЖ мен Формула
   − Есептеу
   1-есеп. Массасы 20 кг дененің 9 м биіктікте Жерге қатысты потенциалдық энергиясы қандай болады?

   2-есеп. Массасы 50 т реактивті ұшақ Жерге қатысты 300 м/с жылдамдықпен қозғалады. Оның кинетикалық энергиясын табыңдар.

   3-есеп. Массасы 9 г мылтықтың ұңғысынан 800 м/с жылдамдықпен ұшық шығады. Ол қандай кинетикалық энергияға ие болады?

Әр топ өздеріне берілген бейнебаян негізінде «Фишбоун» стратегиясы бойынша сұрақтарға жауап іздеу арқылы жаңа материалды өз беттерімен меңгереді.

    І топ – энергия
    ІІ топ – потенциалдық энергия
    ІІІ топ – кинетикалық энергия

 

 

Әр топ үш функцияны кезекпен орындайды. Сонымен қатар бір-бірінің қателерін тексеріп отырады.

Ой–толғаныс кезеңі

   «Сиқырлы сандық» әдісі. Тақырып бойынша формалаларды жазып салу

Оқушылар тақырып бойынша формалаларды жазып, оқып, сандықшаға салады

Кері байланыс

Жаңа тақырыпты қаншалықты деңгейде меңгергендерін тексеру үшін берілген бетті толытырту

Оқушылар өздерінің тақырыпты қаншалықты меңгергендерін көрсету үшін, берілген суреттегі өздерінің деңгейлеріне сәйкес суреттерді бояйды

Оқуға арналған тапсырма

Кітапта берілген параграфты оқу, қосымша материалдар іздеу

Оқушылар берілген тапсырманы күнделіктеріне жазады

Келесі тапсырма

Кітапта берілген есепті шығару

Оқушылар берілген тапсырманы күнделіктеріне жазады

 


Пікірлер (2)

Айсулу

Есептердің жауабы жоқ па сонда?

Пікір қалдырыңыз


Қарап көріңіз