Алматы облысы, Талғар ауданы, Талдыбұлақ ауылы
Қ.Әбдіғұлов атындағы №34 жалпы білім беретін орта мектеп-гимназиясы
АӘД және дене шынықтыру пәнінің мұғалімі: Шарипбаев Ержан Ануарбекович
Сынып 10.
Негізгі тараудың аты: 6 тарау. Саптық дайындық.
Сабақтың тақырыбы: бір орында және қозғалыс кезінде сәлемдесу тәсілдерін орындау, сәлемдесуге қозғалыс кезінде жауап беру.
Сабаққа бөлінетін уақыт: 45 мин.
Сабақтың түрі: таныстыру, көрсету.
Сабақтың мақсаттары:
1. Білімділік: Саптық машықтану, сапта ә.үқ. міндеттерінің дұрыс орындалуы. Сап әрекеттері мен орындалу үлгілерін көрсету арқылы талап қою.
2. Дамытушылық: практикалық іс-әрекет машықтандыру, саптық жарғыдағы талаптарды орындау және орындалу реттерін білу.
3. Тәрбиелік: саптық дайындық арқылы ерік-жігерлерін шыңдау, ілтипаттылыққа, ұқыптылыққа, жинақылыққа, байқағыштарын, орындаушылық қабілеттерін дамыту.
Пән аралық байланыс: дене тәрбиесі, құқық.
Көрнекіліктер: оқулық, бейнетаспа.
Сабақтың өтілу барысы:
1. Ұйымдастыру кезеңі: Сабақ алдында взвод бойынша саптануы. Взвод командирлерінің сабаққа қатысушылар мен дайындықтары туралы баяндамасы. Оқушылардың сыртқы бейнесі (әскериленген киіну мен тазалығын, үтіктелуін тексеру, ер балалардың шашы, аяқ киімдерінің тазалығы, жағалықтары мен жеке гигиеналық құралдарының түгелдігін тексеріп, аяқ киімдерінің тазалығына жеке оқушыларға ескертулер жасау) қаралады.
Сабақтың міндеті мен тақырыбы, өтілу орны туралы хабарлау. Сабақ алдында 5-7 минуттық саяси хабарлама, тәуліктік кезекші немесе алдын-ала бөлінген оқушы жасайды.
2. Қайталау сұрақтары: Орнында және қозғалыста бұрылыстар қалай жасалады? Саптық және жорықтық адымдар қай кезде пайдаланылады? Бұрылу кезіндегі әмірлерді ата және түсіндір. Жекеленген сарбаздар үшін әмірлер қалай беріледі? Қозғалыс кезінде берілетін әмірлер мен орындалуын түсіндір.
3. Жаңа материалмен таныстыру:
Әскери сәлемдесу «Сәлеметсіздер-МЕ» немесе «Сәлеметсіздерме ә.қ. мырзалар!» мәзірлері арқылы айтылады, бұл кезде ә.қ. демін ішке тарта отырып біркелкі «Сәлеметсізбе» немесе «Сәлеметсізбе офицер мырза» деп шенімен қоса сәлемдеседі.
Орнында тұрғанда саптық тұрысты қабылдап, оң қолды бас киімге қойып бетті шені үлкенге қарсы бұрады, қозғалып бара жатса сәл ұзағанша мойнын бұра отырып шығарып салады. Бас киімсіз дәл осындай тек қол бас киімге қойылмайды, яғни көтерілмейді. Бастықты (шені үлкенді) басып озғанда әскери сәлемдесу басып озудың бірінші қадамымен бас киімге оң қолды тигізу арқылы орындалады., оң аяқ алға басу арқылы оң қолда түсіріледі. Қарсы қозғалыс кезінде 2-3 адым жақындау кезінде саптық жүріспен, оң қолды бас киімге тигізе отырып, басты бастық жаққа бұрып тұсынан өту керек, өткен соң оң аяқпен бірге қолды түсіріп, қозғалысты жалғастырады. Егер ә.қ. қолы бос емес болса, бастық жаққа басты бұру арқылы, саптық адыммен жоғарыда айтқандай атқарылады.
4. Сабақты қорытындылауға, тақырыпты қамтуға арналған сұрақтар: бөлімше жазылма сабы қандай болу керек? Екі қатарға немесе бір қатарға тұрғызылу қандай әмірлер арқылы жүргізіледі?бастықтармен сәлемдесуді қалай іске асырады?
5. Үйге берілетін тапсырма: 6.3 сұрақтары бойынша даярлану, 276-278 бет.
6. Бағалау.
- Джон Максвелл
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі