Алматы облысы, Талғар ауданы, Талдыбұлақ ауылы
Қ.Әбдіғұлов атындағы №34 жалпы білім беретін орта мектеп-гимназиясының
биология пәнінің мұғалімі: Жұмабекқызы Маржан
Сыныбы: 10 сынып
Пәні: Биология
Сабақтың тақырыбы: Өзгергіштіктің негізгі түрлері
Сабақтың мақсаты: Тұқымқуалаушылық пен өзгергіштік жайлы толық түсіндіру, қосымша мәлімет беру.
1. Білімділігі: Өзгергіштіктің түрлері жайлы алған білімдерін жүйелеу және толықтыру.
2. Дамытушылық: Оқушыларға өзгергіштік пен тұқымқуалаушылықтың ерекшеліктеріне тән сипаттарын толық дамыта оқыту.
3. Тәрбиелілік: Адамгершілікке, имандылыққа, адам ағзасында тұқым қуалайтын және тұқым қуаламайтын аурулапдың алдын алып, гигиеналық талаптарды сақтай білуге үйрету.
Сабақтың әдісі: сұрақ-жауап, интерактивті тақтамен жұмыс
Сабақтың түрі: жаңа сабақ
Сабақтың көрнекілігі: плакаттар, слайд, үлестірмелі карталар, интерактивті тақта
Пән аралық байланыс: тарих, мутагенез, анатомия
Сабақ құрылымы:
I. Ұйымдастыру (2 мин)
II. Үйтапсырмасын сұрау (15 мин)
III. Жаңа сабақты өту жоспары (15 мин)
IV. Жаңа сабақты пысықтау (10 мин)
V. Оқушыларды бағалау (2 мин)
VI. Үйге тапсырма (1 мин)
Сабақ барысы:
I. Ұйымдастыру (2 мин)
1. Сәлемдесу, оқушыларды тексеру
II. Үйтапсырмасын сұрау (15 мин)
Миға шабуыл:
І-топ
1. Белгілердің тұқым қуалау заңдылықтарын зерттейтін ғылым? (генетика)
2. Генетикалық заңдылықтарды тұңғыш қалыптастырған ғалым (Г.И. Мендель)
3. Дәл сол нәруыздар синтезіне жауап беретін, бірақ нуклеотидтік жүйелігі әр түрлі сәйкес хромосомалардың дәл сол үлескілерінде болатын гендер (аллельдер)
4. Асбұршақта генінің түсі бойынша аллельдер (сары, жасыл)
5. Әр түрлі екі аллель алған зигота (гетерозигота)
ІІ-топ
1. Көрінбей қалатын белгі (басылыңқы)
2. Бірдей екі аллель алған зигота (гомозигота)
3. Будандастыру кезінде кіші әріппен белгіленген ген (рецессивті)
4. Моногибритті будандастыру кезінде Мендель тәжірибелерінде бірінші ұрпақ будандарының барлығындағы түстің пайда болуы (сары)
5. Генетика (тұқымқуалаушылық пен өзгергіштікті зерттеді)
Оймақтай ой
Менің ойымша генетика биологияның ең__________________________
бөлімі, себебі__________________________________________________
Генетиканы оқи отырып мен____________________________________
Меніңше, генетикадан алған білімім, маған өмірде аса қажет болады,
өйткені ______________________________________________________
III. Жаңа сабақты өту жоспары:
1. Өзгергіштік пен тұқымқуалаушылық
2. Өзгергіштік түрлері
3. Мутация
Өзгергіштік пен тұқымқуалаушылық.
Өзгергіштік пен тұқымқуалаушылықты зерттейтін ғылым саласы генетика деп аталады. Жалпы тұқымқуалаушылық пен өзгергіштікке жеке-жеке анықтама берсек, олар тұқымқуалаушылық-ататектерге тән белгілерді сақтаудағы тірі ағзалардың ортақ қасиеті. Тіршілік иесінің бұл ерекшелігін көбеюге дейінгі ДНҚ-ның еселенуі кезіндегі генетикалық ақпараттың берілуімен қамтамасыз етіледі.
Өзгергіштік бұл — вирустардан бастап, сүтқоректілер және гүлді өсімдіктермен тәмамдай отырып, бүкіл ағзаларға тән жалпы тірлік қасиеттері. Тұкымқуалаушылық - ағзаның өз ататектеріне ұқсас бола алуы. Өзгергіштік — ағзаның өз ататектерінен айырмашылығының бола алуы.
Осы заманғы биологияда тұқымқуалайтын (айқын емес) және тұқымқуаламайтын (айқын немесе модификациялы) өзгергіштікке бөлінеді.
Ч. Дарвин өзгергіштікті екі типке — айқын және айқын емес өзгергіштік деп бөлді. Оның түсінігі бойынша айқын емес өзгергішшік — бұл жекелеген дарақтарда пайда болып, тұқымқуалайтын өзгеріс. Сондықтан оны дербес өзгергіштік деп те атайды. Мұндай өзгерудің пайдалы, зиянды немесе пайдасыз да болуы мүмкін. Оның пікірі бойынша тап айқын емес өзгергіштік табиғи сұрыпталуға материал береді. Сұрыптау пайдалы өзгерістері бар дарақтарды сақтап қалады, ал олар осы өзгерісті келесі үрім-бұтақтарға береді. Ч. Дарвиннің «айқын емес өзгергіштік» термині қазіргі заман ғылымында «мутациялық өзгергіштік» терминіне теңбе-тең.
Ч. Дарвин айқын өзгергіштікті популяцияның көптеген дарақтарында бірден қоршаған орта әсерінен пайда болатын өзгеріс деп түсінді. Сондықтан оны топтык өзгергіштік деп те атайды. Қуаңшылық кезінде жапырақтардың түсуі немесе жыл маусымдары бойынша жануарлар жабыны түсінің өзгеруі осындай өзгергіштіктерге мысал бола алады. Алайда бүл өзгерістер тұқымқуаламайды. Сондықтан осы заманғы ғылымда «айқын өзгергіштік» термині «тұқымқуаламайтын немесе модификациялық» термині қолданылады.
Ч. Дарвин бұдан басқа тағы өзара байланысты өзгергіштік деп бөлді. Мұндайда бір белгінің өзгеруі міндетті түрде басқа белгінің өзгеруіне душар етеді. Бұл — егер бір ген бірнеше белгілерді бақылағанда болатын құбылыс.
Модификациялық өзгергіштікте келесі үрім-бұтаққа берілмейді, себебі гендері мен хромосомдары өзгермейді. Алайда бұл өзгерістердің маңызы ерекше. Олар шүғыл өзгерген жағдайларда дарақтардың тірі қалуына жәрдемдеседі. Мысалы, құрғақшылық немесе қышқылды жаңбыр нәтижесінде өсімдік жапырақтарын түсірмесе, не боларын елестетудің өзі мүмкін емес. Егер мұндай құбылыс болмаса, онда өсімдіктер тіршілігін жоюы сөзсіз. Тұқымқуалайтын өзгергіштік популяцияның барлық дарақтарында бірдей болады. Оларға тікелей орта әсер етеді. Мысалы, жануарларды тамақтандырмаса, олардың массасы кемиді.
Тұқымқуалау өзгергіштігі — бұл эволюциялық дамудың маңызды себептерінің бірі. Тұқымқуалау өзгергіштігі әр уақытта жекеленіп көрінеді.
Мутациялық өзгергіштік ағзаның мүлде жаңа белгілері мен қасиеттерінің көрінуіне апарады. Қандай болса да белгіге әсер ететін генетикалық материалдың кенеттен секіртпелі өзгеруі мутациялар деп аталады. Мутация барысында дарақ ешқайсыларын бұрын болмаған ататектер сапасына ие болады.
Мутация (лат. мутацио — өзгеру, ауысу) дегеніміз — бұл генетикалық материалдың тұқымқуалау өзгерістері. Олар барлық тірі ағзаларға тән ңасиет. Ең ұсақ мутациялар ДНҚ-дағы нуклеотидтердің жүйелілігін өзгертеді, ал ең ірілері хромосомалар санын өзгертуге апарады. Өзгерген (мутацияланған) үлескінің мөлшері бойынша барлық мутациялар үш топқа белінеді.
Гендік немесе нүктелік мутациялар — бір ген шегінде өзгереді. Мұның бар болғаны бір нуклеотидтің жүйелігін өзгертуі мүмкін, бір нәруыз шегіндегі тек қана бір аминқышқылды өзгертеді. Мүндай өзгерістер байқалмай қалуы мүмкін немесе мәнсіз болып шығады.
Хромосомалық мутациялар (аберрациялар) — хромосомалар құрамындағы бүтін хромосоманың мөлшеріндегі және пішініндегі өзгерістер. 3. Геномдық мутациялар — хромосомалар санының өзгеруі, яғни мөлшерінің (полиплоидия) өзгеруі.
Екінші жөне үшінші жағдайлардағы өзгерулердің мөнділігі соншалық, міндетті түрде сырттай байқалады. Олар көбінесе қатты бүлдіреді.
Егер мутациялаған ген бірнеше белгілерге әсер етсе, онда осы белгілердің барлығы бір мезгілде өзгереді. Мұндай бірнеше белгілердің бірлігін өзара қатысты немесе өзара байланысты (Ч. Дарвинше) белгілер деп атайды.
Мутагендер - физикалық және химиялық факторлар. Олардық әсерінен организмде пайда болатын мутациялар саны табиғи мутациялар санынан көп жоғарылайды. Физикалық мутагендерге иондайтын сэулелердіқ барлық түрлері, УФ-сәулесі, жоғары және төмен температура жатады. Химиялық мутагендерге кептеген алкилдейтін заттар, азот негіздерінін егіздері, кейбір биополпмерлер (нуклеин қышқылдары), алкалоидтар т. б. жатады. Мутациялар санын жүздеген есе үлкейте алатын мутагендерді супермутагендер деп атайды. Көбіне М. концерогенді және тератогенді болады. Көп елдерде жаңадан түзілетін химиялық қосылыстардық мутагендік касиетін тексеретін арнайы орындар құрылған
IV. Жаңа сабақты пысықтау (10мин)
1. Өзгергіштік дегеніміз не?
2. Өзгергіштіктің түрлері?
3. Мутациялық өзгергіштік жіне түрлері?
4. Мутация, мутагендер?
Биологиялық диктант
_________________дегеніміз ағзаларда жаңа белгілердің пайда болуы.
_________________өзгергіштік тұқым қуаламайды, өзгерістер тек фенотипте болады.
_________________өзгергіштік тұқым қуалайды, өзгерістер генотипте болады.
А. Мутагендердің _ _ түрі бар, оларға____мутагендер жатады.
Ә. Хромосомалардын белгілі бір бөлігінің екі еселенуін ____, ал хромосоманың бір бөлігінін үзіліп түсуін____деп атайды.
Б. Хромосомалар санының екі еселенуін__ үш еселенуін___________- ал төрт еселенуін _ ___ деп атайды
V. Оқушыларды бағалау (2 мин)
Оқушыларды біліміне қарай бағалау
VI. Үйге тапсырма (1 мин)
Жеке жеке тапсырмалар беру
Сикр
Жаксы саит екен
_
Өте жақсы жазылған.
Фариза Оразымбетова
Өте жақсы жасалған үлкен рахмеет