ОҚО, Төлеби ауданы, Леңгір қаласы
№7 жалпы орта білім беретін мектебінің
физика пәні мұғалімі: Мадиева Тамара Кахаровна
7 а сынып
І. Сабақтың тақырыбы: Гук заңы. Динамометрлер
ІІ. Сабақтың мақсаты:
1. Серпімділік күшінің модульінің дененің созылу немесе сығылу шамасына тәуелділігін меңгерту;
2. Оқушыларды ұлтжандылыққа, ұқыптылыққа, жауапкершілікке, тиянақтылыққа, өзара көмек беруге, техника қауіпсіздік ережесін мұқият сақтауға тәрбиелеу;
3. Өмірлік маңызы бар есептерді шешуде білімін, біліктілігін қолдану үдерісінде танымдық қызығушылығын арттыру және криативтіойлау, жаңалықты тез қабылдау, шығармашылық қабілеттерін дамыту;
ІІІ. Сабақтың көрнекілігі: зертханалық тұрғылар, қатаңдықтары бірдей серіппелер, жүктер, шарлар, сым, сөз жұмбақ және т.б
ІV. Сабақтың түрі: дәстүрлі сабақ
V. Сабақтың пән аралық байланысы: математика, тарих, сызу.
VІ. Сабақ жоспары:
1. Ұйымдастыру кезеңі (2 минут)
2. Өткен сабақты қайталау (7 минут)
3. Үй тапсырмасын тексеру, қатемен жұмыс жасау (7 минут)
4. Физикалық лабиринт пен сөз жұмбақ шешу (5 минут)
5. Жаңа сабақ (10 минут)
6. Постер қорғау (5 минут)
7. Есептер шығару (7 минут)
8. Сабақты қорытындылау (2 минут)
Сабақтың барысы:
1. Ұйымдастыру кезеңі:
а) Сәлемдесу, оқушыларды түгелдеу
ә) Сынып тазалығына назар аудару
б) Оқушылардың назарын сабаққа аудару және психологиялық ақуал туғызу
в) Бағдаршам түстерін тарату арқылы үш топқа бөліп аламыз.
г) Әр топқа бағалау парақтарын тарату
2. Өткен сабақты қайталау. Деңгейлік тапсырмалар тарату
І деңгей
1. Бір дененің екінші денеге әрекеті қалай байқалатындығы баяндаңыз.
2. Физикада күш деген сөзді қалай түсінесің?
3. Күш немен сипатталатындығын түсіндір.
4. Күш дененің қозғалыс сипатына қалай әрекет етеді?
5. Деформация деп нені айтады?
6. Дененің деформациясы қалай пайда болады?
ІІ деңгей
1. Күштің сызбасын түсіндіріңіз.
2. Күш бірлігі ретінде не қабылданған?
3. Серпімді және пластикалық деформацияларға анықтама беріңіз
4. Серпімділік күші қандай жағдайда пайда болатындығын түсіндіріңіз
5. Серпімділік күші қалай қарай бағытталатындығын баяндаңыз
ІІІ деңгей
1. Пластикалық деформация мен серпімді деформацияға мысалдар келтіре отырып анықтама беріңіз, бір бірінен ажыратып, ерекшелігін баяндаңыз.
2. Қандай жағдайларда серпімді деформация пластикалық деформацияға айналатындығын мысалдар келтіре отырып түсіндіріңіз
3. Қандай күш 1 Н-ға тең болады?
4. 1кН мен 1МН–ды 1Н-ға айналдырыңыз, түсіндіріңіз
Оқушылардың үй тапсырмасына жауап беру барысы
3. Үй тапсырмасын тексеру. 10 - жаттығу есептерін тексеру және оқушылардың үй тапсырмасын орындау барысында жіберген қателерімен жұмыс жасау, талдау
4. Үй тапсырмасы мен өткен сабақты қорытындылау.
Өткен сабақты физикалық лабиринт пен сөз жұмбақ шешу арқылы қорытындылау
Оқушылардың физикалық лабиринт пен сөз жұмбақтарды шешу барысы
5. Жаңа сабақтың мазмұны:
Серпімділік күші мен серпімді деформацияның ( аздаған деформация кезіндегі) арасындағы байланысты 1660 жылы ағылшын физигі Роберт Гук (1635-1703) анықтаған болатын. Кейінірек бұл анықталған байланыс бізге Гук заңыдеген атпен белгілі болды. Бұл заң бойынша: дененің созылуы (немесе сығылуы) кезіндегі серпімділік күшінің модульі дене ұзындығының өзгеруіне тура пропорционал:
Fсерп = k x
мұндағы Fсерп– серпімділік күшінің модульі, x=l – l0– дененің созылу немесе сығылу шамасы (дененің ұзындығының өзгеруі); l0- дененің бастапқы ұзындығы; l– деформацияланған дененің ұзындығы; k– қатаңдық деп аталатын пропорционалдық коэффициент. SI жүйесінде қатаңдық ньютонның метрге қатынасымен (Н/м) өрнектеледі.
Гук заңының дұрыстығына 73–суретте көрсетілген қарапайым тәжірибе жасап, көз жеткізуге болады.
Оқушылардың серіппенің қатаңдығын анықтау барысында
Серіппенің қатаңдығын оқушылар эксперимент жасау арқылы өздері көз жеткізеді.
Қатаңдықтары бірдей үш серіппені тұрғыға іліп бастапқы ұзындығы l0белгілейміз. Массалары 100 г болатын денелерді ілеміз. Яғни, біріншіге 100г, екіншіге 200г ал үшіншісіне 300г ілеміз де, lбелгілеп аламыз.Деформацияланған серіппеде оның деформациялануына қарсы әрекет ететін серпімділік күші пайда болады. Тәжірибеде серіппелердің ұзындығы бірдей мәндерге артып отырғандығын байқаймыз, яғни x2=2x1 және x3=3x1. Осыған сәйкес екінші және үшінші серпімділік күштері де артады.
Сонымен, F1=kx1 ; F2=kx2; F3=kx3екеніне назар аударайық. Онда:
Бұдан k қатаңдық берілген серіппе үшін тұрақты шама болып табылатындығын байқаймыз.
Күшті өлшеу үшін арнайы құралдар – динамометрлер (грекше –динамис-күш және метрео-өлшеймін) қолданылады.
Т. Мадиеваның зертханалық динамометрді демонстрациялау барысы
Динамометрдің бірнеше тірі бар: қолдың бұлшық етінің күшін өлшеу үшін қол динамометрі, үлкен күштерді өлшеу үшін тарту динамометрі пайдаланылады. Соңғы кездері электрондық динамометрлер кеңінен қолданыс тауып отыр.
Оралбек Абай мен Әскербек Дарынның динамометрмен жұмыс істеу барысы
Сергіту сәтін орындау. «Миға шабуыл» тапсырмасын орындау. Әрбір екі оқушыға жылдам жауап беруге арналған сұрақтар қойылады. Қателескен жағдайда келесі оқушыларға ауысады.
7. Жаңа сабақты қорытындылау. Оқушылар жаңа сабақ бойынша 2-3 минуттық постер қорғайды
Оралбек Абай ,Әскербек Дарын мен Халық Әлидің өз тапсырмаларын қорғау барысы
8. Есептер шығару.
Денеде пайда болған серпімділік күшін, қатаңдықты анықтау, деформация шамасын анықтауға арналған деңгейлік есептер шығарту.
9. Сабақты қорытындылау, оқушылардың өздері қойған балдар бойынша бағаларын жариялау, күнделікке қою
10. Үй тапсырмасы: §27 Гук заңы, §28. Динамомертлер (оқу) 10 – жаттығу есептерін шығару
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі