Тақырыбы: Ө. Тұрманжанов «Туған өлкем»
Мақсаты: 1. Отан, туған жер, туған тіл жайлы түсініктерін, оның табиғатының әсемдігі, байлығы жайлы түсініктерін тереңдету. Ө. Тұрманжановтың «Туған өлкем» өлеңін оқу, мағынасын түсіндіру.
2. Өз ойларын айта білу дағдыларын дамыту. Тіл байлықтарын дұрыс сөйлеу, қатесіз, түсініп оқу дағдыларын дамыта түсу.
3. Туған жерді, елді, қастерлеу, тілді бағалай білу, ата - ананы сыйлау, халқыңа пайда келтіру сияқты адамгершілік асыл қасиеттерге баулу.
Сабақтың типі: ашық сабақ
Көрнекіліктер: «Неткен сұлу, неткен көркем» слайд, сабақ барысы бойынша жасалған слайд, тапсырмалар жазылған түсті үлестірме – қима қағаздар.
Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру:
Армысың, асыл күн!
Армысың, көк аспан!
Армысың, жан досым!
Міне, менің қолым,
Жылуыма жылу қос,
Көтерілді көңіл күй!
Оқушылардың назарын сабаққа аудару, бір - біріне сәттілік тілеу.
ІІ. Мақсат қою: Бүгін сабақта «Неткен сұлу, неткен көркем, осы менің туған өлкем» атты тарауды әрі қарай жалғастырамыз. Бүгін осы тараудағы «Туған өлкем» атты өлеңмен танысамыз.
Үй тапсырмасын тексеру:
1. «Туған тілім» өлеңін жатқа сұрау.
2.Оқушылардан туған жер, туған тілге байланысты мақал сұрау.
3. Туған тіл деп отырғанымыз қай тіл?
ІV. Жаңа сабақ
1. Неткен сұлу, неткен көркем – фильм көру.
- Балалар, фильм ұнады ма?
- Біздің жеріміз қандай екен?(сұлу, көркем, әсем, әдемі, көркем, тамаша, көз тоймайтын)
- Олай болса, бүгін біз Өтебай Тұрманжанов атамыздың «Туған өлкем» өлеңімен танысамыз.
Сөздік жұмыс: Жұпар - өте жақсы, хош иіс; шалқып, тасқан - өркендеген; бақыт тапқан - бақытты.
3. Өз беттерімен дауыстап оқу.
Сергіту сәті.
№1 - Өлең не жайында, тақырыбын анықта.
№2 - Ақын сезімін білдіретін сөздердің астын сыз. ( қуаныш, өкініш, мақтаныш, қайғы, шаттық, реніш)
№3: «Алтын дәнді дала» сөз тіркесінің мағынасын ашу.
№4: «Ақ күмістей қала» сөз тіркесінің мағынасын ашу.
Бекіту:
Туған өлкем - сурет салу.
Үйге тапсырма: Барлығы: Өлеңді жаттау
Таңдау бойынша: Сурет салу
Қорыту: Бүгін не істедік? Не білдік? Не ұнады, ұнамады?
Бағалау.
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі