Маңғыстау облысы, Жаңаөзен қаласы
№18 «Мереке» балабақшасының
Әдіскері: Ажибаева Жансұлу Абуовна
Ойынның мақсаты: Тәрбиешілердің дене тәрбиесі оқу іс-әрекеттерінің бала дамуындағы маңызы, жүргізілу әдістері туралы түсініктерін кеңейту арқылы өзара пікір алмасу. Педагогикалық іскерліктің деңгейін жоғарлату, педагогтардың шығармашылық әлеуетін дамыту.
Жүргізуші:
- Қайырлы күн құрметті педагогтар! Бүгінгі сайысымыз сіздердің білімдеріңізді, ұшқыр ойларыңызды өрнектеп ортаға салу. Олай болса, «Көңілді тапқырлар клубы» атты сайысымызға қош келдіңіздер! Сайысқа екі топ қатысады, топтарды ортаға шақырамыз.
1 – топ «Сұңқар»
2 – топ «Денсаулық»
Ал енді сайысымыз әділ де шыншыл өту үшін әділ - қазылар мүшелерін сайлайық.
Халық даналығында «Ойнай білмеген, ойлай да білмейді», «Ойында озған, өмірде де озады» деген аталы сөз бар. Ойын ережесі 4 айналымнан тұрады.
Беташарын сайысымыздың бастайық,
Көрерменді бір серпілтіп тастайық.
Көрсетсін сайыскерлер өздерін,
Өнеріне ду қол соғып,қостайық!
Тәрбиешілер екі топқа бөлініп, 4 кезең бойынша тапсырмалар орындайды.
І кезеңде: «Таныстыру, эмблеманы қорғау, ұраны»
ІІ кезеңде: Миға шабуыл: «Денсаулық сақтау» білім беру саласы бойынша сұрақтар беріліп, жұмбақтар шешеді.
ІІІ кезеңде: Команда капитандары ортаға шығып, бір-біріне сұрақтар қояды.
ІҮ кезеңде: Үйге тапсырма: «Дені саудың - жаны сау»
1-топ. «Сұңқар»
Ұраны: Айбарлы қайратты
Жігерлі жүректі
Сұңқардай қалықтаймыз
Ізденуден жалықпаймыз!
2 – топ. «Денсаулық»
Ұраны: Денсаулық ол күлуің
Көңіл күйсің жадырай
Денсаулық ол жүруің
Ешбір жерің ауырмай
Ойынның екінші кезеңі. Миға шабуыл: «Денсаулық сақтау» білім беру саласы бойынша сұрақтар, жұмбақтар, мақал-мәтелдер.
Мақсаты: Тәрбиешілердің денсаулық саласы бойынша теориялық білімін шындау, қойылған сұрақтарға ойлана отырып, толық жауап беруге дағдыландыру, мазмұнды сұрақтарды ойластырып,мақал- мәтелдер, жұмбақтар арқылы ойлау қабілеттерін дамыту. Шығармашылық шеберліктерін арттыру.
1-топтың ойыншыларына қойылатын сұрақтар
1. Денсаулық туралы мақал-мәтел білесіз бе?
Жауабы: Тазалық – саулық негізі,
Саулық – байлық негізі.
Денсаулық – зор байлық
Дені саудың – жаны сау
2. Ғасыр дерті қалай түсінесің?
Жауабы: Маскүнемдік, нашақорлық тәрізді зиянды әдеттер қазіргі заманда барша қоғамның қайғы-қасіретіне айналып отыр. Бұл тажалдар аз болғандай, СПИД деп аталатын тағы бір індет жер жүзіне жайылып келеді.
3. Денсаулықты сақтаудың жолдары?
Жауабы: Дұрыс тамақтану.
Ағзаны шынықтыру.
Гигиенаны сақтау.
Денсаулыққа зиянды заттар.
2-топтың ойыншыларына қойылатын сұрақтар
1. Денсаулық деген не?
Жауабы: Бұл адамның еңбекке белсенді, болуы, әрі ұзақ өмір сүруі, тәннің саулығын және рухани саулығын сезіну.
2. Адам дене мүшесіне арналады (жұмбақ)
Ары жүгір қаратай
Бері жүгір қаратай
Тал түбіне барғанда
Тайын жығыл қаратай
Жауабы: (көздің қарашығы)
3. Бір таудың 2 күзетшісі 2 тыңшысы 32 бөрісі бар ол не?
Жауабы: (көзі, құлақ, тіс)
Ойынның үшінші кезеңі. «Команда капитандары ортаға шығып, бір-біріне сұрақтар қояды»
«Сұңқар» тобының команда капитанының сұрағы:
1. Гигиена сөзі қалай пайда болды?
Жауабы: Ерте заманда грек елінде Эскулап деген емшілік құдайының Панацея және Гигия деген екі қызы болыпты. Екеуіне де емшілік қасиет дарыған екен. «Тазалық» ғылымы негізінде «Валеология» деген жас ғылым дүниеге келді.
2. Таңғы жаттығудың неше бөлімі бар?
Жауабы: Таңғы жаттығу үш бөлімнен тұрады.
«Денсаулық» тобының команда капитанының сұрағы:
1. Денсаулық күні қай жылыдан, қай күннен бастап атап өтілетін болды?
Жауабы: 1948 жылы 7 сәуір айынан бастап атап өтіліп келуде.
2. Қалай ұйықтаған денсаулыққа пайдалы?
Жауабы: Қазақ медицинасында адамның бір қырымен жатып, ұйықтағанының пайдасы мол екендігі айтамыз. Сол жақ иығынан жату асқорыту үдерісін түссе оң жақ қырымен жату жүйке жүйесін босаңсытса керек.
Ойынның төртінші кезеңі. «Үйге тапсырма: «Дені саудың - жаны сау»
Жүргізуші:
Қазылар орнықтырар әділдікті,
Кімдердің жауаптары кәміл мықты,
Білім мен тапқырлықтың сайысында,
Жеңіске жетер дейміз нағыз мықты-дегендей ойыншыларымызды бағалау үшін әділ қазыларға сөз берейік.
«Көңілді тапқырлар клубы» өз мәресіне жетті. Біздің болашағымыз жас ұрпақтың қолында дей отырып, ертеңімізді ұлтжанды, қазақ намысын қорғайтын азамат пен азаматшаларды тәрбиелеу біздің міндетіміз. Тәрбиешілерге еңбектеріңізге жеміс тілейміз! Көріп тамашалағандарыңызға рахмет! Қош,сау болыңыздар!
- Джон Максвелл
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі