Өлең, жыр, ақындар

Б.Бұлқышев «Ана»

Маңғыстау облысы, Маңғыстау ауданы
Ә.Жангелдин атындағы орта мектептің  
Бастауыш сынып мұғалімі: Унгарбаева Аяужан Косниязовна

Сабақтың тақырыбы: Б.Бұлқышев «Ана»

Сабақтың мақсаты:

Білімділік: Шығарманың тақырыбын ашу, талдау жұмыстарын жүргізу, мазмұнын меңгерту;

Дамытушылық: а) оқушылардың көркем сөзді көркем ойды өз сөздік қорларына қолдана алу, соның нәтижесінде ауызша сөйлеу дағдылары мен жазба тілдерін жетілдіру;

ә) Оқушылардың білім деңгейіне қарай деңгейлік тапсырмалар бере отырып, оларды шығармашылық ізденіске баулу;

Тәрбиелік: Бала бойына ананы сыйлау, құрметтеу өнеге тұту сияқты ізгі қасиеттерді сіңіру.

Сабақтың көрнекілігі: 1) Б Бұлқышев портреті; «Ана кім» тізбегін құру бойынша жасалған сызба; 2) Бейне таспаға түсірілген мәтін мазмұна сай суреттер; 3) Дидактикалық материалдар;

Сабақтың түрі: Шығармашылық ізденіс сабағы.

Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі.

ІІ. Өткен материалдармен жұмыс.

Ө. Бөкей «Апамның астауы»

- Үйге қандай тапсырма берілді?

(Жаттау, портреттік суреттеме мен мінездік сипаттама жазу. Мәтінді түсініп оқу,мазмұндау).

1. Мәтін мазмұны бойынша сұрақтарға жауап алу.

- Әңгіме кімнің атынан баяндалған?
- Жазушының ілтипатпен,ыстық сезіммен еске алып отырғаны кім?
- Шығармада автордың ерекше көңіл күйін білдіріп тұрған қандай сөздер бар?
- Апасына деген сағынышын қалай білдірген?
- Апасын аңсаған сезімі қалай білдірген?

2. Шығармадан ұнатқан үзінділері жатқа сұралады.

3. Оқушылардың өз аналарына жазып әкелген портреттік суреттемелері мен мінездік сипаттаулары оқылады.

4. «Апамның астауы» шығармасының желісіндегідей өз аналары жайында жазып әкелген шығармалары болса оқылады.

ІІІ. Жаңа сабақ

1. Кіріспе әңгіме.

- Үйге берілген тапсырмалар бойынша әрбірің өз аналарың жайлы жылы лебіз, жақсы – жақсы ой толғап келіпсіңдер. Бүгін сабағымызда ана тақырыбын ары қарай жалғастырамыз. Жалпы ана атаулығы тән, бәріміздің анамызға ортақ оның бойындағы ізгі қасиеттері мен ананың құдіретін әсем де әсерлі жолдармен суреттеген оқулығымызда тамаша бір шығарма беріліпті. Ол - Баубек Бұлқышевтің «Ана» деп аталатын шығармасы.

2. Автордың қысқаша өмірбаяны

3. Мәтінді мұғалімнің мәнерлеп жатқа оқуы.

- Ал қазір «Ана» шығармасының мазмұнымен танысалық.

4. Мәтінге сұрақтар қою.

- Мәтіннің негізгі идеясы не?
- Теңізге нені теңейді?
- Адамның есінен не нәрсе ешқашан кетпейді?
- Ананы қай кезден бастап іздейсің?

5. Мәтінді оқушыларға тізбектей оқыту.

6. Мәтінге талдау жұмыстарын жүргізу.

- Мәтін қандай теңеу бар?( Ананың тілі, ананың махаббаты, ананың тілегі тіл жетпес бір жатқан теңіз емес пе?
- Неге теңізге теңейді? (Өйткені теңіз терең, сол сияқты ананың да тілі, тілегі, махаббаты шексіз, терең)
- Осы жолдағы ананың тілі, ананың махаббаты деген тіркестерді қалай түсінеміз?

Бұл тіркестерге қандай сөздер сәйкес келеді? (Сызбасы құрылады).

І. топ:

Жылы сөз еркелете сөйлеуі мейірге толы сөзі

ІІ. топ:

Баласын жақсы көруі ерекше нәзік сезімі балаға жүрек жылуы

ІІІ. топ: Бұл топтың жауаптарынан төмендегідей кесте құрылды

- Жылап уанбай, шырылдағанда кімді іздейсің?
- Уанбай сөзімен мағыналас қандай сөздер бар?
- Дүниеде не қымбат? (Ана)
- Ана неден қымбат? (Бәрінен)
- Бұны қалай түсінеміз? «Бәрі» ұғымына не кіреді? Ананың аялы алақанына, мейіріне тең келер нәрсе жоқ. Ана біз үшін тіпті жалпақ дүниеден де үлкен.
- Анаға деген махаббат қай күннен басталады? (Құндақта жатқан кезден)
- Құндақта сөзін қалай түсінеміз? (Жөргекте жатқанда нәрестелік шақ).
- Мәтінде «Ананың жолы» басқа делінген. Басқаны қалай түсінеміз?
- (Бұл - ананың өмір жолы басқа деген сөз. Яғни, ол бәрінен ерекше, ешкімге ұқсамайды. Ол бізге жарық өмір сыйлайды, сондықтан өмірде анаың орны бөлек .Ананы ешкіммен теңістіре алмаймыз. Ана - құдіретті ұғым).
- Ана деген сөздің өзі ыстық дейді. Себебі ана деген сөз бойға жылу тартады. Сондықтан да ыстық. Сол себепті де «Ана дегенде толқымайтын жүрек, тасымайтын қан, сезбейтін сезім болуға мүмкін емес!» дейді.
- Осы тіркестерді қалай түсінуге болады?

І. Толқымайтын жүрек тіркесіне келейік.

- Адам жүрегі қай кезде толқиды? (Қуанғанда, шаттанғанда, т.с.с)

ІІ. Тасымайтын қан тіркесі:

- Бұл тіркесті тура мағынада алып қарамауымыз керек. Себебі шын мәнісінде қан тасымайды ғой. Не тапсиды? (Су тасиды)

- Ол неге тасиды? (Суы көбейген соң көптігінен тасиды, яғни молшылық күштілікті туғызады да тасытады)

Сол себепті адам бойында анасына деген махаббаттың молшылығынан, күштілігінен «қан тасиды» екен.

ІІІ. Сезбейтін сезім.

- Алдымен сезім дегеніміз не?( Ол сыртқы дүниенің, құбылыстың адамның ішкі жан дүниесінде әсер етуі).

- Ендеше ана деген сөзінің біздің жан дүниемізге әсер етпеуі мүмкін емес. Сонда жүрек толқығанда, қан тасығанда адамның ішкі жан дүниесінде шаттық сезім пайда болды.

- Жалпы осы үш тіркестің де берер мағынасы біреу. Яғни баланың анаға деген шексіз махаббаты.

3) Ал баланың өз баласын шексіз жақсы көруін, махаббатын соңғы абзацтағы жолда беріп тұр. (Оқыту).

Талдау аяқталғаннан кейін оқушының ой -толғанысы ұйымдастырылып, үй тапсырмасы мен жаңа тақырыптың арасындағы ұқсастық Венн диаграммасына түсірілді.

7. Үй тапсырмасын беру.

- Үйге осы мәтінді жаттап келу тапсырылады.

- Бұған қоса ана жайлы материалдар жинақтап жүру.

а) Ананың тілі, ананың махаббаты деген тіркестерге құрылған сызбаны жазып алу;

ә) «Ана кім?» сұрағына құрылған жауаптар тізбегін жазғызу.

Осы тізбекті ары қарай тағы қандай сөздермен толықтыруға болар еді? (Қамқоршыл, ақылшым, пана, мейірімді жан, жарық өмір сыйлаушы, аяулы жан, т.б)

ІV. Дидактикалық материалдармен жұмыс:

Қазақ халқының ағартушысы балалар әдебиетінің атасы - Ыбырай Алтынсаринның

«Ананың сүюі» өлеңіндегі әр шумақ жолдарын 4 оқушы өз сөздерімен әңгімелеп жеткізеді. Әр оқушы шыққанда соған берілген шумақ тақтадан кодоскоппен көрсетіледі. (Әр шумақ перфокартаға жазылған)

V. Қорытынды. Мұғалім сөзі:

Ана – ұлы, ана қымбат, ана - құдіретті жан. Олай болса, Ананың құдіретіне бас иейік!


Пікірлер (1)

Пікір қалдырыңыз


Қарап көріңіз