Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің
«Даму мүмкіндігі шектеулі балаларға арналған № 2 арнайы (түзету) мектеп-интернат» КММ
қазақ тілі муғалімі: Шаймергенова Күнсұлу Сұрағанқызы
Сабақтың тақырыбы: Солтүстік Қазақстан аймағы.
Сабақтың мақсаты:
1. Қазақстанның экономикалық аймақтарына байланысты білімдерін тексеріп, толықтыру.
2. Ауызекі сөйлеу қабілетін арттыру.
3. Отанымызға, туған жерімізге, қаламызға деген сүйіспеншілік сезімін тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: жалпылау сабақ.
Көрнекіліктер: Қазақстан картасы, кластерлер, «Менің қалам» фотосурет көрмесі, «Солтүстік Қазақстан» кітап көрмесі, Венн диаграммасы, мақалдар.
Сабақтың әдіс-тәсілдері: сұрақ жауап, ойландыру, сипаттау, топтық жұмыс, іздендіру, талдау, жұппен жұмыс.
Сабақтың барысы:
I. Ұйымдастыру кезеңі.
- Сәлемдесу.
- Оқушыларды сабаққа бейімдеу.
- Тіл дамыту тапсырмалары.
1. Кезекшінің мәліметі.
2. Сұрақ-жауап.
- Қазақстан неше экономикалық аймаққа бөлінеді?
- Бұл қандай аймақтар?
- Осы аймақтар немен бай? Мысалы, Батыс Қазақстан? (мұнай), Шығыс (түсті металдар), Орталық (көмір).
- Елордамыз Астана қаласы қай аймақта орналасқан?
- Қазақстанның ең ірі қаласы қай қала?
- Алматы қаласы қай аймақта орналасқан?
II.Үй тапсырмасын тексеру.
- Балалар, Қазақстанның Оңтүстік аймағы туралы алған білімдерін қайталау мақсатында,біз кластер бойынша жұмыс істейміз. Біріншіден, кластердің негізгі сөздерін аударайық.
- Кластермен жұмыс.
- Кластер бойынша, картаны қолданып оқушылар Оңтүстік Қазақстан туралы әңгімелейді.
III. Жаңа тақырып: Солтүстік Қазақстан аймағы.
Кіріспе.
Мұғалім:
- Балалар, сендердің туған жерлерің қай қала?
- Петропавл қаласы қай экономикалық аймағында орналасқан?
- Сонымен, бүгінгі сабағымыздың тақырыбы:
Тақтада: Солтүстік Қазақстан аймағы.
- Картадан осы аймақты көрсету.
1. Лингафон.
- Балалар, қазір біз сендермен мәтінді тыңдаймыз.
- Бұл мәтін не туралы?
2. Кластер.
- Ал ендеше, балалар, мына кластерді қолданып, мәтін бойынша Солтүстік Қазақстан туралы әңгімелеп берейік.
3. Көрмелер:
- Ал бұл көрмелерде сендер не көріп тұрсыңдар?
- Қазір бірінші топ оқушылары «Менің қалам» тақырыбына сұхбат құрастырады, ал екінші топ-Солтүстік Қазақстан туралы әңгімелейді.
- Өздік жұмысы.
Лингафон арқылы оқушылар жұппен жұмыс істейді.
- Оқушылардың өздік жұмыстарын тексеру.
1 топ. Өз қаласы туралы әңгімелейді.
2 топ. Солтүстік Қазақстан туралы әңгімелейді.
4. Грамматика.
- Жазылым: төрт оқушы тақтаға шығып, мына тапсырмаларды орындайды.
№1 тапсырма:
- Синтаксистік талдау: Мен өз туған жерімді мақтаныш етемін.
№2 тапсырма:
- Морфологиялық талдау: жерімді
№3 тапсырма:
- Дыбыстық талдау: солтүстік
№4тапсырма:
- Сөз құрамына қарай талдау: туған
IV. Қорытыңды кезең.
1. - Бүгінгі сабақта Қазақстанның қандай екі үлкен аймағы туралы әңгімелестік?
- Балалар, осы екі аймақты салыстырып көрейік.
Венн диаграммасы. Солтүстік Қазақстан-Оңтүстік Қазақстан.
2. - Балалар, Солтүстік Қазақстан – біздің туған өлкеміз. Мына мақалдарды қалай түсінесіңдер?
Тақтада: Отансыз адам – ормансыз бұлбұл.
Туған жердей жер болмас, туған елдей ел болмас.
Отан оттан да ыстық.
- Туған жеріміз айту үшін қандайын таңдайсыңдар?
3. Бағалау.
4. Үй тапсырмасы: Деңгейлік тапсырмалар.
1 топ - Мақалдарды туған жері туралы жаттау.
2 топ - Солтүстік Қазақстан (мазмұнын айту)
3 топ - Туған жері туралы эссе жазу.
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі