Өлең, жыр, ақындар

Жылу берілудің түрлері

   Пәні

Физика      

 Сабақтың тақырыбы

Жылу берілудің түрлері. Жылу өткізгіштік

Виды теплопередачи. Теплопроводность

                   Heat transfer. Heat conductivity

          Жалпы мақсат     

Жылу берілудің түрлері, жылуөткізгіштік құбылысы, конвекция және сәуле шығару бойынша түсінік қалыптастыру, оқушылардың білім дағдыларын жинақтау, тапсырмалар беру арқылы дамыта оқыту, оқушыларды өз алдына қосымша ізденіп жқмыс істеуге тәрбиелеу.

Қарастырылған модуль

Оқыту мен оқудағы жаңа әдіс-тәсілдер, сыни тұрғыдан ойлану, АКТ. Талантты және дарынды балаларды оқыту, бағалау, көшбасшылық

Оқыту нәтижелері

Теорияны тәжірибеде үйлестіре  алады, салыстырады, сараптайды, білімдерін жинақтайды,  жұппен және  жеке жұмыс істеуді біледі,   уақытты тиімді пайдаланады, тапсырма орындауда   шеберлік танытады

Түйінді идеялар

Жұппен және жеке  жұмыс істей алады, өз алдына ізденеді, өзін-өзі реттейді.

 І.Ұйымдастыру кезеңі 

Оқушылар үш топқа бөлінген

Ұй жұмысын тексеру

  1. Денені көтергенде және оның жерге құлауы кезінде энергия қалай түрленеді?

(Какие превращения энергии происходят при подьеме тела и при его падении)

  1. Жүйенің ішкі энергиясы деп қандай энергияны айтады?

(какую энергию называют внутренней энергией системы)

  1. Температурасы 00С дененің ішкі энергиясы бола ма?

(обладает ли внутренный энергией тело, температура которого 00С)

  1. Денені ішкі энергиясын өзгертудің қандай тәсілдері бар?

(какие существуют способы изменения внутреннй энергии тела )

  1. Жылу берілу процесін молекулалы-кинетикалық теория негізінде түсіндіріңдер.

(обьясните причину нагревания обратываемых напильником деталей)

 Мұғалімнің ісәрекеті

 Оқушының іс–әрекеті

Тақырып бойынша оқушының өз алдына жұмыс істеуге бағыт бағдар беру 

Сыни тұрғыдан ойлана отырып, оқушылар жұппен  келісіп, жұмыс барысымен танысып, берілген тапсырманы орындайды

 

 

Жаңа сабақ

 

Жылу берілудің үш түрі бар: жылуөткізгіштік, конвекция және сәуле шығару. Жылу берілудің әр түрінің өзіне тән ерекшеліктері бар, бірақ жылу берілу олардың әрқайсысында әрдайым бір бағытта:көбірек қыздырылған денеден азырақ қыздырылған денеге қарай жүреді. Мұнда көбірек қыздырылған дененің ішкі энергисы кемиді, ал суығырақ дененің ішкі энергиясы артады. 

Ішкі энергияның дененің көбірек қыздырылған бөлігігнен дененің басқа азырақ қыздырылған бөлігіне тікелей байланыс арқылы немесе аралық денелер арқылы көбірек қыздырылған денеден азырақ қыздырылған денеге берілу құбылысы жылуөткізгіштік деп аталады.Түрлі заттардың ішкі құрылысына қарай олардың жылу өткізгіштігі де түрліше болып келеді жылуөткізгіштік заттардағы энергияның түрлену сипатына тәуелді және дене бөлшектерінің орын ауыстыруына тәуелсіз болады.

Сұйыққа немесе газға батырылған денеге жоғары бағытталған кері итеруші күш – Архимед күші әрекет етеді. Біз судың  жылуөткізгіштігі аз екендігін көрдік, сондықтан судың жоғарғы жағын қыздырғанда, төменгі жағы салқын күйінде қалады.

 Конвекция дегеніміз – сұйықтың немесе газдың ағысы арқылы энергияның тасымалдануы барысында жылу алмасу процесі.

Тұрмыста және техникада кеңінен қолданылатын табиғи конвекция жеткіліксіз болғанда, еріксіз конвекцияны пайдаланады. Мысалы, ауаның немесе газдың жылдам және біркелкі жылуы үшін оларды сорғымен немесе араластырғышпен араластырады.

 

Терминологиялық сөздер

ҚАЗАҚША

ОРЫСША

АҒЫЛШЫНША

Энергия

Энергия

Energy

Жылу энергиясы

Тепловая энергия

Thermal energy

Жылу берілу

Теплопередача

Heat transfer

Жылу өткізгіштік

Теплопроводность

Heat conductivity

Конвекция

Конвекция

Convection

Сәулелену

Излучение

 Radiation

Жылу мөлшері

Количество теплоты

Quantity of heat

Меншікті жылу- сыйымдылық

Удельная теплоемкость

Specific heat capacity

 

Тапсырма

 

  1. Әр топқа топ аттары бойынша тапысрмалар беріледі.
  2. Есептер шығару

І топ  1) 250г суды 50С-қа қыздыру үшін қанша жылу мөлшері керек?

( какое количество теплоты требуется для нагревания 250г воды на 50С? )

 

ІІ топ. 1) 0,2кг жезден жасалған бөлшектің температурасы 3650Сс. Ол 150С-қа дейін суытылғанда қоршаған ортаға қанша жылу мөлшерін береді?

(температура латунной детали массой 0,2кг равна 3650Сс. Какое количество теплоты она передаст окружающим телам, охлаждаясь до температуры 150С)

 

ІІІ топ 1) 84кДж жылу мөлшерін бере отырып қанша мөлшердегі суды 100С-қа қыздыруға болады?

(какое количество виоды можно нагреть на 100С, сообщив ей 84кДж теплоты)

 

Физикалық диктант

  1. Конвекция дегеніміз – сұйықтың немесе газдың ағысы арқылы энергияның тасымалдануы барысында жылу алмасу процесі.
  2. Сұйыққа немесе газға батырылған денеге жоғары бағытталған кері итеруші күш – Архимед күші әрекет етеді.
  3. Көбірек қыздырылған денеден азырақ қыздырылған денеге берілу құбылысы жылуөткізгіштік деп атаймыз
  4. Жылуөткізгіштік заттардағы энергияның алмасу сипатына тәуелді.
  5. Денелердің температурасының өзгерісі кезінде болатын құбылыс жылулық деп аталады

Сергіту жаттығуы

  1. Үй асытнда алтын тас

Алайын десем табылмас (жұлдыз)

  1. Аса қажет өмірге халық үшін

Пайдаланам күн сайын жарық үшін (ток)

  1. Жіпке ілдім мен өзім

Кіп-кішкене Күн көзін  (электр шамы)

  1. Шыр-шыр етеді, құлағыңнан өтеді  (телефон)
  2. Ешбір тіреусіз күнбез

Еш бір сүйеусіз күнбез (аспан)

  1. Бар жоғын білмейміз

Онсыз өмір сүрмейміз  (ауа)

Мұғалімнің іс-әрекеті

Оқушылардың іс-әрекеті

Оқушылардың жауап нәтижелерін тексеру  

Тапсырма нәтижесін қорыту  

Қорытындылау 

  1. Жылу берілудің қандай түрлерін білесіңдер?
  2. Жылуөткізгіштік құбылысының мәні неде?
  3. Заттардың әр түрлі жылуөткізгіштігі немен түсіндіріледі?
  4. Жылуөткізгіштігі ең жоғары болатын қандай заттарды білесіңдер?
  5. Жылуөткізгіштігі ең төмен  болатын қандай заттарды білесіңдер?
  6. Қандай жылу берлі конвекция деп аталады?
  7. Не себептен сұйық пен газды төменнен бастап қыздырады?

Бағалау  

  

Үйге тапсырма беру: §7-8 оқып келу                                       


Пікірлер (7)

hurshida_kliass

smiley

hurshida_kliass

smileyмммммм

Диана кадырхан

Оте жаксы маган унады

Диас Тенизбай

оте жаксы унады

IU

Екі дене өзара, суретте көрсетілгендей, жанасып тұр. Жылу берілу бағытын (оңға, солға, астына, үстіне) анықта. Кері бағытта жылу берілуі мүмкін бе? Неліктен?

Дұрыс жауап саны: 2
Жылу берілу оң жақтағы денеге қарай бағытталады, кері бағытта жылу берілмейді.
Жылы дене салқын денеге жылу береді.
Салқын дене жылы денеге жылу береді.
Жылу берілу сол жақтағы денеге қарай бағытталады, кері бағытта жылу берілмейді.

Пікір қалдырыңыз


Қарап көріңіз

Пікірлер