Өлең, жыр, ақындар

Ақылды тыңдай білу де өңеге

Ақтөбе облысы, Шалқар ауданы

Алабас негізгі мектебі

Өзін – өзі тану пән мұғалімі

ЕДІГЕ САЯГҮЛ ЕДІГЕҚЫЗЫ

Мектебі: Алабас негізгі мектебі

Мерзімі:27.01.16     

Тақырыбы: № 19 Ақылды тыңдай білу де өңеге

Құндылық: сыйластық            Қасиеттер: ақыл,өсиет тыңдау,әдепті,сабырлы.

Мұғалімі: Едіге Саягүл Едігеқызы

Сыныбы:4                Оқушылар саны: 6

Ресурстар: Оқулық, дәптер, үнтаспа, слаид.Проектор,ноутбук слайд, «Даналық сөздер» сандығы, үлестірмелі кеспе қағаздар, слайд, плакат.

 

Сабақтың мақсаты:

Оқушылардың «Сыйластық» құндылығы туралы туралы түсініктерін кеңейту.

Міндеттері:

-ақылды тыңдай білудің өмірдегі маңыздылығын түсіндіру;

-ақылды тыңдай білу іскерліктерін дамыту;

-ақыл, өнеге, өсиеттерді тыңдауға, бағалауға тәрбиелеу.

 

Сабақ барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі:  Сәлемдесу,оқушыларды тугелдеу.

Оқу құралдарына назар аудару 5Т бойынша

Топқа бөлу. (топшамаларды таңдайды,сол арқылы топқа бөлініп отырады)
-Балалар, ата-аналарың сендерді қалай еркелетеді?

-Айым, күнім, жұлдызым.

-Ендеше, 3 топқа бөлініп отырыңдар. «Ай» тобы, «Күн» тобы, «Жұлдыз» тобы.

Балалар ендеше шеңбер құрып, қол ұстасып . келген қонақтарымзбен амандасып алайық!
Амансың ба, алтын күн!
Амансың ба,көк аспан!
Амансың ба, достарым!
сәлеметсіздер ме ұстаздар!

Қанеки енді орынымызға отырып сабағымызды бастайық. Балалар біз сабағымызды қалай бастаймыз? Тыныштық сәтімен бастаймыз солайма балалар, жарайсыңдар ендеше бәріміз ынғайланып отырайық.

Тыныштық сәті:

«Күннің нұры» (музыка әуенімен 7мин)

Ыңғайланып отырыңыздар,денелерінізді түзу ұстаңыздар. Аяқ қолдарыңызды айқастырмыңыз. Қолыңызды тізеңізге немесе үстелге қоюға болады. Көздеріңізді жұмуларыңызды өтінемін.

Елестетіп көріңіз: күн нұры сіздің төбеңізден өтіп кеудеңізге қарай бойлап барады. Кеудеңіздің орта тұсында гүл түйнегі орналасқан. Гүлдің түйнегі нұрдан баяу ашылып келеді. Балғын және таза әсем гүл сіздің әр ойыңызды, әр сезіміңізді, эмоцияңыз бен тілек қалауынызды шайып, жүрегіңіздің қауызын ашты.

Нұр сәулесі сіздің бойыңызға ақырын тарай бастағанын елестетіңіз. Ол біртіндеп күшейе  түсуде. Оймен осы нұрды қолдарыңызға түсіріңіз.Сіздің қолдарыңыз нұрға бөленіп, сәуле шашуда. Қолымыз тек жақсы,ізгі істер істейді және баршаға көмектеседі. Нұр аяқтарыңызға тарады. Аяқтарыңыз нұр сәулесін шашуда.олар сізді тек жақсылық жасау үшін жақсы жерлерге апарады. Олар нұр мен махаббат құралына айналды.

Одан әрі нұр сіздің аузыңызға, тіліңізге тарады. Тіліңіз тек шындықты және жақсы, ізгі сөздер ғана айтады.

Осы нұр бүкіл әлемге: барлық адамдарға, жан жануарларға, өсімдіктерге, барлық тірі жанға таралсын... ғаламның барлық түпкір түпкіріне нұр бағыттаңыз. Ойша айтыңыз: «мен нұрлымын... нұр менің ішімде... мен нұрмын»

Осындай Нұр, Махаббат және Тыныштық күйінде отыра тұрыңыз...

Енді осы Нұрды жүрегіңізге орналастырыңыз. Нұрға толы бүкіл әлем сіздің жүрегіңізде. Оны осындай әсем қалыпта сақтаңыз.

Енді жәймен көзіңізді ашуға болады. Рахмет.

Сабақтың тақырыбын ашу мақсатында «Бәйге» ойыны ойналады. Тақтадағы жасырын сөзді табу үшін  сұрақтарға жауап алынады.

 «Ай» тобына:

1-сұрақ. Жалғастыр: Өз білмегеніңді кісіден сұра, Үлкен болмаса , кішіден сұра

2-сұрақ. Өнер алды – қызыл тіл

3-сұрақ. Талаптыға  нұр жауар

 «Күн « тобына:

4-сұрақ. Жақсының жақсылығын айт,  нұры тасысын

5-сұрақ. Жақсы сөз – жарым ырыс

6-сұрақ. Ойлы бала  .озар

 «Жұлдыз» тобына:

7-сұрақ. Адам өміріндегі ең қажетті білім – өзін өзі тану

8-сұрақ. Арман – адамға қанат

9-сұрақ.Айнымас досы бар адам – ең  бақытты адам

Жасырын сөз: «Ақылды тыңдай білу де өнеге»

Үй тапсырмасын тексеру
«Сиқырлы қорапшада» бірнеше сөздер берілген, осы сөздердің ішінен «Талапты балаға» тән қасиеттерді тауып, тақтаға іліңдер.

ІЗДЕНГІШ, ЕНЖЕР, ҰМТЫЛҒЫШ, ТАЛАНТТЫ, ЖАЛҚАУ, ҰҚЫПТЫ, ҚАБІЛЕТТІ, ЕҢБЕКҚОР, ӨНЕРЛІ, ӘДЕПТІ, САБЫРЛЫ, ТАБАНДЫ.

Үй тапсырмасын бекіту.

Талабы бар адам білімді, өнерді үйреніп меңгереді. Ұлы Абай аталарың айтқандай талап – бес асыл істің бірі. Сол асылды бойымызға дарыта білейік.

Талаптанған адам өз арманына жетеді, қандай қиындық болса да жеңбей қоймайды. Ол үшін адам ерінбей, шыдамдылық, тұрақтылық таныта білу керек екен.

Ой қозғау.
Мұғалім: Балалар, үлкенге сый-құрмет, кішіге жол көрсет дегенді қалай  түсінесіңдер?

  1. Оқушы: Ол үлкенді сыйлай білу, кішілерге үлгі-өнеге болу деген ұғымды білдіреді.
  2. Оқушы: Үлкендерге сый-құрмет дегенге кішіпейіл, әдепті, сыпайы болу деген ұғым бар.
  3. Мұғалім: Қандай адамды дана деп айтуға болады?
  4. Оқушы: Өте ақылды,ақылы асқан адамды дана адам дейді.  Яғни менің атам.
  5. Мұғалім: Үлкендердің ақыл кенесін тыңдау кере пе?
  6. Оқушы:    Ия.
  •  Дұрыс айтасындар, балалар! 

Ендеше балалар мына бейнетаспаны көрейік. Назарымызды экранға аударамыз.

  • Балалар, айтындаршы бұл бейнетаспаның тақырыбы қандай?кім айтады?

Ы.Алтынсариннің «Әке мен бала»бейнетаспасы.

«Ай» тобына сұрақ

  • Әңгіменің негізгі түйіні қандай деп ойлайсыңдар?

«Күн» тобына сұрақ

  • Әкесі баласына қандай өсиет айтады?

«Жұлдыз»тобына сұрақ

  • Аз жұмысты қиынсынсаң-көп жұмысқа тап боласың,азға қанағат ете білмесең –көптен құр қаласың- дегенді қалай түсінесіңдер?

Дұрыс айтасындар. Әке өсиетін мүлтіксіз орындаған балалар ештеңеден қиындық көрмейді.Ал өсиет тыңдамайтын адамның ісі алға баспай,сол күйі қалады.Ата сөзін,әке сөзін,ұстаз сөзін,үлкедер сөзін,халық даналығын,өсиетін дұрыс ақылға салып тыңдай білген адамның ақылы толыса түседі,адаспайды.Ақылды тындайтын бала да ақылды атанады.

Сабак барысын талқылау

Дәйек сөз:

Балалардың жауаптары дәйексөздің түсіндірілуімен түйінделеді.

Әңгімеден әке өсиетін мүлтіксіз орындаған балалары өмірде ештеңеден қиындық көрмей, жақсы өмір сүрген екен. Ал, өсиет сөзге құлақ түріп тыңдамайтын адамның ісі алға баспай, сол күйі қалады.Ата сөзін, әке сөзін, ұстаз сөзін, үлкендер сөзін, халық даналығын, өсиетін дұрыс ақылға салып тыңдай білген адамның ақылы толыса түседі, адаспайды. Ақылды тыңдайтын бала да ақылды атанады. Сондықтан да халық:

   «Ата-анаңның ақылы –

   Сайрап жатқан жолмен тең.

 Ақылдының ақылы –

  Сарқылмайтын көлмен тең» - деп айтқан болатын.

Түйіндеме.

-Балалар, ендеше мен сендерді Данышпан атаның ақыл-кеңесін білдіретін түйіндемемен таныстырамын. Ол үшін Данышпан атаның «Даналық сөздер» сандығын ашып, сөздерді оқып, тақтаға ілейік.

1. Адамдарға ізет білдіріңдер!

2. Түсінбегеніңді сұрап алыңдар!

3.Айтылған сөзге мән беріңдер!

4.Әңгімені мұқият тыңдап алыңдар!

5.Сөйлеушінің сөзін бөлмеңдер!

6.Сөйлеп тұрған адамға көңіл бөліңдер!

-Атасынан ақыл алса,тентек ұл да жөнделер

Бала тәрбиесі –бесіктен дейді қазақ. Әрбір ата-ана өз баласына қазақтың ырым-тыйым сөздерін айта отырып тәрбиелейді. Ендеше біздің оқушыларымыздың ата-аналарынан естіген ырым-тыйым сөздеріне құлақ түрсек.

 Оқушылар:

  1. Ата-анаңды ренжітпе
  2. Түнде суға барма
  3. Таңдайыңды қақпа
  4. Кісіге қарап кісінеме
  5. Дастарханға қарап жөтелме
  6. Үлкеннің сөзін бөлме
  7. Нанды баспа
  8. Табаныңды тартпа
  9. Қолыңды төбеңе қойма
  10. Ошаққа су құйма,
  11. Бас киімен ойнама,
  12. Бос бесікті тербетпе
  13. Малды теппе
  14. Бүйіріңді таянба
  15. Кешқұрым ұйықтама
  16. Айға қолыңды шошайтпа
  17. Үйге жүгіріп кірме
  18. Біреудің иығын баспа.

Дәптермен жұмыс.
Дәптерде берілген  бұлбылдың , күйшінің, ұстаздың, баланың, әженің суреттері тұстарына қалдырған бос орынға олардың қандай ақыл сөздерін тыңдағыларың келеді соны жазыңдар.

Сергіту сәті
видео

Жарайсындар балалар ендеше орнымызға отырып сабағымызды әрі қарай жалғастырайық.

 

Шығармашылық жұмыс, топтық жұмыс. Тапсырма.

Үлкендердің ақыл-кеңестерін және тыйым сөздерді қаншалықты білесіздер

( әр жұп өзінің алдарындағы түрлі түсті қағазға  жұп атының  суретін жазу арқылы салады.)

Топпен ән айту «Бала тілегі»
Сөзі:С.Молдасын ұлы
Әні:Ф.Лұқпанова
Бал - балалық,балдырған шақ сан арман,
Барлық бала армандауға жаралған.
Кел,достарым,әндетіңдер,билеңдер,
Гүлдесін деп атамекен қара орман.
Болашақтың иесіміз бәріміз,
Туған жердің түрлендірер нәріміз.
Алтын бесік - ұлан байтақ елімде,
Жарқын болсын шырқап айтар әніміз.
Қалықтаған көгершіні көгінде,
Мұңаймасын ешбір бала елімде,
Ата берген батаменен көркейсін,
Ұлы Отаным,тілегім сол менің де
Үйтапсырмасы.97-99беттегі мәтінді оқу «Қызғаныштың кесірі»

Сабақты қорыту.

 - Бізге үлгі-өнеге болатын үлкендердің, даналардың ақыл-өсиеттерін,даналық сөздерін тыңдап,оларды өмірде қолдана білсек, өмірден өз орнымызды нақты таба аламыз.

Ата-ананыңның ақылы-

Сайрап жатқан жолмен тең.                                           

Ақылдының ақылы-

Сарқырмайтын көлмен тең.

Сондықтан қолдан келгенше үлкендердін кеңесін,ақылын құлақ түріп, тыңдаған жөн.

 

 

Соңғы тыныштық сәті:

Баяу әуен қойылады. Оқушылар денесін, басын тік ұстап, көзін жұмып отырады.
Мұғалім жәй дауыспен:
- Әрқайсымыз оң қолымызбен жүрегімізді ұстап көрейік. Өз жүрегіміздің жылылығын сезініп, жүрек жылуымызды адамдарға, айналамызға жеткізу үшін іштей оларға жақсы тілектер тілейік. Жақсы ой ойлайық, жақсы сөз сөйлейік, жақсы іс жасайық! Бүгінгі сабақтан алған әсерлеріңізді жүректеріңізге түйіп алыңыздар. Рахмет! Көздеріңді ашуға болады.

 

 


Пікірлер (1)

Пікір қалдырыңыз


Қарап көріңіз