Ақтөбе облысы, Шалқар ауданы
Бозой орта мектебі
Тарих пәні мұғалімі: Рскалиева Жадыра Шамгоновна
| Күні: | Пәні: Қазақстан тарихы | Класы: 9 | ||
| Тақырыбы | 1990 жылдардағы Қазақстандағы экономикалық модернизация | |||
| Мақсаты | - Оқушыларға экономикалық реформалар, нарықтық қатынастар, нарықтық экономикаға көшудің қажеттілігі туралы мағлұматтар беру, ұлттық валютаны енгізудің маңыздылығын ашып көрсету; - Оқушыларды өз ойын еркін жеткізуге, бір-бірінің пікірін тыңдап, толықтырып, сұрақтар қоюға үйрету. | |||
| Күтілетін нәтиже | Оқушылар нарықтық экономикаға көшудің қажеттілігін түсінеді, ұлттық валютаны енгізудің маңыздылығын айқындай алады. Өз ойларын еркін жеткізіп, бір-бірінің пікірін тыңдап, толықтырып, кемшілік тұстары мен жақсы ойларын айтады. | |||
| Түйінді идеялар | Тағылымы мол тарихымызбен, ұлы бабалардың ұлағатты өмірінен алар тәлімімізбен біз алдағы асулардан алқынбай асамыз. | |||
| Сабақтың кезеңдері | Сабақтың барысы | Бағалау | Ресурстар | |
| 1. Кіріспе | І. Оқушылар арасында ынтымақтастық орта қалыптастыру «Сиқырлы сандықша» (Оқушылар сандықшадан жасырын теңгелер алады) ІІ. «Теңге» бойынша оқушыларды үш топқа бөлу | 
 
 
 
 | Теңгелер | |
| 2. Тұсаукесер | І. Ой толғаныс: «Ойлан, бірік, бөліс» Тізбектелген сөздердің ортақ мағынасын табу. ЭКОНОМИКА – ҚАРЖЫ – САЯСАТ Нарық Түрткі болу сұрақтары: - Нарық дегенді қалай түсінесіңдер? (Нарық дегеніміз-өнім шығарушылар мен өнімді тұтынушылардың, сұраным мен ұсыныстардың арасындағы қатынас, олардың арасындағы тығыз байланыстығы. ) - Нарық жағдайында экономикада қандай өзгерістер болуы мүмкін? - Нарық жағдайындағы экономикалық құлдыраудың себебі неде? ІІ. Тақырыпты баяндау | 
 Өз-өзін бағалау «Маған әлі де болса іздену керек» | 
 | |
| 3. Негізгі бөлім | І.Әр топқа тиісті тапсырмаларды бөліп беру: 1 топ - «Қазақстан үкіметінің экономикалық стратегиясы» 2 топ - «Экспорттың жайы және төлем дағдарысы» 3 топ - «Ұлттық валютаның айналымға енгізілуі» ІІ. «Автор орындығы» әдісін пайдалану - автор баяндайды - демеушілерді сөзге тартады - тілшілер ұтымды ой мен келіспейтін тұстарына тоқталып, сұрақтар қояды. | 
 
 
 
 
 
 
 
 
 Тілшілердің бағалауы «Мадақтау сэндвичі» | Оқулық 53-54 пар, Интернет материалдары (Googl.kz «Ұлттық валютаның қалыптасуы», «Қазақстан теңгесі») 
 | |
| 4. Қорытынды | - «Ішкі және сыртқы шеңбер» әдісі | «Бармақ көрсету» әдісі | 
 | |
| Рефлексия | Не үйрендім? Не қиын болды? Сұрақ | 
 | 
 | |
-
-
-
-
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі