Корейская косметика премиум класса

Селекцияның ең жаңа әдістері. Қазақстандағы селекция жетістіктері

Қостанай облысы, Жангелдин ауданы
С.Мауленов атындағы орта мектебінің
биология пәні мұғалімі: Абдрахманова Толкын Наурызовна

 

Сабақтың тақырыбы: Селекцияның ең жаңа әдістері. Қазақстандағы селекция жетістіктері.

Сабақтың мақсаты: Селекцияның ең жаңа әдістерімен Қазақстандағы селекция саласында қандай жетістіктерін білу. Сұрыптаудың адам өміріндегі маңызын түсіну. Өмірде қолдана білуді меңгерту.

Күтілетін нәтиже: Селекцияның ең жаңа әдістерімен Қазақстандағы селекция саласында қандай жетістіктері бар екенін біледі. Сұрыптаудың адам өміріндегі маңызын түсінеді. Өмірде қалай жүзеге  асыратынын меңгереді.

Психологиялық ахуал қалыптастыру. Оқушылар болашақтағы өз армандарын бір сөйлеммен айтады. Ол мына сөйлемнен басталады "Мен болашақта ............боламын деп ойлаймын"

"Малды іріктемесең  тұқымы азады, Қонысты жаңартпасаң өрісі азады. "

Миға шабуыл:

"бір минуттағы ой" стратегиясы

Терминдер банкі:

криконсервация– …гендік инженерия– …аутбридинг– …инбридинг– …биотехнология– …гетерозис – …

Сендер қалай ойлайсыңдар биотехнология адам өміріне қажет пе? Саңырауқұлақтар мен ұсақ ағзалардың сұрыптауда жаңа әдістерді іс жүзінде пайдаланудың болашағы қандай? Биотехнология әдістері арқылы қандай экологиялық проблемалар шешіледі?

Сыныпты топқа бөлу: "Алтын асық", "Сыбаға" бағдарламасымен жұмыс жасайтын топтар. Мақалдар арқылы бөліну. Сиыр туралы мақал алғандар бір топ, қой туралы мақал алғандар бір топ.

"Мал өсірсең қой өсір,өнімі оның көл көсір"
"Күндіз қойын күтерсің, кешке жүнін түтерсің"
"Қой семізі қойшыдан"
"Сиырдың сүті тілінде"
"Малды бақсаң сиыр бақ,сүт кетпейді шараңнан."
"Сиыр сауған шөлдемес"

Топтарға тапсырма беру ЖЕСО әдісі (мәтінмен танысу)

Постермен жұмыс "Қазақстандағы сұрыптау табыстары"

"Биязы жүнді қолтұқымдар"

"Етті бағыттағы  қолтұқымдар"

Жұмыстарын қорғайды

Сәйкесін тап кестесін толтыру.

Ғалымдар

Жаңалықтары

И.С.Бутарин, Ә.Есенжолов, А.Жандеркин

Арқар-меринос қойы (1934-1950жж)

В.А.Бальмонт

Қазақтың биязы жүнді қойы1934-1946жж

В.А.Бальмонт, Т.Б.Бокенбаев, М.А.Атлетов, Т.С.Садықұлов, А.Б.Байжұманов.

Дегерес қойы

В.А.Хитенов, А.Моторико

Қостанай жылқысы

Ю.Н.Барминцев, А.И.Беляев, М.В.Борисов,

Көшім жылқысы

Ю.Н.Барминцев, И.Н.Нечаев, С.С.Рзабаев,

Мұғалжар жылқысы

Ә.Е.Еламанов, Қ.Ү.Медеубеков

Биязы жүнді қойы

Б.М.Мусин, Н.З.Ғалиақберов

Қазақтың ақбас сиыры

Д.Н.Пак

Алатау сиыры

 

"Серпілген сауал" Оқушылар доп лақтыру арқылы сұрақтар қояды.

"Малды баға білмеген ,пайданы таба білмейді" деп казіргі заман талабына сай пайданың көзі мал шаруашылығына тоқталайық. Бәсекеге қабілетті ұлт болу үшін біздің шығаратын өніміміз де сапалы болу шарт. Ол үшін мемлекетімізде көптеген бағдарламаларда жүзеге асуда. Соның бірі "Бизнестің жол карташ"сы 2020" бағдарламасы сендерге де берілген болатын. Осы бағдарлама бойынша "Сыбаға", "Алтын асық" жобаларымен бес мил несие рәсімделген. Сендерге берілген тапсырма бизнес жоспар жасау.

Оқушылардың  тапсырмаларын тыңдау.

Түйінді ой айту

Адам меңгермейтін білім бар ма?
Жойқын істі тындырар күшің барда.
Оқы, үйрен, жас ұрпақ, бәрін меңгер
Алға қойган мақсатың, ісің барда!

Оқушы-ның аты, тобы

Бір минуттағы ой

Терминдер банкі

Түйінді сұрақтарға жауап

Постермен жұмыс

Сәйкесін тап

Серпілген сауал

Топтық жұмысқа араласуы

Жобаны құруға қатысуы

Түйін сөз айту

баға

 

3

3

3

3

8

3

3

3

3

32

Бағалау шкаласы: 32-27-"5"; 26-20-"4"; 14-19-"3"

 

Оқушы-ның аты, тобы

Сәйкесін тап

Кластер толтыру

Терминдер банкі

Түйінді сұрақтарға жауап

Постермен жұмыс

Серпілген сауал

Топтық жұмысқа араласуы

Жобаны құруға қатысуы

Түйін сөз айту

баға

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Оқушыларды бағалау. Оқушылардың формативті бағалауы

Рефлексия.


Қарап көріңіз

Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

×