Маңғыстау облысы, Жаңаөзен қаласы
№23 «Айзере» балабақшасының
тәрбиешісі: Рзабаева Айша Куатбаевна
Жаңа жылға арналған сценарий
Тақырыбы: «Қош келдің, Жаңа жыл!»
Жүргізуші: Жаңа жылдың таңы неткен арайлы
Ақ мамыққа бөлеп алды маңайды
Жаңа жылмен құттықтаймын бәріңді
Бақыт, шаттық, молшылық әкелсін
Бәрімізге мына жыл арайлы!
Құтты болсын ағайын!
Жаңа жылың тағы да
Қол соғып қарсы алайық
Шақырайық ортаға
Ертеңгілік басталсын
№14«Өркен» тобында!-деп балаларды қарсы алайық. (балалар келіп шыршаны айналып билейді)
Шыршаның артынан қоян (бала) ceкірin шығады да:
Ау, жарандар, ал қараңдар
Жауып тұр қар себелеп.
Көкке толды, жерге қонды
Сансыз аппақ көбелек.
Тым алыстан, Марстан
Келіп Аяз атамыз
Жылды тойлап,
Билеп-ойнап,
Көп қызыққа батамыз!
Ceкipin билеп жүрген қоянның алдынан аю шығады. Қоян сасқалақтап қалады.
Қоян: Амансыз ба, аю паң!
Аю: Жаңа жылдың алдында
Тойды еске алдым да
Ұйқымды ашып, сергідім
Ұйықтамаймын мен бүгін!
Жылды қарсы алайық
Би билеп, ән салайық.
Жаңа жылдың тойында
«Жан салайық» ойынға!
Eкeyi қол ұстасып, билейді. Сол кезде қуана кутындап түлкі келеді.
Түлкі:
Қоянжанға бір сәлем!
Аю паңға мың сәлем!
Аю, қоян: Аман ба, түлкі, кел мұнда!
Достарым, жыл келеді
Сыйлығын ол береді
Жұмбақ шешкіш тулкінің
Өнерін жұрт көреді
Тауып өз сыңарымды
Тайсалмай, биге түcin,
Тарқатам құмарымды.
Аю, қоян: Рахмет, түлкіжан
Жүрген жерің күлкілі ән!
Аю, қоян, түлкі 6ipre билей, жөнеледі. Осы кезде орталарына қасқыр келеді.
Қасқыр: Армысыңдар! Бармысыңдар, ағайын! Кәне құшақ ашайық, достық тойын жасайық
Бәpi: Жаңа жыл қүтты болсын ! Достығымыз мықты болсын! Жаңа жылдарыңызбен!
Жүргізуші: Міне, керемет, қол ұстасып әнімізді шырқайық.
Ән:«Ақшақар» (Ән аяқтала бере сырттан әндетіп, көтеріңкі көңілмен, жан-жағына алаңдай қарап, бір қолына түрлі-түсті шар, бір қолына хат ұстаған Күлдірген кіреді).
Күлдірген:
Мен Күлдірген, Күлдірген,
Көрерменді күлдіген.
Жиналған қауым алдында,
Өнерімді білдірем.
Ой, ой Жаңа жыл мерекесі басталып кеткен бе? Мен кешігіп қалдым ба?
Жүргізуші: Иә, кешігіп қалдың, сен қайда жүрсің. Мерекеміз басталып кетті.Барлық бала күтіп қалды. Аяз ата мен Ақшақар көрінбей ме? Олардан хабар жоқ па?
Күлдірген: Қымбатты балалар, мен Аяз атаның жедел хатын алып келдім. Бірақ, ол хатты ашу үшін сендер менімен ойын ойнайсыңдар.
Ойынның шарты: Екі баланы шығарып, күлдіреді. Кім қатты күлсе, сол бала хатты ашады. Жүргізуші хатты оқиды.
Жүргізуші: «Балалар мен сендердің бақшаларыңды таба алмай басқа бақшаға кіріп кетіппін. Көп кешікпей сендерге де жетемін. Сендер мен келгенше, тақпақ айтыңдар, ән салыңдар, билеріңді дайындай беріңдер» -деген.
Жүргізуші: Ендеше, шыршамызға тақпақтарымызды айтайық.
1-бала:
Келіңдер, келіңдер,
Тақпақ айтып беріңдер.
Жомарт Аяз атадан,
Сыйлық алып көріңдер.
2-бала:
Далада қар борайды,
Ақ мамыққа орайды.
Мұз болады, қатады,
Жып-жылтыр боп жатады.
3-бала:
Әдемілеп біз ілген,
Ойыншықтар тізілген,
Қандай әсем шыршамыз,
Ән салайық баршамыз.
4-бала:
Көптен күтіп сені біз,
Сағындық қой, Жаңа жыл.
Саған әзір, төріміз,
Күй де әзір, ән де әзір.
5-бала:
Үйренеміз өнер біз,
Шетімізден шеберміз.
Аяз ата өзіңізге,
Ән де салып береміз.
Жүргізуші: Жарайсындар, балалар! Балалар мен сендерге жұмбақ жасырайын.
Соны шешесіңдер ме?
Балалар: Иә.
Жұмбақ:
Ақсақалды шал жылына
Бір-ақ рет келіп кетеді
Қызы мен ұлына
Сыйлық алып келеді. (Аяз Ата)
Жүргізуші: Кәнекей, ендеше бәріміз бірге шақырайық.
Бәрі: Аяз ата, Аяз ата, Аяз ата, Ақшақар Ау - у - у - у! 3 – рет
Аяз Атаның орнына мыстан кемпір ұшып кіреді де шыршаны бір айналып барып, қонақтардың алдына келіп тұра қалады.
Мыстан: Пай-пай! Мен қайда келдім өзі. Мына шыршаның кереметін-ай! Үйге алып кетпесем бе екен? (Осы кезде мыстан төменге еңкейіп, шыршаның түбімен жұлып алғысы келеді.)
Жүргізуші: Мыстан кемпір! Мыстан оған мән бермейді де шыршаны жұлуын тоқтатпайды
Біз «Жаңа жыл» мейрамын тойлап жатырмыз, тимеңіз біздін шыршамызға! (Мыстан сөзге мән бермей, былай дейді: «Ту-у-у!» ). Маңдайдағы терін сүртіп, тұрып. Мына шыршаның тамырының терең отырғызылғанын-ай, жұлынбайды ғой. Сол кезде шыршадағы жылтыраған кілтті көріп қаладыда: Мынау қандай қызық кілт өзі, осы кілт бағанағы менің ұшып келе жатып көрген, сандықтың кілті болар. Сол сандықтан бір керемет дәмнің иісі шығып еді мүмкін ақша да бар шығар. Мен шыршаға тимей-ак,осы кілтті алып барып сандықты ашайын, мүмкін тамағына тойып, ақшасына бір байып қалармын!
Мыстан Кемпір кетіп қалады. Сол кезде қалтасынан бір таяқ түседі.
Тәрбиеші: Балалар, Кәне тойды жалғастырайық, Аяз Ата кешікті ғой. Мүмкін адасып кеткен болар. Әнімізде шыркап, атамызды шақырайық!
Есіктің сыртынан дауыстар естіліп, іле-шала залға Аяз-ата мен ақшақар кіреді. Аяз-ата Ақшақарды қолынан тартып, жетелейді, ол кіргісі келмейді.
Ақшақар: Ата жіберіңізші мені! Кірмеймін мында, үйге кетемін.
Аяз-ата: Айналайыным-ау, не болып қалған саған, ауырып қалған жоқсың ба?
Ақшақар: Жоқ, жоқ. Ауырып тұрған жоқпын. Ешқайда барғым келмейді, үйге қайтамын.
Аяз-ата: Қызым-ау, не айтып тұрсың!
Қарашы біз тойға келдік!
Қане балалармен амандасайық.
Аяулы аналарға, ардақты ұл-қыздарға
Бүлдіршін балаларға бір сәлем!
Қандай жарқын жүздерің
Қандай әсем жырларың
Асаулармен алысқан,
Асау желмен жарысқан
Аталарың сендерге
Шаршап келді алыстан
(Балалар амандасады.)
Аяз-ата: Рахмет, балаларым! Қанекей қызым! Қонақтардан ұят болады, басыңды көтер. (Ақшақар басын көтермейді)
Аяз-ата: Қарашы балалардың киімі қандай әдемі. Шыршада әсем безендірілген екен. Бәрі де тым сұлуланып кетіпті.
Шырша шамын жағайық,
Жаңа жыл тойын ашайық!
Сол кезде Ақшақар жылап тұрып: Мен шырша шамын жағатын сиқырлы таяғымды жоғалтып алдым. Осы кезде Аяз – ата оны жұбатып тұрып: қазір мен-ақ өзімнің таяғыммен жағамын – дейді.
Ақшақар: Қойыңыз Аяз-ата! Сіз бұл таяғыңызбен бүкіл шыршаны қатырып тастайсыз.
Жүргізуші: Ақшақар, сиқырлы таяғың қандай еді?
Ақшақар: Менің таяғым жылтырауық, пішіні жүрекке ұқсайды. Сіздер оны көрмедіңіздер ме?
Жүргізуші: Жаңа мында мыстан болған, ол ұшып бара жатып, қалтасынан жылтыраған бір затын түсіріп алды, сол емес пе екен?
Қане, барлығымыз іздеп көрейікші?
(Сөйтіп жатқанда балалар сиқырлы таяқты тауып алады)
Аяз-ата: Жарайсың, балапаным!
Жүргізуші: Қане, шырша жағуға көмектесейік, балалар! Үшке дейін санайық: 1-2-3
Жүргізуші: «Сәлематсызба Аяз-ата» әні.
Ескі жыл: Мешін
Бір жыл бойы сендермен
Бірге жүрдім ойнадым
Енді міне балалар
Кезек келді қоштасар.
Жүргізуші: - Шыныменен, балалар, біз бір жасқа үлкейдік. Ескі жыл Жаңа жылға орнын сыйлағысы келіп тұр, олай болса, сау болыңыз, біз сізге ризамыз!
Бәрі. Қош, қош, Ескі жыл!
Жүргізуші: «Ақшақар» әні
Жүргізуші: келесі кезекті балалардың жаттаған тақпақтарына берейік.
1-бала:
Келді бізге Жаңа жыл
Қуантумен біздерді.
Құтты болсын Жаңа жыл,
Құттықтаймыз сіздерді.
2-бала:
Бізге Жаңа жыл келді,
Жаңа бақыт, нұр берді.
«Жаңа жыл» деп қуандық,
Көңіл шалқып гүлденді.
3-бала:
Жүзімізде күлкі ойнап,
Қанаттанды жанымыз.
Жаңа жылды біз тойлап,
Шаттанамыз бәріміз.
4-бала:
Тауда туып, тауды өскен
Шырша келді ортаға.
Қандай жақсы шыршамыз,
Ән шырқайық баршамыз.
5-бала:
Шығамыз топ бала,
Соғамыз аққала.
Шамамен зырлаймыз,
Шаңғымен зырлаймыз.
6-бала:
Оралды өлкеме,
Жаңа жыл, армысың!
Оранды ақ көрпе
Асқар тау,қарлы шың.
Жүргізуші: «Ертегілер» әні.
Жүргізуші: Қош келдіңіздер, баршаңызда, алыс жолдан келдіңіздер.
Әсемәні де, биі де бар
Отырата, сәлдем ал.
Ән: «В лесу родилась елочка»
Жүргізуші:
Әуеледі әніміз
Жаңа кірді сәніміз
Ақшақарды ортаға алып
Би билейік бәріміз.
Би: « Ақшақарлар» биі (орындайты:Ағынай, Ақылай, Жасмин, Инабат, Кәусар, Б.Кәусар, Жібек, Амина)
Аяз ата: Жарайсыңдар, өнерлі екенсіңдер!
Жүргізуші: Иә, ата, балаларымыз шеттерінен өнерлі, тақпақты да жақсы айтады.
1-бала:
Аппақ қар жауа бер,
Риза ғой саған ел.
Боратты-ау боранның
Қайратын қарай гөр.
2-бала:
Жаңа жылды қарсы алып,
Жасаймыз жылды бір.
Жарқын-жарқын ән салып,
Жалғасады жырға жыр.
3-бала:
Барлық жандар бір тілекке қосқан үн,
Бақыт болып бастады жыл дастанын.
Қуаныш пен келді той боп Жаңа жыл,
Құтты болсын жаңа бақыт достарым.
4-бала:
Аппақ қарға малынып,
Аппақ тонын жамылып,
Сақалы мен мұртына
Күміс моншақ тағынып
Аяз ата келеді,
Балаларды сығынып.
5-бала:
Көңілде көп қуаныш,
Әр көңілде жақсы үміт.
Кетер жылға мың алғыс
Әкелген көп жақсылық.
Жаңа жылға алдағы
Көңіл өсіп кеңейсін.
6-бала:
Достарым бар қуанып
Тамашалап кештерде.
Тал шыбықтай бұралып,
Биші болам өскенде.
7-бала:
Жауып тұр қар себелеп,
Көкке толды, жерге қонды
Сансыз аппақ көбелек.
Тым алыстан, Марстан.
Келіп Аяз атамыз.
Жылды тойлап,
Билеп-ойнап,
Көп қызыққа батамыз!
8-бала:
Тамаша, тамаша,
Шыршамыз тұр жараса.
Басында әсем жұлдызы,
Көз тоймайды қараса.
Жүргізуші: «Жаңа жыл жарылқасын, ескі жыл есіркесін» деп жаңа жылымызды қарсы алайық. (тауық кіріп келеді)
Жүргізуші:
Айта берсек таусылмас
Жаңа жылда жаңа жыр
Кел оданда, халайық
Ойын ойнайық жаңа бір.
Жүргізуші: «Гномдар» биі
Ойын: «Байпақ»
Шарты: 2 ойыншы екі сыңарды бөліп алады. Біреуі оң, біреуі сол аяғынікін киеді де, әуенмен билеп, шыршаны айналып, ортаға бірінші жету қажет. (алдымен ата-аналар, содан соң балалар)
Аяз ата: Мына ата-аналар да мықты екен. Енді мен демалсам деймін.
Жүргізуші: Иә, ата, демалыңыз.
Жүргізуші: Аяз-ата біздің балалар орыс тілінде де тақпақтар біледі, келесі кезекте балалардың жаттаған тақпақтарына берейік.
Мұхамедали:
Скоро, скоро Новый год!
Скоро Дед Мороз придет.
Он подарки нам разносит
И стихи читать нас просит.
1-бала:
Засверкай огнями елка,
Нас на праздник позови!
Все желания исполни,
Все мечты осуществи!
2-бала:
На елочке нашей смешные игрушки:
Смешные ежи и смешные лягушки,
Смешные медведи, смешные олени,
Смешные моржи и смешные тюлени.
Мы тоже немножко в масках смешны,
Смешными мы Деду Морозу нужны,
Чтоб радостно было, чтоб слышалсы смех,
Вед праздник сегодня веселый у всех!
3-бала:
Наша елка высака,
Наша елка велика,
Выше мамы, выше папы,
Достает до потолка.
4-бала:
Выбрал папа елочку,
Самую пушистую.
Елочка так пахнет-
Мама сразу ахнет!
Жүргізуші: «Топ-топ сапожок» әні.
Жүргізуші: «Шырша» биі.
Жүргізуші: Аяз ата, Ақшақар сіздер біздердің балаларымыздың сыйлықтарын қашан бересіздер?
Аяз ата: Әрине, барлық сыйлық мына сандықтың ішінде! Ақшақар мына сандықтың кілті қайда? (Ақшақар иығымен білмеймін дегендей шара жасайды.)
АязАта: Иә, сол кілт шығар.
Жүргізуші: АязАта, ол кілтті мыстан алып кетті. Ол тіпті шыршамызды алып кеткісі келген.
АязАта: Қап, әттеген-ай! Қане біз Ақшақар екеуміз оны іздеп келейік. (Осы кезде залға мыстан кіріп келеді.)
Мыстан: А-а бәлем! Таптым, сандақмындатұрекенғой!
АязАта: Мына ұрлықшы мында жүр ғой! Қане кілтті маған бер, балалар сыйлықтарын күтіп қалды.
Мыстан: Ойбай-тағы, не дейді? Сыйлық өзіме де керек.
АязАта: Аһ, бәлем! Олай болса өзіңнен көр. Мен сені қатырып тастайын.
Аязата: «Кәне таяғым мына Мыстанды қатырып таста» (Мыстан кемпір тұрған бойында қатып қалады.)
Мыстан: Әй, Аязшал! Керегіжоқ, қалпыма келтір! Ой, не істесем екен?
АязАта: Бересің ба сандықтың кілттін?
Мыстан: Жоқ, бермеймін!
АязАта: А-а, онда осылай тұра бер! Мен кеттім!
Мыстан: Жоқ, Аяз-ата! Кетпеші, беремін кілтіңді, тек балалар менің қояр тілегімді орындасын, жұмбақтартарымды шешсін!
(осы кезде мыстан кемпір қалпына келеді, балаларға жұмбақ жасырады.)
Жұмбақтар:
1. Қолы менен қаламы жоқ
Бірақ сурет салады көп. (Аяз)
2. Суда қалқиды
Жылыда балқиды. (Мұз)
3. Қыста шыны болып қатады
Жылыда су болып жатады. (Мұз айдыны)
4. Аспаннан ақ ұлпа борады
Қырқаны сейсепке орды. (Қар)
5. Табаныма байладым
Қос аяқпен айдадым. (Конки)
6. Қанаты жоқ ұшады
Аяғы жоқ желеді
Аузы жоқ ұлиды. (Боран)
7. Зулап түсті төменге
Менсіз шықпас төбеге. (Шана)
Мыстан: Жарайсындар, балалар, жұмбақты жақсы шешеді екенсіңдер. Мен енді кілті беремін. (Аяз ата Мыстаннан кілті алып балаларға таратып береді)
АязАта: Жарайсындар балаларым! Мені бүгін бір қуантып, алыс жерден шаршап келгенде көңілімді көтердіңдер. Барлықтардың да ақылды, білімде де өнірлі екенсіндер.
Киген киімдерін қандай әдемі! Солай емес пе қызым? Біздің сыйлымызға риза болыңдар. Ал енді біз жолға шығайық. Басқа да балалардың өнерін тамашалайық. Ал, балаларым, сендер өсе беріңдер,. Аспандарын ашық болсын! Қош болыңдар! (қолдарынбұлғапшығыпкетеді..........)
Балалар: Сау болыңыздар! Рақмет сіздерге!
Балалар:
Біз тілейміз жаңа жылдық шаттықты
Біз тілейміз жаңа жылдық бақытты.
Жүргізуші: Құрметті қонақтар, балалар! «Қош келдің, Жаңажыл!» жылға арналған мерекеміз аяқталып қалды. Осындай керемет өтуге ат салысып жүрген ата-аналар, әріптестерімсіздерге де мың алғыс! Көріп тамашалағандарыңа рахмет. Жаңа жыл құтты болсын, отбастарыңызға тек бақыт пен қуаныш әкелсін!!
- Джон Максвелл
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі