Маңғыстау обылысы, Маңғыстау ауданы
Шайыр ауылы, Қызғалдақ балабақшасы
Тәрбиеші: Дуйсалиева Маржан
Тақырыбы: «Тәуелсіз елдің ұланымыз»
Мақсаты: Балаларды Отанымызды сүюге, еліміздің рәміздерін қастерлеуге баулу, туған жеріне деген сүйіспеншілігін ояту, елін, жерін, тілін, тарихын құрметтейтін жаны таза, адамгершілігі мол азаматты қалыптастыру, патриоттық тәрбие беру.
Қажетті құрал–жабдықтар мен көрнекіліктер: Қазақстан Республикасыныңсының Президентінің суреті, рәміздері, Желтоқсан оқиғасы құрбандарының суреттері, тақырып жазылған плакат, слайд.
Сөздік жұмыс: Тәуелсіздік, Егемендік,
Блингвалдық компонент: Ту-Флаг, Елтаңба-Герб, Әнұран-Гимн.
Тәрбиеші:
- Құрметті педагогтар, кішкентай бүлдіршіндер, Тәуелсіздік күні мерекесімен құттықтаймын.
Өз жеріме, ие болған күн,
Тілім таза бостандығын алған күн.
Елтаңбаммен көк байрағым желбіреп,
Тарихыма өшпес белгі салған күн – деп ертеңгілігімізді Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Әнұранымен бастаймыз.
Әнұран: «Менің Қазақстаным»
Ұйымдастыру кезеңі: Слайдпен жұмыс.
Тәрбиеші: - Балалар, біз аспаны ашық, сәулелі, кең, байтақ елде тұрамыз? Ол ел – Қазақстан Республикасы.
- Қазақстан Республикасы өзінің тәуелсіздігін алғанына биыл 25 жыл болды. Өз бетімен ешкімге бағынбай өмір сүрген елді Тәуелсіз елдеп атайды. Біздің Отанымыз – тәуелсіз, егеменді мемлекет.
- Біз қай тілде сөйлейміз Қазақ тілінде.
- Біздің еліміздің Туы, Елтаңбасы, Әнұранымыз бар.
- Біздің Елбасымыз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев.
- Біздің Тәуелсіздік алған күніміз – 16 желтоқсан.
- Қазақ халқын дүниежүзіне танытқан бұл оқиғаның алғашқы құрбандары – Қайрат Рысқұлбеков, Ләззат Асанова, Сәбира Мұхамеджанқызы, Ербол Сыпатаевтарды еске алып, олардың рухына тағызым ету – парызымыз.
Айдана:
Тәуелсіздік жолында,
Талай-талай тер тамған.
Билігім өз қолымда,
Еркіндігім – Елтаңбам.
Зинагүл:
Атамекен – тұрағым,
Сөнбейтұғын шырағым.
Көк байрағағым айбыным,
Қасиетті тұмарым.
Назым:
Көк аспандай көкпеңбек,
Қазақстан жалауы.
Көк емес ол тектен–тек,
Елдің ашық қабағы.
Ақберен:
Батырлар бар тегімде,
Көк байрағым көгімде.
Әнұранды жатқа айтам,
Елтаңбам тұр төрімде.
Мерейлім:
Елтаңбасы елімнің,
Неткен әйбат, әдемі.
Тұнығындай көңілдің,
Ортада – аспан әлемі.
Сергіту сәті:
Армысың, қайырымды Аспан ата!
Армысың, мейірімді Жер – ана!
Армысың, шұғылалы Алтын күнім!
Армысың, Тәуелсіз елім менің!
Тәрбиеші: - Еліміздің еркіндігі жолында жанын қиып тәуелсіздігімізді көре алмай кеткен боздақтарды 1 минут үнсіздікпен еске алайық. (1 минут үнсіздік)
Балалар тақпақтар:
Ақторғын:
Атыңнан айналайын егемен ел,
Тәуелсіз күнің туды кенеле бер.
Мерейің құтты болсын, Тәуелсіздік,
Ғасырдың тойы болшы,келе берер.
Аягөз:
Қазақстан тәуелсіз ел,
Қанатын жайған әлемге.
Ақбоз аты оза шауып,
Жаңғырған аты әлемге.
Ұлмекен:
Ел ордасы – Астанам,
Саған айтсам асқақ ән.
Әрқашанда қазақ боп,
Туғаныма мақтанам.
Жігер:
Көгінде күн нұрын төккен,
Жерінде гүл нұрын төккен.
Неткен сұлу, неткен көркем,
Осы менің туған өлкем.
Дидактикалық ойын: «Сиқырлы суреттер»
Ойын шарты Балалар Ту, Елтаңба, Астана, Бәйтеректің суреттерін құрастырады.
Қорытынды: Сұрақ – жауап:
- Сонымен, балалар біз қандай елде өмір сүреміз? (Тәуелсіз, Егеменді елде)
- Тәуелсіздікті біздерге кімдер алып берді? Аға – апаларымыз, ата – әжелеріміз.
Тәрбиеші: Үлгі бізге аталардың ерлігі,
Ұлағаты, өнегесі, ерлігі.
Тәуелсіздік туын ұстап жоғары,
Бүгінгі ұрпақ болар елдің ертеңі – дей келе бүгінгі оқу іс – әрекетіміз осымен аяқталды.
Бүгін бәрің жақсы қатыстыңдар, рахмет сендерге.
Ал енді біз қонақтарымызды шығарып салайық.
Күтілетін нәтиже:
Нені білуі керек: Біздің Отанымыз – Қазақстан екеніноның тәуелсіз мемлекет және оның жеке туы, әнұраны, елтаңбасы, елбасы болатынын.
Нені игереді: Қазақстан туралы мағлұматтар игеріп, тақпақтар айтады.
Нені білді: Егеменді ел – Қазақстанның азат және бейбіт ел екенін.
- Джон Максвелл
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі