Маңғыстау облысы
Ақтау қаласы
№35 «Балдырған» бөбекжайының тәрбиешісі
Кощанова Алия Ундашбаевна
Мақсаты: Ата - аналарға салауатты өмір салтын қалыптастыруға, күнделікті денсаулығын шынықтыра білуге, тамақтану тәртібін дұрыс ұйымдастыра білуге, балаларының денсаулықтарын сақтай білуге жағдай жасау.
Балалардың денсаулығы – ата-аналар үшін ең үлкен құндылық. Сол себепті ата-ана баласының денсаулығына дүниеге келгеннен бастап қамқор болады. Бұл тұста бала денсаулығын бақылайтын мамандары бар емхананың деңгейі үлкен маңызға ие. Балаңызды алдын алу емшараларынан өткізіп, оны қарату үшін сіз біздің мамандарымыздың көмегіне жүгіне аласыз. Бұл бүлдіршініңіздің хал-ахуалы туралы толықтай мәлімет алып, ықтималды аурулардың алдын алуға мүмкіндік береді. Кеңес берулерде ата-аналар өздерін мазалаған барлық сұрақтарға тұшымды жауап ала алады.
Қазақ халқымыздың «Ауырып ем іздегенше, ауырмайтын жол ізде» деген қағидасын бала санасына енгізе алсақ, болашақта дені сау ұрпақ тәрбиелеп шығамыз.
Балалармен жұмысты тікелей тәрбиеші жүргізеді және олардың өміріне, денсаулығына, дамуына дербес жауап береді. Меңгеруші мен тәрбиеші балалармен жұмысты медбикемен тығыз бірлікте жүргізеді. Тәрбиеші үнемі балалар арасында болып, оларды бақылайды, іс-әрекет барысында басшылық жасайды, байқағандары жайында дәрігермен кеңесе отырып, сауықтыру шараларын жасайды. Олар келісе отырып күн тәртібін түзеді. Күн тәртібі дегеніміз - баланың күнделікті қайталанып отыратын іс-әрекетінің, тынығатын кезеңдерінің нақты, белгілі бір жүйемен ауысып келуін көздейтін, тиімділігі ғылыми негізделген, үйреншікті өмір тәртібі. Бұл баланың дұрыс өсуіне жағдай жасау үшін жас шамасына, психикалық-физиологиялық ерекшеліктеріне, денсаулығына, ата-аналардың жұмыс істеу уақытына байланысты құрылады. Мектеп жасына дейінгі балалардың күн тәртібін ұйымдастыруда үлкендердің рөлі ерекше. Балалар күн тәртібін үлкендердің басшылығымен орындайды. Оны ұйымдастыратын тәрбиеші. Ол алғашқы күннен бастап жүйелі түрде балалардың күн тәртібін орындауға үйретеді, қадағалайды, әр баланың өзі орындайтындай деңгейге жеткізеді.
Тәрбиешінің балаларды күнделікті таңертеңгі қабылдауы баласының жағдайы туралы ата-анасынан сұрастырумен, аңқаны, теріні қараумен, дене қызуын өлшеумен жүргізіледі. Дене қызуы бөбекжай топтарында барлық балаларда өлшенеді.
Ауырғаннан кейін, 3 немесе одан көп күн басқа себептермен бөбекжайда болмаса баланың диагнозы, аурудың ұзақтығы, жүргізілген ем, инфекциялық аурулармен қатынастың жоқтығы туралы мәлімет көрсетілген учаскелік дәрігер-педиатрдің аңықтамасы болғанда ғана қабылдайды.
Балалардың таңертеңгі тазалығы үйде жүргізілуі керек, ата-аналар балаларды таза, ұнамды киінген күйінде әкелуі керек және де баланың дене тазалығын, ауыз қуысының тазалығын сақтау бойынша, жеке бас гигиенасының заттарын пайдалану мен сақтау ережелері бойынша, тамақ қабылдау, шомылу бойынша әдет қалыптастыру керек.
- Джон Максвелл
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі