Жамбыл облысы, Меркі ауданы
№9 Меркі колледжінің педагог-психологы
Серікқызы Алина
Тренингтің мақсаты: Баланың дамуына, психологиялық тұрғыдан дені сау жеке тұлға болып қалыптасуына отбасы тәрбиесінің әдіс-тәсілдерін жетілдіре отырып, жағымды қарым-қатынас орнату.
Міндеттері: ата-аналардың колледжде, мұғаліммен тығыз байланысын арттыру. Балалармен бірге мейірімділікке, ұстамдылыққа тәрбиелеудің жолдарын көрсету. Бала тәрбиелеу сапасының аз да болса жоғарлауына ықпал ету.
Психолог сөзі:
- Сәлеметсіздер ме, құрметті ата-аналар!
Бүгінгі біздің «Мен қарым-қатынас жасаймын» атты тренингімізге қош келдіңіздер! Білімгерлердің жақсы адам болуы, еңбексүйгіштігі, оқу мен еңбектегі табыстары.
Баланы бастан бақпасаң,
Жамандықтан қақпасаң,
Қадірден жұрдай қасқа боп,
Кешкенің өмір босқа тек, - дегендей, баланың ыстық-суығына күймейтін,жақсылығына сүйінбейтін ата–ана жоқ шығар.
Бүгінгі ұл – ертеңгі әке, ол әкеге қарап өседі. Бүгінгі қыз – ертеңгі ана, ол шешеге қарап өсіп, бой түзейді. Балаға білім,тәрбие беруде басты тұлға ұстаз болса, оны жалғастырушы, демеуші – ата–ана.
Ең алдымен сіздерді 3 топпен таныстырып өтейін І топ «мейірім», ІІ топ «көңіл күй», ІІІ топ «бақыт».
Тренинг бағдарламасы:
1. «Танысу» жаттығуы.
2. Ой жинақтау.
3. Видеоролик тренингі
4. Жылы сөздер тренингі
5. Көмек ағашы тренингі
6. Қорытынды «Ашығын айтсам»
1. «Танысу» жаттығуы.
Ата-аналар, мұғалімдер, білімгерлер шеңбер бойымен тұрып, әрқайсысы өзінің есіміне жақсы сөз қосып және өз бойындағы қасиетін кезекпен айтып шығады. Өмірлік ұстанымын да айтады.
Талқылау: Қандай әсер алдыңыздар? Не қиындық келтірді?
2. Ой жинақтау сергіту жаттығуы
Білімгерлер ортаға шығып, берілген сұрақтарға тез жауап береді.
3. Бейнеролик құдаймен сұхбаттасу
4. Тренинг 3 топтың алдына плакаттар беріледі әр плакаттың әртүрлі тақырыбы жазылған. Берілген плакатқа өз ойларыңызды түсіру.
5. Білімгерлер ата-аналарына оқытушыларына жылы лебіз сөздерін стиккерге жазып, оқып ағашқа жапсыру.
6. Қорытынды: «Ашығын айтсам»
Семинардың жүргізілген күні : ---------------
Менің тренинг барысында түйгенім----------
Бәрінен де маған мына жаттығу ұнады -------------
Жүргізушіге ұсыныс---------
Маған ең пайдалы, құнды болған----------
Мен бұдан да ашық, шынайы болар едім,егер----------------
Маған ұнамағаны--------------
Ең жақсы ұнағаны--------------
Келесі тренингіде мен келесі жайттарды білгім келеді-------------------
Тренинг жүргізуші сізге ұнады ма?--------------
Тренинг жүргізушінің орнында мен болсам-------------
Тренингті қорытындылау--------------------------
Қолы------------------------------------
- Джон Максвелл
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі