Өлең, жыр, ақындар

Менің Отаным - Қазақстан!

Қарағанды облысы, Сәтбаев қаласының КМҚК
№5 «Нұрбөбек» бөбекжай балабақшасы
дене шынықтыру нұсқаушысы:

Жұманова Ләззат Төлеубайқызы

(Ортаңғы «А» тобындағы іс-шара дене тәрбиесінен)

Мақсаты: Отан туралы білімдерін назарға ала отырып, Отанымыз – Қазақстан Республикасы туралы не білетіндігін саралау, алған мәліметтер бойынша білімдерін бекіту.

Міндеттері:

1) Білімділік: Балалардың Отан, Қазақстан, туған жер туралы түсініктерін кеңейту.
2) Дамытушылық: Отанды сүюге, туған еліне деген сүйіспеншілігін аттыру. Дене бітімін дамыту, шынықтыру.
3) Тәрбиелік: Оқушыларды елін, жерін сүюге, байлығын қорғауға, өз елінің патриоты болуға тәрбиелеу.

Әдісі: топтық шынығу жұмыс, сұрақ–жауап, ойын.

Билингвальдық компонент: шаңғы – лыжа - ski, коньки – skates, қыс – зима - winter, солға бұрыл - на лево - turn to the left, оңға бұрыл - на право - turn to the right.

Көрнекіліктері: бала санына қарай стэп тақтайшасы, түрлі модульдер, макеттер \бәйтерек, хан шатыр, экспо\ Қазақстан картасы.

Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі. Саппен кіреді әуенмен сапқа тұрады - тоқта. Түзеліңдер түзу тұрыңдар - Үш тілде амандасады

Нұсқаушы:

Қыран құсым көк аспанда самғасын,
Желбіресін көк байрағың сан ғасыр!
Жас ұландар, берік ұста туыңды
Жарқыратып туған елдің таңбасын.

1 бала Темірлан:

Біз жас ұлан - Отан ана өркені
Үміт артқан болашағы, ертеңі.
Туған елдің даңқын көкке өрлетіп,
Гүлге бөлеп жасартамыз өлкені.

Нұсқаушы: Ұлан байтақ қазақ жеріне қыс келді. Елімізде айтулы қандай жаңалықтар өткелі тұр.

1 Медина Ж: Қысқы 28 олимпияда өткелі жатыр ол Алматы қаласында өтеді/картаға олимпияда белгісін апарып орналастырады/ Олай болса не тұрыс кеттік шаңғыларыңа қоныңдар таяқтарыңды алыңдар қысқы даламен қазақ жерімен серуенге шығайық.

1. Шаңғышылар /балалар шаңғы тепкендей аяқтарын сүйрей басып, таяқтарымен итерілгендей шеңбермен жүріп өтеді/
2. Конькишілер /қолдарын екі жаққа тік үстап аяқтың ұшымен шеңбер жасап жүріп өту/
3. Оппы қармен жүріп өту /қол белде тізені тік көтеріп адымдап жүру/
4. Ұйтқыған боран соқты /жеңіл жүгіру/
5. Адымдап жүру саппен жүріңдер. Сапқа тұру

2 бала Асыл:

Жаңа ғана қазағымның таңы атты,
Алу мақсат Ел деп алғыс сауапты.
Әр отбасы, әрбір қазақ, әр адам,
Тәуелсіздік сақтау үшін жауапты.

Балалар осы еліміздің өсіп өркендеуіне біздер де жауаптымызолай болса шынығып еліміздің дені сау азаматы болу үшін шынығып алайық.
Еліміздің ертеңгі мықты болашағы өздеріңсіңдер, олай болса жаңа бағытта стэп аэробикасымен дене бітімімізді шынықтырайық.

Саппен адымдап жүреді үш қатарға бөлініп ара қашықтықтарын сақтапстэп тақтайшаларымен тұрады.

3 трек «Көңілді жануарлар жаттығуы»  /3трек/

Негізгі бөлім -Жарайсыңдар балалар денемізді қыздырдық ендігі кезекте кең байтақжеріміздің сан алуан жолдары бар таулы тасты сол жолдармен жүріп өтейік стэп тақтайшаларын қатарынан қойып өту.

І.

1. тақтайшалардың үстімен жүріп өту
2. тақтайшалардың арасын алшақ қойып аттап өту.
3. жыланша жүру.

ІІ. Балалар жеріміздің әр қилы тастақты батпақты жерлері де мол олай болса саяхаттарымызды одан әрі жалғастырамыз. Модульдерден құрастырылған жолмен жүріп өту текшелер баспалдақтар сырғанақтан құрғақ бассейнге түсу одан шығып балалар табан іздермен одан кейін алақан іздерімен жүріп өту соңынан - балалар таза ауамен орманмен жүріп өтейік өз күшімізді ортаға салайық.

Жарас «Бос орын» ойыны Ойынды ойын бастаушы бастасын

Ойынды бастаушы: Асыл Нұрқанат. Ал шеткері қалмаңдар беске дейін санаңдар әсем әуен тоқтағанда өз орындарыңды табыңдар.

Балалар: 

Біз шеткері қалмаймыз
Қызық ойын бастаймыз
Кім баяу кім шапшаң
Ойында анықтаймыз.

Балалар шеңбермен қойылған тақтайшаны әуенмен айналып билеп жүреді. Әуен тоқтағанда балалар бір-бірлеп тақтайшаға тұра қалулары керек. Тақтайша жетпей қалған балалар ойыннан шығады. Ойын 3-4 рет қайталанады.

Кәусәр: Кең байтақ Қазақстан менің туған өлкем, оның асқар таулары мен айдын көлдері, жайқалған орманы, жасыл жайлауы - менің ақ бесігім. Сондықтан да мен оны анамдай сүйемін.

Гүлім (ағылшын тілінде):

Кәзәкстан из май кантри
Кәзакстан из май ләнд
Ай либ хэпи хия май фэмили
Ай либ хэпи хия уиз май фрэндс.

Шыңғыс:

Отаным - мәңгі қорғаным,
Қалаймын бақыт қонғанын.
Сүйемін және сондықтан,
Өзенін, көлін, орманын.

Айшабибі: орыс тіліндіегі тақпағын айтады.

Медина Ө \Хан шатыр суреті қолында картаға орналастырады\

Алатау ақ өткелім махаббатым көктемім
Қос қыран тұрағы арманына жеткеннің
Хан шатырым биікте Дәулет болып айналсын
Жұмыртқасын бақ құсым бәйтерекке байласын.                                                            

Мәриям  \қолында Бәйтерек суретін картаға орналастырады\

Сарыарқа кең дала
Сенсіз жетім мен бала
Самұрықтай киелі
Сен бәйтерек сен ана!                                                                                       

Нұрқанат \Экспо белгісі қолында картаға орналастырады\

Қазақстан кең байтақ ұлан асыр
Тәуекелмен басталды мына ғасыр
Елімді бар әлемге паш ететін
Экспомен ел мәртебесі тасыр.

Нұсқаушы: Жарайсыңдар балалар қолұстасып жылулуарымызды бір–бірімізге берейік шеңбер құрып тұрайық \Балалар шеңберде отырып іс–әрекеттерді қортындылайды\

-Нұсқаушы:

- шеңберге тұрады сабақ қортындыланады.
- Балалар біз қандай құралмен жаттығулар орындадық

Балалар: 

- стэп тақтайшасымен
- Тамаша жарайсыңдар бүгін өте жақсы деңгейде жаттықтыңдар

Релаксация Асылбек Еңсепов «Детство»

Релаксация 

Самалы ескен
Керемет неткен
Алатауы асқақтаған
Күнім қандай нұрын сепкен.

Жасыл жайлау белдері
Қонақжай келген елдері
Ақу ұшып қаз қонған
Көрікті сондай көлдері.

Мен өзіңмен марқаямын мақтанам
Қанша жандар отанға серт сақтаған
Жас ұрпақтар өздеріңсің сенім артар
Өздерің барда бал бөбегім шаттанам.

Асқар таулы шыңға қарап өсемін
Кең далада домбырамды шертемін
Жүрегімді кең далам бір тербетіп
Бүгінгі жас өздеріңсің ертеңім.

Аспаннан қыран құсым самғаған
Тай құлындар тебісіп шаң шығарған
Бар әлемге мақтауменен паш етем
Жұлдызды әнім сенсің «Қазақстан».

Күй ойнайды \Қыдыр Ата кіреді\

Ата: Ассалаумағалейкум

Ұл балалар: Уағалейкумасалам

Қыз балалар: Амансыз ба Қарт баба

Бата береді Қыдыр ата

Ақ бата

Ал батамды берейін,    
Арта берсін мерейің.
Кеңге тарап өрісің,
Алшыдан сөз терейін.
Құлын тайың шұрқырап,
Мінгені болсын пырақ ат
 Басыңа бұлт қонбасын,
Өмір гүлің солмасын.
Төбеңе күн ұялап
Тірлігіңді оңдасын.
Алты Алштан тараған,
Аламан жұртқа ұлан бол!
Бола білсең  сен бала,
Бар қазаққа «Ұран» бол!

Әумин \балалар тізерлеп алақандарымен беттерін сипап қабыл алады\

Нұсқушы:

Отаным - менің өзегім,
Қырыңды шарлап, кеземін.
Білу керек әр ұрпақ,
Бес саусақтай өз елін.-Ел ертеңі саллауатты ұрпақ барда ертеңіміз үшін алаңдамауымызға әбден болады  Бүгінгі ұрпақтың аман болуы  еліміздің саналы салауатты дені сау болашақ қуанышты мерекелі берекелі күндеріміз көп болсын.


Пікірлер (1)

Пікір қалдырыңыз


Қарап көріңіз