Атырау қаласы
Үш тілде оқытатын дарынды
балаларға арналған мамандандырылған
№ 30 мектеп-гимназиясы
қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі
Есқалиева Зухра Сансызбайқызы
Сабақ тақырыбы: |
Сенің сүйікті ісің не? Шығыс септік. |
|
Білімділік:
Дамытушылық:
Тәрбиелік: |
Тілдесім барысында қарапайы сөйлемдер құрау арқылы оқушыларды оқушыларды сүйікті ісі туралы ақпарат бере білуге машықтандыру. Лексикалық тақырып аясында шығыс септігін меңгерту. Тілдесім барысында сын тұрғысынан ойлауға үйретудің белсенді элементтерін пайдалану негізінде оқушылардың танымдық белсенділігін арттыру. Тілдесім әрекетіне құрылған қарапайым сөйлемдер негізінде оқушылардың сөйлеу мәдениетін қалыптастыру. |
|
Сілтеме: |
Оқу бағдарламасы, «Қазақ тілі» оқулығы. |
|
Жетістік критерийлері: |
Оқушының төменгі жетістігі (ОТЖ):өзінің сүйікті ісі жөнінде ақпарат бере алады. Оқушының орташа жетістігі (ООЖ): қарапайым сөйлемдер арқылы сүйікті ісін сипаттай алады. Оқушының жоғары жетістігі (ОЖЖ): тақырып аясындасүйікті ісіжайлы өз бетімен мәтін құрайды, қарапайым үлгілер арқылы тілдесімге келеді. |
|
Негізгі түсініктер: |
Шұғылданамын, бос уақыт, шектеулі, уақыт ,арнайы альбом. |
|
Сабақта қолданылатын материалдар: |
Интерактивті тақта, слайдтар, А4 парағы, маркерлер, плакат, кестелер, тақырыпқа байланысты буклеттер. |
|
Оқыту әдістері: |
Сипаттау, түсіндіру, әңгімелеу, сұрақ-жауап, «Ыстық алақан» тренингі, «Ой шақыру » әдісі, ассоциограмма, «Сұрақ-жауап», диалог, жұптық жұмыс, «Сүйікті затыңды қорғай біл» ойындары, «Кері байланыс» әдісі, сергіту жаттығуы. |
|
Дерек көздері: |
Әдістемелік құрал, дидактикалық материалдар, сөздік, балалар кітапханасы. |
|
Тапсырмалар: Сабақ барысындағы мұғалім мен оқушының іс-әрекеті: |
|
|
Тапсырма: |
Мұғалімнің іс-әрекеті |
Оқушының іс-әрекеті |
Оқушыларға психологиялық ахуал туғызу |
Мұғалім «Ыстық алақан» тренингі. Оқушылармен сәлемдеседі, түгендейді. |
Оқушылар бір-бірімен қол алып, амандасады. Бір-біріне жақсы тілектер айтады. |
Өткен сабақты тексеру |
Өткен сабақтың тапсырмасын тексереді. Кемшіліктерді анықтайды, түзетеді, бағалайды. |
Тапсырманы айтады, тақырып бойынша сұрақтарға жауап береді |
I. Қызығушылықты ояту |
Оқушылардың жаңа сабаққа деген қызығушылығын арттыру мақсатында «Ой шақыру» сұрақтарын қояды:-Балалар, сендер немен шұғылданасыңдар? Сүйікті істерің қандай? Сипаттап беріңдерші. |
Сұрақтарға жауап береді. |
II. Мағынаны тану |
1. Сөздікпен жұмыс. А) Мұғалім интерактивті тақтадан тақырыпқа қатысты жаңа сөздермен таныстырады, аудармасын айтады. Оларды оқиды, оқушыларға қайталатады. 2 .Мәтіналды жұмыс. А) Жазылымү Айтылым. Тілдесім. Дұрыс, сауатты жазуға, жаңа ақпаратты қабылдауға машықтандыру үшін 1,3 -тапсырманы орындатады. Ә )Айтылым.Тілдесім. Жазылым. Оқулықтағы 2- тапсырманы орындатады. 3. Грамматика. Шығыс септігін меңгертеді. Шығыс Шығыс септігінің жағаулары Кімнен? Неден? Қайдан? Қашаннан? сұрақтарына жауап беретін сөздерге жалғанады. Шығыс септігіндегі сөз әрекет бағытталған іс иесін кімнен? (ағасынан сұрады), нәрсенің тегін неден? (ағаштан жасалған), шығу көзін қайдан? (тарихтан белгілі), мекенін қайдан? (ауылдан шықты), мезгілін қашаннан? (кешеден бері күттік) білдіреді. 4. Мәтінмен жұмыс. А)Тыңдалым. Оқылым. Мәнерлеп, дұрыс оқуға, жаңа ақпаратты қабылдауға машықтандыру үшін 4-тапсырманы орындатады. Ә) Айтылым. Жазылым. Оқулықтағы 5, 7-тапсырмны орындатады. Б) Жазылым. Оқушыны сауатты жазуға дағдыландыру үшін 8, 9-тапсырманы орындатады. 5. Мәтінсоңы жұмыс. А) «Сыр сандықтағы сөздер» 6. Сергіту сәті. «Сұрақ-жауап» ойынын ұйымдастырады. |
Тыңдалым. Оқылым. Жаңа сөздерді тыңдайды, мұғаліммен бірге оқиды.
Айтылым. Жаңа сөздердің дұрыс айтылуымен ауызша жаттығу жүргізеді.
Жазылым. Айтылым.Тілдесім. Суреттерге қарап, кесте толтырады, өз ортасындағы адамдардың қандай заттар жинаумен айналысатынын айтады, өз заттарының топтпмасы туралы жазады.
Айтылым. Тілдесім. Жазылым. Сыныптастарымен сөйлеседі, олардың не жинаумен айналысатынын сұрайды, дәптеріне жазады, «Жігітке жеті өнерде аз» тақырыбында әңгімелейді. Шығыс септігін меңгереді. септік
Жазылым. Тыңдалым. Оқылым.
Айтылым. Тыңдайдымәтінді дұры оқуға машықтанады.
Айтылым. Жазылым. Сұрақтарға жауап береді, бір сөйлемге әртүрлі сұрақ қояды, сөздерге шығыс септігін жалғайды.
Жазылым. Жатыс септік жалғауын шығыс септігімен алмастырады,шығыс септігін жалғап,сөйлемді толықтырады, «Менің сүйікті ісім» тақырыбында мәтін құрайды.
«Сыр сандыққа» салынған сөздердің мағынасын талдайды, есте сақтайды.
Ойын шарттарын орындайды. |
III. Ойтолғаныс |
«Сүйікті затыңды қорғай біл» ойынын ұйымдастырады. |
Ойын шарттарын орындайды. |
IV. Бекіту |
Оқулықтағы 10, 11- тапсырманы орындатады.
|
Қате сөйлемдітауып айтады, үлгіге қарап сөйлеседі, «Сүйікті затыңды қорғай біл» ойынының шартын орындайды, үлгіге қарап сөйлеседі. |
V. Бағалау |
Формативті бағалау.Мұғалім оқушылардың өзін бағалауы бойынша қорытынды бағаны өзі қояды. |
«жеке әңгіме» техникасы бойынша бағаланды. |
VI. Үйге тапсырма |
Оқулықтағы 6- тапсырманы орындау. |
|
VII. Рефлексия |
Мұғалім «Кері байланыс» әдісінің негізінде парақшатаратып береді. |
Оқушылар параққа сабақтан алған әсерін көрсетеді. |
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі