Спорттық сайыс мерекесі
Мақсаты: Балаларды ептілікке, икемділікке, жылдамдыққа, төзімділікке ұжымдасып жұмыс істеуге тәрбиелеу. Салауатты өмір салтын қалыптастыру. Денелерінің дұрыс дамуына, бұлшық етінің шымыр болуын дамыту.
Жүргізуші: Балалар сіздерді спорт алаңына жинаймыз. Бәріңізге спорт және денсаулық мерекесін сыйлаймыз. Шақырамыз бәріңізді, келіңіздер, қызық думан көріңіздер.
Марш сазымен балалар спорт залға кіріп, бір қатарға тізіліп тұрады. Сайысымызды бастамас бұрын сайыс шартттарымен таныс болыңыздар.
Эстафеталық ойындар:
1.«Кім жылдам»‑ эстафетасы
2.«Жалауды тез жеткіз» эстафетасы
3.«Жүйрік ат»‑ эстафетасы
4.«Шебер» эстафетасы
5.«Жаңа орын» ойыны
Екі топ өз топтарының атымен таныстырсын.
Командалар сәлемдеседі:
Тобымыздың аты: «Ақ көгершін »
Біздің ұранымыз:
Ұш биікте қалықта,
Қалықтаудан еш уақытта жалықпа .
Ақ көгершін тобынан Балапан тобына жалынды сәлем.
Екінші қатысушы топ «Балапан тобы»
Тобымыздың аты Балапан тобы.
Біздің ұранымыз:
Намысы бар балапандар қайдасың,
Білген дұрыс бұл спорттың пайдасын.
Құрметті қатысушы спортшылар сайысымыздың шарттарымен таныс болдық, енді әрі қарай сайысымызды бастаймыз.
Жүргізуші:
Міне, балалар шықты алаңға
Жас спортшылар жеке‑жеке команда
Ал, балалар өздеріңді танытыңдар
Естілік, мықтылық батылдық көрсетіп табанды
«Ура»‑ деген ұранды ортаға біз тастаймыз
Жарысымызды, денені қыздырудан бастаймыз.
Бүлдіршін:
Дене шынықтыру керек бәрімізге,
Жаттығу ырғағы қосылады әніме
Дене шынықтыру жалқаулыққа жол бермей,
Ауру‑сырқауды жолатпайды тәнімізге.
Жүргізуші:
Ал қане бір‑бірімізді қостаймыз
Бүгінгі жарысымызды бастаймыз.
«Жеңіске жетеміз!»‑деп
Жалынды ұран тастаймыз.
Әр команда өз орындарын тауып тұрады.
«Кім жылдам»‑ эстафетасы
Балалар жарты шеңбер доға астынан өту жарысына қатысып, өз ептіліктерін шапшаңдықтарын танытады.
«Жалауды тез жеткіз» эстафетасы
Команда капитандары қолына жалау ұстап ойынды бастауға белгі бергенде ойын алаңына қойылған кегілені айналып өтіп, жалауды келесі балаға береді. Өзі команда тізбегінің соңына барып тұрады. Қай команда тез бітсе сол жеңіске жетеді.
«Жүйрік ат»‑ эстафетасы
Балалар допты тақымға қысып, секіру арқылы жарысады. Ойынды сапалы әрі тез аяқтаған команда жеңіске жетеді.
«Шебер» эстафетасы
Команда капитандары ойынды бастауға берілген белгі бойынша шеңберге жүгіріп жетіп, шеңбер ішіндегі допты алып, өз командасының ойыншысына жеткізеді. Ол ойыншы допты қайтып шеңбер ішіне апарып қояды. Қай команда тез аяқтаса сол команда жеңіске жетеді.
«Жаңа орын» ойыны
Ойынды бастауға белгі берілгеннен кейін команда капитаны ойын алаңына қойылған кегілені айналып өтіп екінші ойыншының қолынан жетектеп кегелдің қасына апарады. Ал екінші ойыншы дәл осылай үшінші ойыншыны кегелге жетектеп апарады. Осылайша қай команданың балалары жаңа орынға ауысса, сол команда жеңіске жетеді.
Жүргізуші:
Бүгін міне оң болып әр ісіміз,
Жоғары боп күш жігер намысымыз.
Осылайша қуанышпен думандатып,
Аяқталды халайық жарысымыз.
Жарыс аяқталғаннан кейін ойыншылар жанкүйерлерге қарап түзіліп, сапқа тұрады. Жарыстың қорытындысы шығарылып, үздік ойыншылармен , жақсы жанкүйерлерге сыйлықтар табыс етіледі.
Бала:
Осылайша жарыс жолын тартамыз
Біз үйімізге көңілді болып қайтамыз
Бізді тәрбиелеп шынықтырған
Тәрбиеші апайларға рахмет айтамыз.
Көңілді әуен сазымен командалар залдан шығып кетеді.
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі