Өлең, жыр, ақындар

Азия мен Африкадағы араб елдері

Оңтүстік Қазақстан облысы, Шымкент қаласы
№ 26 Жамбыл атындағы мектеп–гимназиясы
Тарих пән мұғалімі: Жоланова Лаззат Сатбаевна

Қысқа мерзімді сабақ жоспары

Күні:

Пәні:  Дүние жүзі тарихы

Сынып: 9 Ә

Тақырыбы:

Азия мен Африкадағы араб елдері.

Мақсаты:

Азия мен Африкадағы араб елдерінің жалпы жағдайына сипаттама беріп, батыс елдерінің  осы елдерге жүргізген саясатын ашып көрсету, тәуелсіз мемлекеттердің пайда болуын және араб елдеріндегі ұлт-азаттық күрестің нәтижелері туралы меңгерту.

Күтілетін нәтиже:

Оқушылар Азия мен Африкадағы араб елдерінің жалпы жағдайы және араб елдеріндегі ұлт - азаттық күрестің нәтижелері туралы білімдерін толықтырады, меңгереді.

Негізгі дерек-көздер

Плакаттар, маркер, стикерлер, интербелсенді  тақта

Модульдің кіріктірілуі

Оқыту мен оқудағы жаңа тәсілдер, Сыни тұрғыдан ойлауға үйрету, Оқыту үшін бағалау және оқудағы үшін бағалау, Ақпараттық-коммуникативтік технологияларды оқыту, Дарынды және талантты балаларды оқыту, Оқушыларды жас ерешеліктеріне сәйкес оқыту және оқу, Оқытудағы басару және көшбасшылық.

Кезең

Уақыт

Мұғалімнің іс-әрекеті

Оқушының іс-әрекеті

Бағалау

Ресурстар

Кіріспе бөлім

2 минут

 

Сыныпта ынтымақтастық атмосферасын тепе теңдік тренингі арқылы қалыптастырамын.

Топқа бөлінуге нұсқау жасаймын.

Оқушылар шеңберге тұрады, ортада күн бейнесінің үстіне стаканға су құйылып тұрады. Оқушылардың барлығы бір мезетте орындарынан тұрып, суды төкпей қайта жерге қояды осылай ынтымақтастық атмосферасын қалыптастырады.

Түрлі түсті қағаздардан жасалған жұлдызшаларды таңдап алады, түсіне байланысты  топқа бөлінеді.

 

кеспе қағаздар

6 минут

«Күн шуағы» әдісі бойынша үй тапсырмасын сұраймын.

Оқушылар  бұлт бейнесіне сұрақтар жазады, келесі топ күн бейнесіне сұрақтың жауабын жазады.

жұлдызша арқылы бағалау

оқулық, А4 қағазы

Негізгі бөлім

25 минут

Оқулық бойынша тапсырмаларды кластер әдісі бойынша талдатамын.

Топтасып, берілген  тапсырмаларды орындайды.

Критерийлер арқылы топтар бағалау жүргізеді

Оқулық, постер

Қорытынды

7 минут

«жалғыз аяқ жол» әдісі бойынша жаңа сабақты қорытындылатамын.

Оқушылар екі қатарға бір бірлеріне қарама қарсы тұрады. Әр топтан бір оқушы шығып тақырып бойынша түйінді ойды айтып, алдыға қадам басады.Тақырып бойынша қорытынды жасайды.

формативті бағалау, өзіндік бағалау

 

Бағалау

3 минут

Бағалау парақшаларына нәтижеге жеткен, жетпегенін жаздыртамын.

Ауызша мақтау, мадақтау арқылы формативті бағалаймын.

Бағалау парақшаларын алып, сабақта қандай мақсатқа жеткен, жетпегендерін жазып, оқиды.

формативті бағалау

Өз-өзін бағалау

бағалау парақшасы

Рефлексия

2 минут

«Не білдім? Не білгім келеді?» кері байланыс стикерін тарату. Үй тапсырмасын беру.

Тақырыпты қалай түсінгенін стикерге жазып, тақтаға жапсырады.

 

Рефлексия плакаты,Стикер

 

Ынтымақтастық атмосферасын құру.

Оқушылар шеңберге тұрады, ортада күн бейнесінің үстіне стаканға су құйылып тұрады. Оқушылардың барлығы бір мезетте орындарынан тұрып, суды төкпей қайта жерге қояды осылай ынтымақтастық атмосферасын қалыптастырады.

Топқа бөлу. Түрлі түсті қағаздардан жасалған жұлдызшаларды таңдап алады, түсіне байланысты топқа бөлінеді.

Үй тапсырмасын сұрау: «Күн шуағы» әдісі бойынша үй тапсырмасын сұраймын. Оқушылар бұлт бейнесіне сұрақтар жазады, келесі топ күн бейнесіне сұрақтың жауабын жазады.Осы әдіс бойынша оқушылардың үй тапсырмасын қаншалықты меңгергендіктерін бірін бірі бағалау арқылы тексерілді.

         

Жұлдызша арқылы бағалау жүргізіледі.

Жаңа сабақ: Азия мен Африкадағы араб елдері.

1 топ. Батыс мемлекеттерінің саясаты және Азиядағы араб елдері.
2 топ. Африкадағы араб елдеріндегі ұлт-азаттық күрес.
3 топ. Африкадағы араб елдерінің 20 -30 жылдардағы дамуы.
4 топ. Африкадағы Бірінші дүниежүзілік соғыстың салдары.

Топтар бір-бірін критерилер арқылы бағалайды.

Жаңа сабақты қорытындылау: «Жалғыз аяқ жол» әдісі арқылы жаңа сабақты қорытындылайды. Оқушылар екі қатарға бір бірлеріне қарама қарсы тұрады. Әр топтан бір оқушы шығып тақырып бойынша түйінді ойды айтып, алдыға қадам басады. Тақырып бойынша қорытынды жасайды. Бұл әдіс арқылы оқушылар  жаңа  сабақты қандай деңгейде меңгергендіктерін анықтайды.

Сабақ соңында кері байланыс жасайды.

«мен спиральды рефлексия» және «бүгінгі сабақ саған ұнады ма?»

Үй тапсырмасы: Азия мен Африкадағы араб елдері туралы қосымша материалдар жинақтау, тест құрастырып келу.                 


Пікірлер (2)

ернұр

Жақсы өте

Пікір қалдырыңыз


Қарап көріңіз