Өлең, жыр, ақындар

Диктант «Электронды пошта»

«    »________          жыл

Пәні : қазақ тілі        

 

Сабақтың тақырыбы:  Диктант «Электронды пошта»

 

Сабақтың мақсаты: Сауаттылықтарын тексеру, жазу дағдыларының қалыптасуын қадағалау; Есте сақтау қабілеттерін арттыру; сауатты, әдемі жазуға баулу.

 

Сабақтың әдісі: баяндау, жаздыру.

 

Пайдаланылған әдебиет: Қазақ тілінен жазба  жұмыстар  7-сыныптарға

 

Сабақ барысы.

 

І.Ұйымдастыру кезеңі.

    Оқушыларды түгендеу, жазба жұмысына дайындық, оның ерекшелігімен, мақсатымен, шартымен таныстыру.

 

ІІ. А)Мәтінді 2 рет оқу.

Ә) Қиын сөздерді тақтаға жазу

Б) 3 рет оқи бастағанда  оқушылар жаза бастайды.

 

Электронды пошта

Электронды пошта 1965 жылы  пайда болған. Осы жылы Массачусетс  техникалық иснтитутының  қызметкерлері  Ноэль Моррис  пен То Ван Влек  MAIL бағдарламасын  жазды. Бұл бағдарлама  компьютерге  орнатылды.

Электронды поштаның  жылдамдығы  телефонмен  бірдей,  бірақ мұнда  абоненттердің  бір сәтте  болуы   қажет емес. Электронды пошта  хаттан  басқа  сурет,  бейнемәлімет  сияқты  ақпараттарды  да тасымалдай  алады.

Қазіргі  таңда  электронды пошта қызметін   пайдаланбайтын  адам жоқ.  Ғаламтор   арқылы   күн  сайын   миллиондаған  адамдар   жер  шарының   әр түкпірінде  отырып-ақ  талай   жұмыстарын   орындай  алады.

 

В) сыныпты нұсқаларға бөлу.

І нұсқа

1.«Ғаламтор» тақырыбына 5 қазақ тіліне аударылған  термин сөз жаз

2. Сөйлем құрастыр:  қажетті  сайтқа  кіру ұшақ  билеттеріне  тапсырма  беру

 

ІІнұсқа

1.«Ғаламтор» тақырыбына 5 интернационалды  термин сөз жаз

2. Сөйлем құрастыр:  ғаламторға  қосылу  ғаламтор   дүкендерінен  тауарлар   сатып алу

 

ІІІ. Жазба жұмысын оқушылардың өздері тексеруі.

Ү. Жазба жұмыстарын жинап алу.

ҮІ.Үйге тапсырма.

Өткенді қайталау


Пікірлер (1)

Пікір қалдырыңыз


Қарап көріңіз