Өлең, жыр, ақындар

Логика әлемі

Алматы облысы, Алакөл ауданы
"Ә.Әлімжанов атындағы орта мектебі мектеп жасына дейінгі шағын орталығы бар" КММ            
бастауыш сынып мұғалімі: Асылова Нурзипа Токболатовна

 

Түсінік хат

Бастауыш сынып оқушыларының танымдық қабілеттерін (назар аудару, есте сақтау, қабылдау, байқағыштық, елестеу, ойлау т.б) дамыту оқу процесінде маңызды орын алады. Берілген логика курсының бағдарламасы бастауыш сынып оқушыларының танымдық қызығушылығын дамытуға жағдай жасап отырып, баланы іздемаздыққа және өзіне сенімді болуға, ақыл ой деңгейін қалыптастыруға бағытталған материалдармен қамтылған.

Бастауыш сыныптарда ұсынылып отырған «Логика курсының бағдарламасы» баланың интеллектуалды және шығармашылық мүмкіндіктерін қалыптатыру мақсатында алты және он жас аралығында жүргізіледі.

Логика курсының бағдарламасы «Логика әлемі» (Ерешева К және Алматы «Өлке» 2010) оқу құралының негізінде жасалған. Бастауыш сынып оқушыларының логикалық танымдылық қабілеттері мен білім-білік және ойлау дағдылары қалыптасады.

Курстың шығармашылық ізденіс тапсырмалары мазмұны мен құрлымы жағынан жан жақты ұйымдастыруға мүмкідіктұғызады. Танымдық қасиеттері мен білім білік дағдыларын қалыптастырады. Бұл курстық жүйенің ерекшелігі- негізгі оқу материалдарынан тыс, баланың мүмкіндіктерін ашып, жеке тқлға ретінде дамуына әсері мол.

Оқу құралындағы тапсырмалар балалардың өз бетінше логикалық іздену әрекеттеріне негізделген жаттығулардан тұрады. Құрылған апсырмалар мазмұны жағынан бір біріне ұқсамайды. Осындай жаттығулар орындау барысында өз пікірін ортаға салып дәлелдеуге, қиын жағдайда жол тауып шығуға, жеке шешім қабылдауға үйренеді. Әр сабақ сайын тапсырмалар қиындайды, көлемі көбейңһіп, тапсырманы орындау жылдамдығы артады. Сөйтіп олар өздерінің дамуында көптеген жетістіктерге қол жеткізеді. Оқушылардың оқуға деген қызығушылықтары мен белсенділіктері арттады.

Әр сабақтан соң өз беттерінше орындаған жұмыстары бағаланады. Баламен жұмыс жасау кезінде, оның сенімін арттырып, тұрақтылық пен мақсатына жете білуіне үйрету қажет. Мұнда маңызды роль қолдау сөздер. 

Бағдарламаның мақсаты:

Оқушылардың танымдық қызушылығы мен ақыл ой деңгейін қалыптастыру. Оқушыларды оқу курсының мазмұны арқылы пайымдау, шығармашылық тұрғысынан ойлау, өз беттерінше шешім қабылдап, қорытынлды жасауға бейімдеу. Оқушылардың игерген білімдерін күнделікті өмірде пайдалана отырып жеке тұлға ретінде қалыптастыру. Алған білімдерін күнделікті өмірде қолдана білу үйрету және тәрбиелеу 

Бағдарламаның міндеті:

- Өз бетінше іздену әрекеттерін қалыптастыру, оқушының интеллектуалдық және ерік пен сезім белсенділігін дамыту ;
- Негізгі ойлау операцияларын саналы түрде қолдана білуге үйрету;
- Көру, есту, байқау, іздеу, қиялдау, елестету, есте сақтау арқылы логикалық ойын дамыту;
- Өз пікірін айту, талдау және оны дәлелдеу арқылы тілін дамытып, дұрыс сөйлеу мәдениетін қалыптастыру;
- Алған білімдерін күнделікті өмірде қолдана білуге үйрету және тәрбиелеу.

«Логика әлемі» таңдаулы курс бағдарламасының мазмұны мен құрылымы

р/с

Тараулар

Сағат саны

1

«Балалардың даму деңгейін анықтау. Ширату»

4

2

« Логикалық есептер»

10

3

« Құрастырмалы ойындар »

6

4

Зейінді жетілдіру. Ширату. Есте сақтауды дамыту.

8

5

«Математикалық ойлау есептері».

6

 

І. Логикалық тапсырмалар арқылы балалардың даму деңгейін анықтау.

(4 сағат)

Логикалық тапсырмалар. Зейінді жаттықтыру. 

Балалардың даму деңгейін анықтау.Ширату

Зейінді ширату. Есте сақтауды дамыту. Көзге арналған жаттығулар.

ІІ. « Логикалық  есептер» (10 сағат)

Бірдей суреттерді толықтыру.

Көзге арналған жаттығулар.

Сурет бойынша есеп құрастыр. Сөзжұмбақ шешу.

ІІІ. « Құрастырмалы ойындар» (6 сағат)

«Өз көзіңе өзің сенбе» ойыны. «Жалғасын тап » ойыны

Таяқша арқылы үшбұрыш құрастыру. Таяқшамен түрлі шаршы құрау. Математикалық жұмбақ шешу.

ІY. Зейінді жетілдіру. Ширату. Есте сақтауды дамыту. (8 сағат)

Геометриялық фигуралар. Көпбұрыштың, тік  төртбұрыш пен шаршы, үшбұрыш шырпылармен құрау. Қосу таңбасын қой ойыны. Ойша есеп құрастыру.  Көру рқылы есте сақтау жаттығулары.

Y. «Математикалық ойлау есептері».(6 сағат)

Алгоритмге арналған логикалық есептер. Математикалық сөзжұмбақтар: сиқырлы фигуралар, қызықты қоршаулар. Математикалық шытырмандар. « логика  әлемі» курсына арналған шығармашылық жаттығулар. Білімділер сайысы.

«Логика әлемі »бағдарламасының күнтізбелік жоспары

/аптасына - 1сағат, барлығы 34 сағат/    4 – сынып

Сабақтың тақырыбы

Сағат саны

«Балалардың даму деңгейін анықтау. Ширату»

1

Логикалық тапсырмалар

1

2

Бірдей суреттерді толықтыру

1

3

«Өз көзіңе сенбе» ойыны

1

4

Сурет бойынша есеп құрастыру

1

«Логикалық есептер»

5

Анаграмманы оқып, жазу

1

6

Математикалық жұмбақ ойыны

1

7

Сөзжұмбақты шешу

1

8

Ойлан ,тап

1

9

Ребус шешу

1

10

Тапсырманы пайымдау

1

11

Заңдылықты анықтауға арналған тапсырмалар

1

12

Қиял мен қисынды жаттықтыру

1

13

Логкалық тапсырмалар

1

14

Викторина

1

«Құрастырмалы ойындар»

15

Жадында сақтауды жаттықтыру

1

16

Білімдарлар сайысы

1

17

Көру арқылы есте сақтауды жаттықтыру

1

18

Математикалық жұмбақ шешу

1

19

Зейінді жаттықтыру

1

20

Жасырынған сөздер» ойыны

1

Зейінді жетілдіру. Ширату. Есте сақтауды дамыту.

21

Өз бетінше жұмыс

1

22

Таным қабілетін дамыту тапсырмалар

1

23

Сурет бойынша есеп құрастыр

1

24

«Қосу таңбасын қой» ойыны

1

25

Ойша есеп құрастыру

1

26

Балалардың даму деңгейін анықтау

1

27

Заңдылықты іздестіру

1

28

Қиялды дамыту тапсырмалар

1

«Математикалық ойлау есептері».

29

Фигуралардан сурет құрастыр

1

30

Белгісіз сандарды табу

1

31

Схема бойынша есеп шығару

1

32

Белгісіз амал таңбаларын қой

1

33

Қызықты үшбұрыштар

1

34

Сиқырлы шаршылар

1

 

Пайдаланылған әдебиеттер: 

1. Ә.Тұрғынбаев «Логика» Алматы «Білім» 2004 ж 
2. Е.Шаханов «Логикалық жаттығулар жинағы» Астана 1999ж 
3. Ж.Елшібаев «Зерек» Алматы «Өнер» 1999 ж 
4. Б.Жұмақаева «Дене мүшелерінің атауларынан туындаған бірліктер» Алматы 2009 ж 
5. Ж.Кейкін «Атадан өсиет, анадан қасиет» Алматы «Өлке» 2010 ж 
6. Е.Шаймерденұлы «Ақыл ой антологиясы» Алматы «Ана тілі» 1997 ж


Пікірлер (6)

Аян

сабақ жоспарларын қайдан алсақ болады

Жанабаева Гулайхан Жанабаевна

Осынадай әдісдемелік көмектер көп болса.

Жанабаева Гулайхан Жанабаевна

Қаламдарыңыз ұштала берсін. Шығармашылық табыстар тілеймін.

бағлан

менде сұрақ техкартасы бар ма?

бағлан

техкартасы бар ма?

Пікір қалдырыңыз


Қарап көріңіз

Басқа да жазбалар