ОҚО, Ордабасы ауданы
«Ынтымақ» жалпы орта мектебі мемлекеттік мекемесі
Технология пәні мұғалімі: Сайдалиева Малика
Сабақтың тақырыбы: Бисермен гүл жасау үлгісі
Сабақтың мақсаты:
Білімділік: Студенттерге бисер туралы, оның түрлері, ерекшелігі, қолданылуы жайлы түсінік беру, моншақтан гул, өрнек тоқуды үйрету.Өз бетінше жұмыс істеу дағдысын қалыптастыру, шығармашылық қабілеттерін дамыту. Қолөнерге деген қызығушылығын арттыру, ептілікке, талғампаздыққа, шыдамдылыққа баулу.
Сабақтың типі: Аралас сабақ
Сабақтың түрі: Жаңа сабақты игеру.
Сабақтың әдісі: Сын тұрғысынан ойлау технологиясының стратегияслары, сұрақ-жауап, баяндау, топпен жұмыс.
Сабақтың көрнекілігі: Слайдтар, суреттер, дайын бұйымдар.
Пәнаралық байланыс: Математика, тарих, бейнелеу өнері.
Сабақтың барысы:
І.Ұйымдастыру. Психологиялық дайындық.
Үлкенге де сіз,
Кішіге де сіз.
Сәлем бердік сіздерге,
Құрметпен біз.
ІІ. Жаңа сабаққа дайындық
Қызығушылықты ояту: Сөзжұмбақ
1. Матаға белгі салатын зат
2. Іс тігетін құрал
3. Өлшейтін құрал
4. Кесте тіккенде матаны бекіту құралы
5. Мата қалдықтарынан құрастырылған өрнек
ІІІ. Жаңа сабақ
ІҮ. Мағынаны ашу.
Бұл кезеңде INSERT жүйесін қолдану тиімдірек. Кестені толтыру.
А) Бисер туралы не білемін.
Ә) Не білгім келеді?
Б) Жаңа ақпаратпен таныстыру.
Бисердің шығу тарихына тоқталсақ.
Бисер деген сөздің өзі ұсақ моншақтарға берілген жалпы түсінік. Ұсақ, домалақ, сопақша, әр түрлі хрусталь, шыны, керамикалық материалдардан жасалған моншақтарды бисер деп атайды.
Қазақша бисер су моншақ, ұсақ моншақ, жалған маржан деп атайды. Бисермен тоқу көп уақытты талап етеді. Барлық қолөнер сияқты бисер тоқудың да тарихы бар. Бисердің шығу тарихы әйнектің пайда болуымен тікелей байланысты. Ал әйнектің қашан пайда болғанына әлі күнге дейін нақты дерек жоқ. Дегенмен, әйнекті дайындаудың ең алғаш құпиясын Финикия елі ашқан деген аңыз бар. Бұл аңызда финикалық көпестер әлемді жүзіп жүріп Сирияға тоқтайды. Өздеріне азық дайындау мақсатымен отқа қазанын қою үшін аралдан үлкен тас іздейді. Ешнәрсе таппаған олар үлкен бөлігін пайдаланады. Жалынның ыстық температурасынан селитра еріп, өзен құмына араласып, сұйық әйнек болып аққан екен. Финикалық көпестер бүкіл Жерорта теңізінің халқына әйнектен жасалған бұйымдарды сатқан екен.
Кейбір деректер бойынша, әйнектің отаны Ежелгі Египет болған. Әйнектен жасалған моншақтар, амулет, ыдыс-аяқтар сонау б.з.д. ХІ ғасыр ескерткіштерінен табылған. Әйнек массаға кобальт, мыс, маргенец қосу арқылы Египеттіктер көгілдір, жасыл, алқызыл түсті әйнек алған. Ең алғаш бисер атауы дәл осы Египет елімен байланысты. Оның атауы арабтың «бусра» немесе «бусер» деген сөзінен шыққан-жасалған маржан.
Су моншақпен тоқудың ең көп тараған түрі- параллельді тоқу.
1. Техникалық қауіпсіздік ережелері:
1. Жұмысты орындар алдында артық заттар болмау керек.
2. Қайшы өткір болу керек және оларды жабық сақтаған жөн.
3. Сымды, бисерді ауызға салуға болмайды.
4. Сымды қайшымен қияды.
5. Сымды көзге жақын ұстамайды.
Слайдтан гул тоқу жолдарын түсіндіру.
Ұзындығы 20-30 см болатын сым алып, оған 1 бисер кигізіледі. Кейін сымның келесі ұшымен 2 бисер кіргізіледі, олар тығыз орналасады. Осылайша бисерді қоса береміз, қажетті көлемге келген соң азайтамыз. Бізге осындай 5 үлкен, 5 кішкентай күлтешік және жүрекше қажет.
(Жұмыстарын аралап көру, бағыт беру, бағалау)
- Бисерден қандай бұйымдар жасауға болады?
- Бисермен тоқудың ең көп тараған түрі?
- Бисермен жұмыс жасауда не талап етіледі?
Ү. Шығармашылық жұмыс.
1 топ. Гүл аттарын жазу.
2 топ. 1 шумақ өлең «Гүл».
3 топ. 1 шумақ өлең «Бисер» .
ҮІ. Қорытынды.
ҮІІ. Бағалау.
ҮІІІ. Үйге тапсырма. Тақырып туралы қосымша ақпараттар жинау. Қосымша шығармашылық жұмыспен айналысу.
- Джон Максвелл
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі