Өлең, жыр, ақындар

Магнит ағынының сақталу заңы. Ленц ережесі

Сабақ мақсаты:

  1. Электромагниттік индукция заңы, индукциялық токтың пайда болуы,индукциялық ток пен сыртқы магнит өрісінің ағыны арасындағы байланыс, Ленц ережесі туралы түсінік алуға жетелеу.
  2. Оқушыларды ғылыми дүниетанымын қалыптастыру, өздігімен ғылыми ой қорытындыларын жасауға дағдыландыру.
  3. Жауапкершілікке, еңбекқорлыққа, ізденімпаздыққа тәрбиелеу.

Сабақ түрі: аралас                 Сабақ әдісі: баяндау, сұрақ –жауап

Сабақ барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі.

ІІ. Өткен тарауға шолу:

  1. Магниттік және электрлік құбылыстардың байланысы қалай дәлелденді?
  2. Қандай әрекеттесу магниттік деп аталады?
  3. Магнит өрісінің күш сызықтары деп нені түсінесіңдер?
  4. Магнит индукция векторының бағытын қалай анықтайды?
  5. Дөңгелек токтың центріндегі магнит өрісі индукциясы қандай формуламен есептеледі?
  6. Магнит ағынын дегеніміз не?
  7. Лоренц күші дегенміз не?
  8. Лоренц күшінің бағыты қалай анықталады?
  9. Магнетиктер деп қандай заттарды айтамыз?
  10. Парамагнетик, ферромагнетик дегеніміз не?
  11. Кюри нүктесі дегеніміз не?
  12. Заттың магниттік өтімділігінің мағынасы қандай?

ІІІ. Жаңа тақырып.

Фарадей тәжірибелерін демонстрациялап, түсініктеме беру.

Фарадей  заманында пайда болған токты бақылау үшін тангенс-гальванометрді пайдаланған.

Фарадей тәжірибелерінен шығатын қорытындалар:

  1. Контурда оны тесіп өтетін магнит өрісі индукция векторының ағыны уақыт бойынша өзгеретін кезде ғана индукцияның ЭҚК-і пайда болады, яғни ∆Ф≠0.
  2. Индукциялық токтың шамасы контурды тесіп өтетін магнит ағынының өзгеріс жылдамдығына, яғни ∆Ф/∆t тәуелді.
  3. Өткізгіш магнит өрісінің күш сызықтарын қиып өткенде контурда индукциялық ток пайда болады.

│εi│=k│∆Ф/∆t Контурда пайда болатын индукцияның ЭҚК-і контурды тесіп өтетін магнит ағыны өзгерісіне тура пропорционал, к коэфф. мәні магнит ағынының өлшем бірлігін таңдап алғанға тәуелді.

Ленц ережесі:

Индукциялық ток магнит өрісі индукциясының ағынын тудырады, ал оның ∆Фi  өзгерісі сыртқы магнит өрісі индукциясының ағынының ∆Ф өзгерісіне кедергі жасайды, демек ∆Фi және ∆Ф бағыттары қарама-қарсы, яғни электрмагниттік индукция өрнегіндегі пропорционалдық коэфф. -1-ге тең. Сонда:

εi=-∆Ф/∆t

Индукциялық ток шамасы:

Ii=-1/R∆Ф/∆t

Егер контурдың кедергісі нольге тең болса, онда магнит ағынының өзгерісі нольге тең, яғни Ф12, бұл магнит ағынының сақталу заңы.

ІV. Есептер шығару. А.П.Рымкеевич есептер жинағынан №911,№912, №915

V. Бағалау

VІ. Үйге тапсырма §11.2.  №913,№914.


Пікірлер (2)

...

Өте керемет

Пікір қалдырыңыз


Қарап көріңіз