Алматы облысы, Жамбыл ауданы
"Қайназар ауылындағы № 1 орта мектеп" КММ
химия пәнінің мұғалімі
Мамыркулова Умиткул Кенжекановна
САБАҚ: 10 |
Мектеп: Қайназар №1 ОМ |
|||
Күні: 07.10 |
Мұғалімнің есімі: Үміт |
|||
Сынып: 8 «А» |
Қатысқандар саны |
Қатыспағандар саны |
||
Сабақтың тақырыбы |
Химиялық реакциялардың жүру белгілері мен жағдайлары |
|||
Сабақ негізделген оқу мақсаты (мақсаттары) |
Химиялық реакциялар туралы біледі, реакцияның жүру белгілерін ажыратады, күнделікті тұрмыста болып жатқан құбылыстарды түсінеді, визуалды зертхана тәжірибенібақылай алады, реакция нәтижесінде жаңа заттың түзілгенін анықтай алады. |
|||
барлық оқушылар: Химиялық реакциялар туралы біледі, реакцияның жүруінің сыртқы белгілерін атай алады. |
||||
оқушылардың басым көпшілігі: түрлі мысалдар келтіре алады, күнделікті тұрмыста болып жатқан құбылыстарды түсінеді |
||||
кейбір оқушылар: лабораториялық тәжірибе жасай алады, реакция нәтижесінде жаңа заттың түзілгенін анықтай алады. |
||||
Негізгі сөздер мен тіркестер: реагенттер, өнімдер, химиялық реакция |
||||
Сыныптағы диалог/ жазылым үшін пайдалы тілдік бірліктер: Талқылауға арналған тармақтар: Химиялық реакция деген ұғымды қалай түсінесіңдер? Химиялық реакция жүру үшін затқа немесе заттар қоспасына қалай әсер ету керек? Мөлдір етіп сүзілген әк суын үйде бірнеше күн сақтаса, ыдыстың түбіне ақшыл тұнба түсе бастайды. Мұның себебі недеекенін айта аласыз ба? Автомашина қозғалтқышындағы жанармайдың жануын химиялық реакцияға жатқызуға бола ма, неліктен? Жазылым бойынша ұсыныстар:______________________________ |
||||
Алдыңғы оқу |
||||
Жоспар |
||||
Тапсырмалар, жоспарланған уақыт |
жоспарланған жаттығулар (төменде жоспарланған жаттығулармен қатар, ескертпелерді жазыңыз |
ресурстар |
||
Мұғалімнің әрекеті |
Оқушылардың әрекеті |
|
||
Басталуы Топқа бөлу. 2 мин.
Миға шабуыл. 2 мин |
Оқушылармен сәлемдеседі. Сыныптағы оқушыларды 1, 2, 3 деп санау арқылы үш топқа бөледі. Топтағы көшбасшыларын сайлайды. Оларға бағалау парағын таратады, қалай бағалау керектігін түсіндіреді. «Кім жылдам?» ойыны Интербелсенді тақтадан алдын ала жазылған құбылыстарды оқиды.а) физикалық құбылыстар ә)химиялық құбылыстарғаажыратып айтыңдар. Парафиннің балқуы, жаңқаның көмірленуі, сүттің ашуы, темірдің таттануы, ағашта қыраудың пайда болуы, электр шамы қылының қызаруы, қанттың көмірленуі, қанттың суда еруі |
Оқушылар1, 2, 3 деп санау арқылы 3 топқа бөлініп отырады.
Миға шабуыл Қайсысы а) физикалық құбылыстар ә) химиялық құбылыстарға жататынын ажыратады |
Сурет
Интербелсенді тақта |
|
Ортасы Тыңдалым 4 мин
Мәтінмен жұмыс 12 мин
Виртуалды зертхана 10 мин
Сәйкестендіру 5 мин
|
Тыңдалым. Оқушыларға электронды оқулықтантабиғаттағы химиялық реакциялар- көміртек, азот және оттектің табиғаттағы айналымы жайлы мағлұматтар тыңдату арқылы жаңа сабаққа дайындайды. Мәтінмен жұмыс. Мәтінді топтарға бөліп береді. Джигсо әдісі 1 топқа - Жылудың бөлінуі 2 топқа- тұнбаның түсуі 3 топқа – газдың бөлініп шығуы
Эксперименттік бөлім Реакцияныңжүру жағдайлары қарастырылады.Химиялық құбылыстың химиялық реакция деп аталатындығын, химиялық реакциялардын өз белгілері болатындығы айтылып, әр түрлі белгілері бар реакциялар жасап көрсетіледі: ерітінділерде тұнба түзілу( мысалы, BaSO4 ,AgCl,т.б) газ бөліну(H2, O2, NH3, CO2, т.б.), Оқушылардың назарын ең басты қорытындыға аударукерек: химиялық реакцияның ең негізгі белгісі жаңа заттардың түзілуі. ІІІ-тапсырма. Химиялық терминология бойынша сәйкестендіру |
Тыңдайды, қажетті мәліметті дәптерлеріне жазып алады.
Оқушылар мәтінмен таныса отырып жеке жұмыс жасайды. Әр топ өзінің тапсырмасын топ ішінде талқылайды. Постер қорғайды. Әр топ өзара (екі жұлдыз, бір ұсыныс арқылы) бағалайды.
І. Оқушылар виртуалды зертханада тәжірибенің жүргізілуін бақылайды. Реакциялардың жүру белгілерін атайды. (Жылудың бөлінуі, тұнбаның түсуі, газдың бөлінуі). ІІ. Дәптерлеріне кестені толтырып, қорытынды жазады.
ІІІ. Оқушылар дәптерлеріне химиялық терминология бойынша сәйкестендіруді орындайды. |
Электрондық оқулық
А-3 қағазы, түрлі түсті маркер
Виртуалды зертхана
АКТ
|
|
Аяқталуы Тест 5 мин
Кері байланыс 2 мин
Үй тапсырмасы Бағалау 3 мин |
І. Оқушылардан «ACTIV ote» құрылғысы арқылы қысқа тест (5 сұрақ) алынады. 1. Физикалық құбылыс – Сабаққа рефлексия жазу тапсырылады.Кері байланыс Үйге тапсырма беру: Химиялық реакциялардың жүру белгілері мен жағдайлары.№1-7 сұрақтар 47 бет Мұғалім оқушының қойған бағасын тыңдай отырып, қорытынды бағаны өзі қояды. |
Оқушылар қысқа тестпен жұмыс жасайды. Тесттің кілті арқылы бірін-бірі бағалайды. 1. С 2. В 3. А 4. В 5. С
«Білім теңізіне қайықты жіберіңіз» тақырыпты жақсы меңгердім деп есептеген оқушылар өз қайығын Білім теңізіне жібереді, ал оған сенімсіз балалар Ереже шығанағында қалады. Стикерге жазып іледі.
Топ басшылары бағалау парағы арқылы қойылған бағаны таныстырады, себебін түсіндіреді. |
АКТ
Стикер
Бағалау парағы |
|
Қосымша ақпарат |
||||
Саралау-Сіз қосымша көмек көрсетуді қалай жоспарлайсыз? Сіз қабілеті жоғары оқушыларға тапсырманы түрлендіруді қалай жоспарлайсыз? |
Бағалау-оқушылардың үйренгенін тексеруді қалай жоспарлайсыз? |
Пәнаралық байланыс Қауіпсіздік және еңбекті қорғау ережелері АКТ-мен байланыс Құндылықтарға байланыс |
||
Оқушыларды қабілетіне қарай саралап, мадақтау.Оларға сенім арту арқылы қолдау көрсету |
Бағдаршам әдісін пайдалану арқылы және оқушылардың формативті бағалауымен өз бағасынан ортақ баға қойылады. |
Сабақ барысында оқушылар ТҚЕ журналына қол қойып, ТҚЕ танысады.Қауіпсіздік ережелері сабақ барысында сақталады. |
||
Рефлексия Сабақ/оқу мақсаттары шынайы ма? Бүгін оқушылар не білді? Сыныптағы ахуал қандай болды? Мен жоспарлаған саралау шаралары тиімді болды ма? Мен берілген уақыт ішінде үлгердім ба? Мен өз жоспарыма қандай түзетулер енгіздім және неліктен? |
Төмендегі бос ұяшыққа сабақ туралы өз пікіріңізді жазыңыз. Сол ұяшықтағы Сіздің сабағыңыздың тақырыбына сәйкес келетін сұрақтарға жауап беріңіз. |
|||
|
||||
Қорытынды бағамдау Қандай екі нәрсе табысты болды (оқытуды да, оқуды да ескеріңіз)? 1: 2: Қандай екі нәрсе сабақты жақсарта алады (оқытуды да, оқуды да ескеріңіз)? 1: 2: Сабақ барысында мен сынып немесе жекелеген оқушылар туралы менің келесі сабағымды жетілдіруге көмектесетін не білдім? |
Әми Го
Керемет