Өлең, жыр, ақындар

Әннің интерпретациясы

Қызылорда облысы, Шиелі ауданы
«№ 142 орта мектебі» КММ
Музыка пәні мұғалімі: Жусипбаев Талгат Кенесович

6-Бөлім: Салт-дәстүр

Сабақтың тақырыбы: Әннің интерпретациясы

Күні: 2017 ж

Мұғалімнің аты-жөні: Жүсіпбаев Талғат

Сынып: 1

Қатысушылырдың саны:

Қатыспаған оқушылар саны:

Осы сабақты меңгеруге қол жеткізетін оқыту мақсаттары

1.1.2.1 Әндерді музыкалық аспаптың сүйемелдеуімен орындау

1. 1. 2. 2 Қарапайым ырғақтық суреттемелерді шулы музыкалық және қазақ халық аспаптарында ойнау

1.1.3.2 Қазақ халқының және басқа халықтардың музыкалық аспаптарының дыбыс бояуын және дауы бояуын ажырату

1.3.1.1 Өз шығармашылық бағытын көрсете білу

Сабақтың мақсаттары

Барлық оқушылар:

Өз репертуарын кеңейтуді жалғастырады

Ұлттық музыканы, бейнелеу өнерін және олардың тарихпен байланысын зерделейді.

Ой мен сезімін зерттеуге шабыттандыратын қазақ халқының музыкасын тыңдайды, орындайды, импровизациялар шығарады

Бұл бөлімде оқушылар дәстүрлі қазақ ертегілерінен үзінділер көрсетеді, дәстүрлі қазақ әндерін үйренеді.

Оқушылардың көпшілігі:

Басқа сабақтардағыдай оқып- үйренуде динамикалық карталарды пайдаланады.

Музыкадағы динамиклық реңіктерді тани білуге қатысты музыкалық ырғақтық дағдылары мен іскерліктерін дамытуды жалғастырады.

Кейбір оқушылар:

Ұлттық би қимылдарымен танысады және әнге қимылдар салады, сурет арқылы музыканы бейнелеуді үйренеді.

Тілдік мақсаттар

Оқушыларды тілді барынша нақты пайдалануға ынталандыру

Оқушыларды пікірталас диалогтерге қатыстыру

Оқушылардың оқуға деген ынтасын қалыптастыру

Пән лексикасы мен терминологиясы:

Интерпретация, өздігінен орындау

Мұны мынадай...... жолмен жақсартуға болады.

Мен әнді былай.... жалғастырар едім.

Диалог\жазу үшін қажетті сөз тіркестері:

Талқылауға арналған сұрақтар:

   - Сөз мәтінін жалғастыра алдыңба?

   - Сөздің ұйқасы дегенді қалай түсінесің?

   - Неліктен.... екенін айта алсыңба?

Алдыңғы сабақтарда алған білім

Оқушылар алдыңғы сабақтрдан әңгімелер мен ертегілерден қысқа үзінді үшін музыкалық сүйемелдеу құруды, музыкалық аспаптарды қолдана отырып қоршаған ортаның әртүрлі дыбыстарын бере алуды, дыбыс динамикасын дұрыс анықтауды, өзінің және өзгелердің жұмысы туралы ойын білдіруді үйренеді.

Сабақтың барысы

Сабақ кезеңдері

Сабақта жоспарланған іс-әрекет

Ресурстар

Сабақтың басталуы

             0-5

(ОТ, Қ) Оқушылармен үш тілде сәлемдесу:

Сәлеметсіздер ме, балалар! – Здравствуйте, дети) – Hello, children!

Өткен сабақтарда үйреген әндерді қайталаймыз.

Әнді жатқа сезімталдықпен орындауға баулимыз.

Қазақ биінің бірнеше элементтерін ән әуенімен көрсетуі керек

Паузаларды пысықтау

Аудиожазба

 

Паузлар салынған карточкалар

Сабақтың ортасы

 

 

 7-11

 

 

12-14

 

 

15-20

21-35

(Ұ, Қ) «Ұйқасын тап» ойыны – бұл арқылы баланың зейінін, ой-өрісін, зейінін, қиялын, алғырлығын дамытмыз. Мысалы:

Тұмсығымен шымшып,

Құрт тереді .... (шымшық)

Бата алмас түлкі,

Үсті тікен .... (кірпі)

(МК, Ұ, Ж) Ән айтуға оқушыларды дайындаймыз. Даус жаттығуын жасатып, ән айту ережелерін еске түсіреміз.

Дауыс жаттығуына өткен әндердің жеңіл фразаларын алуға болады. Сол арқылы балалардың есте сақтау қаблеті жақсарады.

(МҰ, Ж, МК) Ән үйрену:  «Жас ұлан» (С. Әшімов)

Ән мәтінінің мазмұнына талдау жасау.

Мақал-мәтелдер сайысын ұйымдастыру: «Ұранды елдің ұрпағы қайсар»

Оқулықтғы берілген сурет бойынша өз ойыңды тиянақтап жеткіз.

Отанды сүю, Отан қорғаушылар, жас ұлан сөздерінің мағынасына оқушылармен бірге талдау жасау.

«Тұр сапқа, кәне, жас ұлан!» ұранының ырғағын даңғырамен  соғып үйрену. Сегіздік нота мен паузаның ұзақтығын анықтау.

«Жас ұлан» әнін Curwen жүйесі бойынша қол қимылымен орындап жаттығу

(Ө, Ж, Қ) Әннен үзіндіні қайталап айтқызып, музыканы бейнелеп көрсетуді үйрету. Бір-бірімен идеяларымен бөлісуі керек.

(Ұ) Үштілділік: интерпретация-интерпретация- interpretation қазақша- орысша- ағылшынша таза айтқызып үйрету

 Түрлі түсті суреттер

 

 

 

 

 

 

 

 

 «Жас ұлан» (С. Әшімов)

 

 

 

 

 

Музыкалық аспап

 

 Curwen қол жүйесінің кестесі

Сабақтың соңы

35-45

(Ө, Ж, Қ) Өткен сабақтарда үйренген әндерді шулы музыклық аспаптармен сүйемелдеп қайталау. Әндерге интерпретация жасап жаттығу

Аудиожазба шулы музыкалық аспаптар

Үй тапсырмасы

Ән жаттау

Оқулық


Пікірлер (2)

Қосжанов Жеңісбек

Маған ұнады

Пікір қалдырыңыз


Қарап көріңіз