ШҚО, Өскемен қаласы
"№22 орта мектебі"
Педагог-психолог: Юсупова Диля Аскаровна
Психологиялық тренинг
Тақырыбы: «Тиімді педагогикалық қарым-қатынас»
Мақсаты: Педагогикалық ұжыммен тиімді қарым-қатынас жасау дағдыларын қалыптастыру, қарым-қатынастың белсенді стилін орнықтыру, әрі қрай ашық сөйлеуге, өзіндік «Мен-тұжырымдамасын» айқындауға, өзінің және өзгелердің психологиялық ерекшеліктерін анықтауға көмектесіп, оларға талдау жасай алуды дамыту.
Әдістемелік жарақтау: ақ бет қағаздар, фломастерлер, стикерлер, тілектер жазылған парақтар.
Тренингке қатысушылар: мұғалімдер
Өткізілу уақыты: 1 сағат
Тренинг барысы
№ |
Тренингтің кезеңдері |
Мақсаты |
Мазмұны |
Уақыты |
1. |
Ұйымдастыру Кіріспе сөз
|
Тиімді педагогикалық қарым-қатынас туралы түсінік беру |
Қарым-қатынас ауқымындағы кәсіби өзіндік тәрбиелеуді ұйымдастыру келесі шарттарды ұстануды қажет етеді: сабаққа салмақтылық қатынасты; үнемі сынаулы өзіндік талдауды; жүйелі түрде өзімен жеке дара жұмыс; серіктесінің жұмысына зейін қою. Өзініз және әріптестеріңізді осы жұмыспен қызығушылық танытуға тырысыңыз. Педагогикалық іс-әрекетке жүктеме әрқашан орын алады, яғни мадақтау және сөгісті анықтау кезінде, қақтығыстық жағдайды шешкенде, тәрбиелеу және оқыту әдіс-тәсілдерін талдау. Альбер Элистің сөзін айтқым келеді: «Қалай біз ойлаймыз, солай біз өзімізді сезінеміз». Яғни барлығы қандай да бір жағдайларда дұрыс әсер есте алу икеміне тәуелді болып келеді. |
2 мин |
2. |
Танысу
|
Қарым-қатынас дағдыларын қалыптастыру, бір-бірін жетік таныстыру. |
Өкінішке орай, мұғалім мен психологтың өзара әрекеттесуіне оптимистік көзқараспен қарамайды. Сондықтан да бүгінгі кездесудің эпиграфы ретінде «Еркін әңгіме» өлеңін таңдап алдым. - Сөйлесейік? Мүмкін қызықты болар. Сіздермен тереңірек танысу үшін мына оралған жіпті сіздерге беремін, сіздерге сөйлемді аяқтап, жіпті келесі адамға бересіз. Солай бәріміз бір-бірімізбен байланысқа түсеміз. «Бұл тоқсан мен үшін..........Мен өзімді...........үшін жақсы көремін». Ал енді жіпті қайта орап «Менің жетістіктерім (өмірде неге қол жеткіздім, не ұнайды, барлығынан не қолынан келеді)» сұраққа жауап берулеріңізді сұраймын. |
5 мин |
3. |
«Жыл мезгілдері» ойыны
|
Топтың ұйымшылдығын қалыптастыру, бір-біріне сенімділік орнату. |
Тренингке қатысушылар 2 топқа бөлінеді. Мұғалімдер туған күніне байланысты жыл мезгілдер бойынша топқа бөлінеді. Әр топ өз үстелін табады. Үстелде фламастер, қарандаштар, беттер, визитка үшін шаблондар және булавка. Барлық топқа ортақ тапсырма беріледі: • қатысушылар өз визиткасын жасайды, өзіне ұнаған тренинг есімін жазады. |
7 мин |
4. |
Топтық тренингте жұмыс ережесін қабылдау |
Біртұтас жұмыс кеңістігін қалыптастыру. |
1. Кеуде визиткада жазылған сияқты бір-бірлеріңді атпен атаңдар. Қатысушылар ережемен танысқаннан кейін, басқа қосатын ережелері бар ма екенін сұрау. |
2 мин. |
5. |
«Көзбе көз» жаттығуы
|
Танысу кезінде топтың қатысушылары арасында терең және сенімді қатынас орнату.
|
Жүргізуші күнделікті өмірде бір-бірімізбен қарымқатынасқа түскен кезде тек сырт жақтарға қанағаттанып, басқа адамдардың не ойлап, сезгенін көруге тырыспайтындығын айтады. Содан кейін қатысушыларға 1-2 минут көлемінде бір-бірінің көзіне қарап, топтың әр мүшесімен қатынас орнатуға тырысады. Жаттығу аяқталғанда жүргізуші жаттығу барысындағы сезімдері туралы сұрайды. Көзбе-көз қарым-қатынас орнату кімге және неге қиын болғанын сұрайды. |
3 мин |
6. |
«Презентация» жаттығуы
|
Өзі және басқа адамдар туралы жақсы ой-пікір қалыптастыру, өз-өзіне сенімділікті дамыту. |
Адаммен алған қарым-қатынасқа түскеннен бастап ол адам туралы алғаш пікір қалыптасады және оны өзгерту қиынға соғады. Сондықтан да бірнеше минут барысында өздеріңнің презентацияларыңды құруды ұсынамын, яғни өз серіктесіңе өзің туралы жақсы, маңызды сөздер айту. Сонан кейін рөлдеріңді ауыстырасыңдар. Презентация келесідей өтеді: орындыққа жұптың біреуі отырады. Екінші қатысушы қасына тұрып, иығына қолын қойып, оны көрсетеді. Сонан кейін қатысушылар рөлдерін ауыстырады. |
7 мин |
7. |
Негізгі бөлім.
«Фотоальбом» жаттығуы |
Эмоционалды деңгейде, кәсіби деңгейде өзгерістер болғанын жұмыс қалай қабылданады, шаршағандықтың бар ме екенін көру.
|
Көздеріңізді жұмыңыздар да, ең алғаш мектепке келген кездеріңізді еске алыңыздар. Сіздер қандай едіңіздер, ойларыңыз, сезімдеріңіз қандай болды? Ал енді, сіздердің мектептегі алғашқы күндеріңізді суретке түсіріп алды. Енді фотода сіздер қандай болып шығуыңыз мүмкін, оған не жазуды ойлап табыңыз. Ал,енді қазір сізді фотоға түсіреді, фотоңыз қандай болады, оған не жаздыңыз? Талқылау: Не өзгерді? |
8 мин |
8. |
«Мектеп құрамыз» ойыны
|
Ұжымның ұйымшылдығын қалыптастыру, өз жұмысына қызығушылық арттыру. |
Қатысушылар 2 топқа бөлінеді. Елестетіп көріңіздер, педагогтың мамандығы жоғары бағаланып, міне жаңа мектеп ашты. Мұнда ең үздік мұғалімдер ұжымы сайысы жарияланады. Сіздердің міндеттеріңіз: 1. Өздеріңіздің кіші топтарыңыздың рөлдерін бөліңіздер. Қатысушылар өз жұмыстарын көрсетеді. |
7 мин |
9. |
Релаксация «Баспана» жаттығуы |
Қатысушылардың бұлшықеттерін босаңсыту |
Тренингке қатысушылар орындықтарына жайғасады, олар денелерін бос ұстап, көздерін жұмады. Жағымды, жай дауыспен психолог былай дейді: «Сіздің қай кезде де жата кететін жайлы баспанаңыз бар делік. Мысалы таудың етегінде лашығыңыз бар деп есептеңіз және оны сізден басқа еш жан білмейді. Ойша осы жерді суреттеңіз. Сіз ол жерде демала аласыз, музыка тыңдайсыз және досыңызбен әңгімелесе аласыз. Бұл жерде тек сіз өз-өзіңізбенсіз. Тек қана жақсы нәрселер туралы ойланыңыз. Сіздің көңіл-күйіңіз өте жақсы. Сізде қанағаттанушылық сезімі орын алды. Сіз барлық мәселелер мен қиындықтарды ойламай демалғыңыз келгенде дәл осылай қиялдаңыз немесе ұйықтар алдында тіпті күні бойы осылай армандауғаңыз». |
5 мин |
10. |
Өзіндік зерттеу
«Әркім өз бұрышында»
|
Мұғалімдердің өзіндік талдауын жасай алуға дағдыландыру, кәсіби шеберлігін арттыру. |
Қатысушалардың әрқайсысы 2 бет қағаз алып, жазатын бір нәрсе алып өзіне ыңғайлы жеке жұмыс орнын табады. Келесі келісім бойынша әрекет етеді: - Жұмысты жасырын жазуға болады. Нұсқау: 1. 1-ші бетке 5-6 геометриялық немесе абстрактілі фигуралар салыңдар. 2-ші бетке жұмыс барысында туындаған өз-өздеріңе сұрақтар жазыңдар, сонымен қатар жұмыс барысындағы сендердің көңіл-күйлеріңізді суреттейтін сөздер жазыңдар. Бұл бет сендерде қалады. Әр фигураның ішіне келесі ойды аяқтаңдар: «Мен мектепте жұмыс барысында………қалаймын. Жауаптар көп болуы мүмкін, бірақ сөйлемнің басы біреу. Өз жауаптарыңды маңыздылығына қарай реттеңдер. Сіздерге ең маңыздысына 1 санын қойыңдар, келесі 2,3,4 сандар маңыздырақ т.с.с. Әр фигураның контурына «Бұл мүмкін, егер….» өз түсініктеріңді беріңдер. Бұл тек қана сендерге тәуелді деген фигураларды ашық түске бояңдар. Әр фигурадан стрелка шығарып, мына сұраққа жауап жазыңдар: «Бұған кім және не маған көмектеседі? |
10 мин |
10. |
«Жетістікке жету баспалдығы» жаттығуы
|
Мұғалімдердің алдына мақсат қойып, оны жетілдіру ұмтылысын арттыру. |
«Жетістікке жету баспалдығы» жаттығуы Өмірде жетістікке қол жеткізу үшін, қандай тұлғалық қасиеттерің мен икемділіктеріңізді дамытқыларыңыз келеді? Өзіңіздің «Жетістікке жету баспалдағын құрастырамыз» Қатысушыла өз еркініне қарай өз ойымен бөліседі |
7 мин |
11. |
Қорытынды бөлік.
Кері байланыс «Ашық айтқанда» жаттығуы |
Алған білімді және дағдыны қорытындылау
Көңіл-күй жаңалықтарын сезіну.
|
Қатысушылар шеңбер бойымен өткен тренинг бойынша өз ойымен, сезімімен бөліседі. Санамен қозғау әдісі: - Бүгінгі тренингте не нәрсеге үйрендіңіз? |
5 мин |
12. |
«Сыйлық» жаттығуы |
Тренингке қатысушылардың қарым-қатынастарын үйлестіру |
Жаттығуды жасау үшін шеңберге тұру керек, ретпен санау жәнеөз нөмерін есте сақтау қажет. Біздің бөлмеде сіздерге қарым-қатынас жасау данышпаны болуға көмектесетін сыйлықтар бар. Өз нөмеріңізді еске түсіріңіз, сол нөмірмен сыйлығыңызды табасыз. Және ештеңе кездейсоқтық емес екендігін ұмытпаңыз. Сіздің сыйлығыңыз тек қана сізге тиесілі. Әрбіреуі бөлмеден келесі жағынан тілек жазылған өз нөмірі бар парақшаларды (жұлдызшалар, гүлдер, жемістер т.б. түріндегі) тауып алады. Осыдан кейін барлық қатысушылар шеңберге қайта оралады. Барлық қатысып отырғандарға тілек айтуды ұсыныңыз. Қосымша 1 |
5 мин
|
13. |
Қоштасу «Достық ағашы» |
Жағымды сезім орнату. |
Қатысушылар жүргізушімен бірге шеңбер құрады, бір қолын жұдырықтайды, бас бармағы жоғары қарап, бір-бірінің бармақтарын жабыстырып ағаш құрайды. Құрып болғаннан кейін бір-бірін жібермей хормен барлығы «Жарайсыңдар!» деп айтады. Жүргізуші қатысушыларға тренингке қатысқаны үшін алғысын айтады. |
2 мин |
Қосымша 1
Тілектердің үлгілері
1. Жағдайды бақылап отыру үшін сабырлы бол.
2. Дау кезінде өзінің көзқарасынды қорға, бірақ әңгімелесушіңізді тығырыққа тіреме.
3. «Мен айтамын» адамдармен қарым-қатынас жасаудың тиімдірек тәсілі екенін ұмытпа.
4. Әңгімелесушіні соңына дейін тыңдай біл.
5. Басқа адамдардың сезімін құрметте.
6. Кез келген мәселені шешуге болады.
7. Араласып жүрген адамдарыңызға ұқыпты болыңыз.
8. Жиі күлімдеп жүріңіз.
9. Өз күніңізді күлімдеп бастаңыз.
10. Өз сенімділігіңізді дамытыңыз.
11. Қиыншылықтарға тап болсаңыз көмек сұраңыз.
12. Басқаларға қараңыз, сізде және қоршаған ортада көп нәрсе ортақ.
13. Өзіңді ренжіткен адамға қараңыз, мүмкін оған сіздің көмегіңіз қажет шығар.
14. Қашанда өзіңнің әңгімелесушіңді мұқият тыңда.
15. Ойыңды және айтар сөзіңізді оң қалыптастырыңыз.
16. Өз жүрегіңізді ашыңыз, сонда әлем де сізге құшағын жаяды.
17. Кешірім жасауды әдет ету арқылы кешіруді үйреніңіз.
18. Сүйікті адамының жанын жаралауға бірер ғана секундтың жетеді, бірақ ол жараны жазуға ұзақ жылдар керек болатынын біліңіз.
19. Екі адам бір нәрсеге қарап, оны әр түрлі көруі мүмкін.
20. Бір-бірін кешіру жеткіліксіз, өз-өзіңізді кешіріңіз.
21. Өзіңізді және басқаларды тани біліңіз.
22. Өз сезіміңізді бақылай алу қабілетін қалыптастырыңы.
23. Уақыт бәрін емдейтінін біліңіз.
24. Біреудің сізді жақсы көруін зорлықпен жасау мүмкін емес екенін біліңіз.
25. Сабырлық түбі – сары алтын.
- Джон Максвелл
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі