О.Тұрмағанбетұлы атындағы Жаңаөзен мұнай және газ колледжі
Өндірістік экология пән оқытушы
Хоханова Гульмира Джумабаевна
Сабақтың тақырыбы: Ағынды суларды тазалау әдістері
Сабақтың мақсаты:
Білімділік: Ағынды суларды тазалаудың тиімді әдістерін таңдауды, судың қажеттілігін және маңыздылығын түсіндіру, ағын суларды тазалау туралы мағлұматтар беру.
Тәрбиелік: Экологиялық білім көз қарастарын қалыптастыру, табиғатты қорғауға, және іскер талапшыл болуға тәрбиелеу.
Дамытушылық: Оқушының дүниетанымдық көзқарасын кеңейту, жеке шығармашылық қабілетін дамыту.
Өткізу әдісі: Дәстүрлі әдіс.
Сабақ көрнекілігі: Интерактивті тақта, слайдтар, бейнеролик кестелер: Суды тазарту әдістерінің түрлері.
Пәнаралық байланыс: «биология», «химия».
Сабақ барысы:
I. Ұйымдастыру бөлімі
1. Оқушыларды тексеру.
2. Оқу-құралдарын түгендеу
II. Үй тапсырмасын тексеру
1. Ауа бассейнінің ластану көздерінің сипаттамасы толық мәлімет беру.
2. Ластанған ауаны қалпына келтыру шараларын ұйымдастыру түрлері
3. Ауаны ластау көздері
III. Үй тапсырмасын қортындылау (сұрақтар қою арқылы)
1. Атмофералық ауа дегеніміз не?
2. Атмасфера қабаттары дегеніміз не?
3. Атмасфера адам үшін қандай қызмет атқарады?
4. Ауа ластанған заттардың негізгі көздері қандай?
5. Бүгінгі таңда атмасфера ауаның тазалық сапасын бұзылу себептері?
IV. Жана сабақ түсіндіру
Жоспар:
1. Су ресурстардың жалпы сипатамасы.
2. Су ресурстарды ластаушы көздер.
3. Су ресурстарды қорғау және үнемді пайдалану.
4. Механикалық әдіс.
5. Биологиялық әдіс.
6. Химиялық әдіс.
7. Физико-химиялық.
Су ресурстардың жалпы сипаттамасы
Табиғат байлықтарының қымбатты тірлерінің бірі-су. Су тіршілік көзі,сусыз өмір жоқ.
Жалпы планетарлық деңгейде су сарқылмайтын ресурстарға жатады. Өйткені оның жалпы планетадағы мөлшері мұхит, атмосфера және құрылықта үнемі жүріп отыратын су айналымы нәтижесінде толықтырылып отырады. Су планетамыздың 70,8% бөлігін алып жатыр. Бүкіл су қорының 97% Әлемдік мұхиттың үлесіне тиеді. Тұщы сулардың көпшілігі (70%) қар және мұздықтар түрінде. Жер асты сулардың еншісіне тұщы су қорларының 23% тиеді.
Қазіргі таңда тұщы сулардың әртүрлі ластаушылармен: пестицидтермен және химикаттармен, мұнаймен және мұнай өнімдерімен ластануы негізгі мәселелердің бірі болып отыр. Өнеркәсіпті елдерде су айдындары мен су қоймаларының ластануы күннен-күнге артуда. Мұхиттардың мұнай және мұнай өнімдерімен ластануы бүкіл дүние жүзінде мұнай өнімдерін көптеп қолдануға байланысты болып отыр. Осының әсерінен теңіз шельфтерінде мұнай өндіру, танкерлік флот дамуда. Мұнай өндіру және оны тасымалдау кезінде, құбырларда жиі авариялар болып нәтижесінде мұхит бетінде мұнайлы дақтар жүздеген, мындаған километр жерді ластайды. Су ресурстарына және ондағы тіршілік иелеріне теріс әсер ететін заттардың бірі, өнеркәсіп орындарынан бөлінетін улы органикалық заттар. Мұндай улы заттар өнеркәсіп орындарында, транспортта, коммуналдық-тұрмыстық шаруашылықта кеңінен қолданылуда. Ағын сулардағы бұл заттардың мөлшері әдетте 5-15 мг/л-ді құрайды. Ал осы заттардың шекті мөлшері бар болғаны 0,1 мг/л-ді құрайды.
Басқа ластаушылардан: металдарды (сынап, қорғасын, мыс, марганец, қалайы, мырыш, хром), радиоактивті элементтерді, ауыл шаруашылығы егіс алқаптарынан және мал шаруашылығы фермаларынан түсетін улы химикаттарды атауға болады. Металдардың ішінен су қоры үшін ең қауіптісі сынап, қорғасын және олардың қосылыстары.
Су қорларының ластануының бір түрі - жылулы ластану. Өнеркәсіп орындары, электр станциялары су айдынына жылы суларды жиі төгеді. Бұл өз кезегінде су температурасының көтерілуіне алып келеді. Судың температурасы көтерілгенде онда оттегі мөлшері азайып, судағы лас қосылыстардың улылығы арта түседі де биологиялық тепе-теңділік бұзылады. Лас суда температураның көтерілуімен ауру қоздырғыш микроорганизмдер мен вирустар жылдам көбейе бастайды. Сосын ішкен су арқылы организмнің ішіне түсіп әртүрлі аурулар тұдыруы мүмкін.
Жер асты сулары көп аудандарда тұщы сулардың көзі болып табылады. Алайда соңғы кезде адамның шаруашылық тіршілігі барысында көптеген жер асты сулары да ластануда. Адамзат өз қажеті үшін тұщы судың орасан көп мөлшерін пайдаланады. Негізгі тұтынушылар - өнеркәсіп орындары және ауыл шаруашылығы. Сондай-ақ тұщы суларды көп пайдаланатын салаларға - тау-кен орындары, химия, мұнай химиясы, қағаз- целлюлоза, тамақ өнеркәсіптері жатады. Бұлардың еншісіне бүкіл өнеркәсіпке жұмсалатын судың 70% келеді.
Қазіргі таңда адам коммуналдық-тұрмыстық қажеттілігі үшін ас суды көп пайдалануда. Қолданатын судың мөлшері аймаққа, өмір сүру деңгейіне байланысты адам басына шақ қанда 3 литрден 700 литрге дейін келеді. Өткен 50-60 жыл ішіндегі суды пайдалану мәліметтеріне сүйене отырып, жыл сайын суды пайдалану артып, табиғат үшін орны толмайтын судың мөлшері 4-5%-ды құрайтыны есептелген. Суды пайдалану және ысырап ету осы қарқынмен жалғаса берсе, халық санының өсуіне және өндіріс орындарының дамуына байланысты 2100 жылға адамзат тұщы судың бүкіл қорын тауысуы мүмкін. Қазіргі кездің өзшде тұщы судың жетіспеуі, су ресурстары жеткілікті жерлердің өзінде де байқала бастады. Тұщы сумен қала халқының 20%, ауыл халқының 50% қанағаттандырылмай отыр.
Су ресурстарды ластаушы көздер
Дүниежүзілік су қорларының ластануы бүкіл адамзат қауымын аландатып отыр. Бұл мәселе Қазақстанға да тән. Судың ластануы көп түрлі әрі ең соңында су экожүйесін бүлдірумен аяқталады.
Су айдындарының ластануын былайша топтайды:
• биологиялық ластану: өсімдік, жануар, микроорганизмдер және аш бейімді заттар
• химиялық ластану: уытты және су ортасының табиғи құрамын бүлдіретіндер
• физикалық ластану: жылу-қызу, электр-магнитті өріс, радиоактивті заттар
Судың сапасы, ластану деңгейі үнемі бақылауға алынып отырады. Судың құрамындағы химиялық қоспалар, тұздық құрамы, еріген бөлшектер, температура әр түрлі болуы мүмкін.
Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы ауыз судың 100-ден астам сапалық көрсеткішін ұсынған. Ал Қазақстанда ауыз су сапасы МемСТ 287482 бойынша 30 міндетті көрсеткішпен анықталады. Су бассейнінің ластануының негізгі себептері — тазартылмаған ағын суларды өзен-көлдерге жіберу. Бұған жол беретіндері:
• тұрғын-үй коммуналдық шаруашылықтар;
• өнеркәсіп орындары;
• ауыл шаруашылығын химияландыру:
• халық шаруашылығының басқа да салалары.
Ағын суларға құйылатын лас сулар да бірнеше топқа бөлінеді. Оларды қоспалар (ерімейтін, коллоидты, еритіндер), лас сулар (минералдық, органикалық, бактериалдық, биологиялық) деп жіктейді. Лас сулардың ішінде тұрмыстық сарқынды суларда органикалық заттар 58%, минералдық заттар 42 тей болады. Өнеркәсіпте пайдаланылатын сулар мен синтетикалық жуатын заттармен сулардың ластануы өте қауіпті. Бұлар –химиялық ластану көздері. Соның ішінде сулы экожүйелердің пестицид, гербицид және басқа да химиялық улы препараттармен ластануы Қазақстанда кең етек алған. Мәселен, мақта мен күріш, жеміс- жидек, бау-бақша, теплица (жылы жай) зиянкестеріне қарсы бұрынғы Кеңес үкіметі кезеңінде өте көп химиялық заттар пайдаланылған Нәтижесінде, су ластанып, оның сапасы мен микрфлорасы және микрофаунасы, ірі хайуанаттар, құстар зардап шеккен. өз кезегінде химиялық заттардың зиянды қосылыстары азық –түлікпен адам организмін кері әсерін тигізді. Қазіргі кезде ашық өзен, көл суларымен қатар жер асты сулары да сарқынды, шайынды сулармен және еріген зиянды заттармен ластанып отыр. Оның негізгі ластану көздері мыналар:
• өнеркәсіп өнімдерін сақтайтын қоймалар;
• химиялық заттар және тыңайтқыштар;
• тұрмыстық қалдықтар;
• жер асты суларымен жалғанатын құбырлар;
• ірі құрылыс учаскелері;
• күзгі алаңдар, бұрғы-скважиналары болып табылады.
• Концентрациялардың шекті көрсеткіштері бойынша су сапасының гидрохимиялық көрсеткіштері басты критерийлер болып табылады. Мұның үстіне ПДК көрсеткіштері әртүрлі болады: олар балық шаруашылығы, шаруашылық ауыз су және коммуналдық тұрмыстық су пайдаланатын су бөгендеріне арналған. Аталған шаруашылық обьектілерінің су сапасына қоятын талаптары да әртүрлі.
• Өзендердің, көлдердің және су қоймаларының ластану дәрежесі көбінесе судың ластану индексінің (СЛИ) көрсеткіші бойынша бағаланады. Ол судың құрамында мынадай зататрдың болуын сипаттайды: оттегі, 5 тәулік ішінде оттегіні биохимиялық пайдалану бойынша анықталған органикалық заттар және ПДК дәрежесінен біршама артып кеткен заттар.
• Ластану индексі осылайша әртүрлі су бөгендерінің су сапасының жағдайын сипаттайды. Ол су бөгендерінің ластану динамикасын анықтауға, біріңғай көрсеткіштер бойынша әртүрлі су обьектілерінің ластану дәрежесін анықтауға мүмкіндік береді. СЛИ көлемі бойынша жер беті сулары сапасының критерийлері су сапасының класын сипаттайды: өте тазадан бастап өте ластанғанға дейін. Жер беті суларының сапа класын анықтау үшін СЛИ көлемі көрсеткіші басты белгі болып табылады, ол су бөгендерін ластайтын заттардың ПДК дәрежесі бойынша есептеледі.
• Ауыз судың сапасын бақылау үшін зиянды заттардың шектеулі – рұқсат етілген мөлшері бекітілген, 1 литр суда зиянды заттар мына мөлшерден (мг/л)көп болмауы керек.
ДДТ |
0,1 |
Қорғасын |
0,1 |
Кадмий |
0,01 |
Гексохлорен |
0,02 |
Кольбат |
1,0 |
Изопрен |
0,05 |
Метанол |
3,0 |
Карбофакс |
0,1 |
Молибден |
0,5 |
Керасин |
0,1 |
Мышяк |
0,5 |
Мұнай |
0,1 |
Сынап |
0,005 |
|
|
Ереже бойынша шектеулі – рұқсат етілген мөлшері қойылмаған зиянды заттары бар қалдық суларды өзенге, көлге, су қоймаларына жіберуге тыйым салынған.
Су ресурстарды қорғау және үнемді пайдалану
Қазақстан Республикасының су кодексі 1993жылы наурыз айының 31 жұлдызында қабылданды. Кодексте қойылған негізгі міндет - су қорларын ластанудан, таусылудан қорғау, зиянды әсерлерден болдырмау, суды пайдалануда заңдылықты күшейту, халықтық экономика салдарын қажетін өтеу үшін суды ұтымды пайдалану.
Суды қорғау - адамзаттың жер бетіндегі табиғи су қорларының жай-күйін жақсартуға, қалпына келтіруге және оларды сақтауға бағытталған әрекеті. Адамдардың кәсіптік әрекетінің және тұрмысқа пайдаланылуының тікелей немесе жанама әсерінен судың құрамының және қасиеттерінің өзгеріске ұшырауын, яғни су көзінің бір бөлігінің немесе түгелімен пайдаланудың кез келген бір түріне жарамсыз болып калуын судың ластануы деп атайды. Әдетте, су көзіне оның сапасын өзгеріске ұшыратпайтын, суда ерімейтін бөгде заттардың (ағаш жаңқалары, күл-қоқыс, металл сынықтары, құрылыс қалдықтары және басқа заттар) түсіп жиналуын коқыстану дейді.
Ағынды су деп бұрын өндірісте, тұрмыста немесе ауыл шаруашылығында пайдаланылған, сондай-ақ қандай да бір лас аймақ, оның ішінде елді мекен (өнеркәсіптік, ауылшаруашылықтық, коммуналдық-тұрмыстық, нөсер, тағы баска ағындылар) арқылы өткен су. Ағынды су гетерогенді күрделі жүйе болып саналады, оның құрамында болатын органикалық және минералды қоспалар ерімейтін, коллоидты және еритін түрде кездеседі.
Құрамы мен пайда болған түріне байланысты ағынды сулар үш негізгі категорияға бөлінеді:
Ағынды суларды тазалау әдістері.
Табиғатты, қоршаған ортаны ластанудан қорғау мен табиғи ресурс ретінде тиімді пайдалану мақсатында қайтарылып қолдану үшін ағынды су құрамындағы ластағыш заттардың түрі мен мөлшеріне қарай әртүрлі әдіспен тазаланылады.
Өнеркәсіп ақаба суларын тазалайтын әдістердің топтастырылуы.
Ластанған суды тазалау әдістері
Лас суды тазартуға төмендегідей әдістер қолданылады: механикалық, химиялық, физико-химиялық және биологиялық әдістер. |
Механикалық әдіс
Механикалық әдістер- ерімеген қалдықтары бар суларды әртүрлі торлардан, сүзгілерден, электрден өткізіп,бір жерге жинап,тұндыру арқылы тазалайды. Бұл әдіс суды ірі дисперсті заттардан тазартудың оңай жолы және тазарту үлгісінің 1-ші сатысы болып табылады.
Механикалық әдіс, лас судың құрамындағы күрделі минералды заттарды, ерітілмейтін қоспаларды ұстау үшін қолданылады. Жалпы механикалық әдіс сирек қолданылады. Өндірістік лас суды тазартуда жеке қолданылуы мүмкін, ал көбінесе басқа әдістердің алдында қолданылады.
Механикалық әдістерге төмендегідей қондырғылар мен ғимараттар жатады: қабылдау камерасы, кереге, құмұстағыштар, тұндырғыштар.
Су тұндырудың жұмыс істеу қабілетін көтеру үшін төмендегідей әдістер және қондырғылар қолданылады. Олар лас суды жай аэрациялау, биокоагуляторлар, табиғи аэрациялау бар мөлдіреткіштер, мөлдіреткіш-шіріткіштер, екі қабатты тұндырғыштар, флотаторлар, мұнай ұстағыштар, май ұстағыштар. Тұндырғыштардың тұндыру эффектісі 60%, органикалық заттарды ұстау эффектісі - 10 15%-тен аспайды.
Ағын суларды тазалаудың механикалық әдісінде ластаушыларды айыру үшін гравитациялық және ортадантепкіш күштер қолданылады
Механикалық әдісте ағынды судағы ірі және ұсақ түйірлі тез тұнатын бөлшектерді өздігімен тұндырып немесе оларды және қалқып шығатын заттектерді тұндырғыш сүзгіш, құмұстағыш арқылы өткізіп, немесе әртүрлі конструкциялық техника құралдарын (торларды,електерді, гидроциклондарды, т. б.) қолданып, ал беттік ластағыштарды - мұнайұстағыш, май мен смола аулағыш жабдықтар мен материалдарды пайдалану арқылы жояды.
Тұндырғыштар
Ағынды судың улылығын азайтуға кеңінен тұндырғыштар немесе тұндырғыш шұңқырлар (алап немесе құйғын) пайдаланылады. Тұндырғыш ғимараттарында ағынды сулардан түпке тұнатын не қалқыма салынды және майлы заттектер гравитациялық жіктеу негізінде бөлінеді.
Бірінші реттік тұндырғыштар ағынды суларды биологиялық тазарту ғимараттарына дейін, екінші реттіктері одан кейін орнатылады.
Вертикалдық және диагоналдық тұндырғыштар тәулікте өнімділігі 10-15 мың текше метрге дейінгі, ал горизонталдық 10-15 мың текше метр, радиалдық тұндырғыштар тәуліктік өнімділігі 20 мың текше метрден астам тазарту станцияларында қолданылады.
Сурет. Механикалық әдіс кезінде қолданылатын аспаптар
Биологиялық әдіс
Бұл әдісте әсіресе тұрмыстық қалдық суларды тазалауға пайдаланады. Органикалық қалдықтар микроорганизмдер көмегімен зиянсыз түрге айналады. 250 мын халықы бар қалаға 15-20 гектар жерге биологиялық сүзгі жасап, астындағы қабатына қиыршықтас немесе ірі құмт төсеп үстіне биологиялық заттардан жұқа жапқыш сияқты қабат жасап, оған көзге ілінбейтын ұсақ организмдерды орналастырады. Ластанған суды осы организмдер мен қиыршақ тас қабаттарынан өткізіп тазалайды.
Биологиялық тазалау әдісінін екінші түрі –аэротанктер . Олар темір беттоннан сұйық зат құятын ыдыс (резервуар ) түрінде жасалады ,ішіне тұнба балшық , лай салып оттекпен өмір сүретін, көзге ілінбийтін ұсақ организмдерді орналастырып, солар арқылы қалдық суларды ағызып тазалайды
Биологиялық жолмен ақаба суын тазалау үшін ластағыштарды ыдырататын, өздерінің қорректенуіне, өсуіне және көбеюіне пайдаланатын микроорганизмдер немесе оларды өз бойына сіңіретін өсімдіктер (биосүзбелер ретінде қалың өскен қамыс, қоға, т. б.) қолданылады. Биологиялық тазалауға қатысатын организмдерге әр түрлі бактериялар, балдырлар, саңырауқұлақтар, ең төмен сатыдағы жәндіктер, құрттар және басқалар жатады.
Ағынды суды тазалау үрдісі
Биологиялық әдіс микроорганизмдердің қатысуымен екі процес жүреді:
Аэробты және анаэробты үрдістер
аэробты және анаэробты биохимиялық тазалау дан тұрады. Аэробты биохимиялық тазалау - өндірістік және тұрмыстық пайдаланылған сулардың микроорганизмдер әсерінен тотығуы нәтижесінде (оттегінің қатысуымен ) органикалық заттарын минералдау. Анаэробты биохимиялық тазалау оттегінің жоқ немесе жеткіліксіз жағдайында жүреді. Бұл жағдайда судағы оттегінің көзі ретінде құрамында оттегі бар аниондар қызмет етеді.
Суды залалсыздандыру - судың ауру тудырғыш микроорганизмдерден (оба, тырысқақ, іш сүзегі, жұқпалы гепатит т.б.) тазалануы. Көптеген жылдар бойы ішетін суды хлордың к өмегімен залалсыздандырып келді. Алайда, полихлорлы бифенилдердің улы екені, олар көбіне майлардың құрамында кездесетіні белгілі боды. Тотыға отырып, олар өте улы диоксинді түзеді. Қазіргі кезде суды озонмен өңдейді.
Ағынды судың биологиялық тазалануын табиғи жағдайда (суландырылатын жерде, биологиялық тоғандарда) және әртүрлі конструкциялық жасанды құрылыстарда - биосүзгіштерде, аэротенкалар мен окситенкаларда жүргізуге болады.
Сурет. Биологиялық әдіс кезінде қолданылатын аспаптар
Химиялық әдіс
Қалдық суларға химиялық реагенттерден (басқа затпен қосылып химиялық реакция жасайтын заттар) қосып еріген және ерімеген заттарды бөліп алу кейбір заттарды ертіп зиянсыз ету арқылы тазалайды.Бұл әдіспен тазалағанда ермеген қалдықтың 95, еріген қалдықтардың 25% бөліп алуға болады.
Химиялық әдісті әртүрлі зиянды заттары бар қалдық суларды тазартуға қолданбайды.
Химиялық әдістер негізінен бейорганикалық қосылыстарды тазарту үшін қолданылады. Регенттік әдіске қышқылдар мен сілтілерді бейтараптау, иондарды еруі қиын қосылыстарға айналдыру, бейорганикалық заттарды тұндыру жатады. Жиі қолданылатын әдіске қышқыл суларды негіздермен, күйдіргіш натримен, әкпен магнезитпен, сілті қалдықтарымен бейтараптау жатады, бұның ішінде ең көп қолданылатыны-калций гидрооксиді (сөндірілген әк)
Химиялык (реагентті) тазалау - бейтараптаудан (нейтрализация) және тотығу-тотықсызданудан тұрады. Бейтараптау - сілтілердің әсерімен ерітіндінің қышқылдық қасиетін жоюға, ал қышқылдармен ерітіндінің сілтілік қасиетін жоюға алып келетін химиялық реакция. Кез-келген тотығу- тотықсыздану реакциясы сол мезеттегі кейбір компоненттердін тотығуының, кейбіреулерінің тотықсыздануының нәтижесі. Кең тараған тотықтырғыштарға: оттегі, ауа, озон, хлор, гипохлорит, сутегі қос тотығы, ал тотықсызданғыштарға - хлорит, темір сульфаты, гидросульфит, күкірт диоксиді, күкірттісутек жатады
Сурет. Химиялық әдіс кезінде қолданылатын аспаптар
Физико-химиялық әдіс
Физико-химиялық әдістер ағынды суды майды дисперсті, каллоидтық және еріген заттардан тазарту үшін қолданылады.
Ағынды судағы ластағыштардан құтылу үшін іс жүзіңде пайдаланылатын физикалық-химиялық әдістерге - каогуляция, флотация, электролиттік ірілендіру, су буымен айдау, сорбция, экстракция, гиперфильтрация, эвапорация, десорбция, дезодорация, дегазация, электрохимиялық тәсілдер (электролиз, электро-каогуляция, электрофлотация, электродиализ), ультрадыбыспен суды өндеу, т. б. жатады. Бұл әдістер қатарымен жүретін физикалық және химиялық процестерге негізделген.
Физико-химиялық әдістерге радиаңиялық, ион алмасу, тотығу-тотықсыздану және т.б. әдістер жатады. Радиациялық тазалауда иондалған сәулелену әсерінен улы заттар залалсызданады. Ион алмасу арқылы тазалауда суды тек ластатқыштардан ғана тазартып қоймайды, сондай-ақ қайта пайдалану үшін бағалы химиялық қосылыстарды жеке іріктеп, жинап та отырады. Бұл әдісте ластаушылармен ион алмасу реакциясына түсетін иониттер (балшықты минералдар, фторапатиттер, ион алмасу шайырлары) қолданылады. Ақпа сулар - бұл өнеркәсіпте және тұрмыста пайдаланғаннан шыққан сулар. Ақпа суларға сондай-ақ ғимараттар салынған территориядағы жаңбыр, нөсер сулары да жатады.
Ақпа суларда адам организміне қауіпті көптеген органикалық және минералдық зиянды заттар болады. Сондықтан ол суларды сүзу, тазалау орындарында, биологиялық тоғандарда және т.б. жерлерде залалсыздандыру және тазалау қажет.
Сурет. Физикалық- химиялық әдіс кезінде қолданылатын аспаптар
V. Жаңа сабақты бекіту
5.1 «Ойы озық тұлға» (сұрақтар қою арқылы)
1. Су ресурстардың жалпы сипатамасы қандай?
2. Су ресурстарды ластаушы көздер?
3. Су ресурстарды қорғау және үнемді пайдалану түрлері қандай?
5.2. Сәйкестік тесті
№ |
Сұрақтары |
Жауаптары |
|
1 |
Механикалық әдіс қандай? |
А |
Қалдық суларға химиялық реагенттерден қосып еріген және ерімеген заттарды бөліп алу кейбір заттарды ертіп зиянсыз ету арқылы тазалайды |
2 |
Биологиялық әдіс қандай? |
Ә |
ағынды суды майды дисперсті, каллоидтық және еріген заттардан тазарту үшін қолданылады |
3 |
Химиялық әдіс қандай? |
Б |
ерімеген қалдықтары бар суларды әртүрлі торлардан, сүзгілерден, электрден өткізіп,бір жерге жинап,тұндыру арқылы тазалайды |
4 |
Физико-химиялық қандай? |
В |
Тұрмыстық қалдық суларды тазалауға пайдаланады |
Vl. Жаңа сабақты қорытындылау (тірек сызба арқылы)
Vll. Үйге тапсырма
Ғ.Сағымбаев «Өндірістік Экология негіздері» «Суды тазарту әдістері»
Vlll. Бағалау
Сабаққа қатысқан белсенді оқушылар бағаланады
- Джон Максвелл
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі