Өлең, жыр, ақындар

Ормандағы жаңа жыл

ГККП "№ 4 Ветерок балабақшасы"
Тәрбиеші: Узбекова Арайлым Бокеновна

Музыка ойналып тұрады. Залға Ақшақар кіріп жан-жағына қарап: Мені орман аңдары жаңа жыл мерекесіне шақырып еді. Ешкім жоқ, әлі жиналмаған сияқты ғой. Аю, қасқыр, қоян! Қайдасыңдар?!

Музыка әуенімен балалар әр жақтан жүгіріп жиналады. Сәлеметсіңдер ме ормандағы достар!

Бүгін мен сендермен бірге жаңа жылды тойлауға келдім.

- Көңіл-күйлерің қалай?

- Жақсы.                                                             

- Олай болса әдемі шыршамыздың қасында жаңа жыл кешімізді бастауға дайынсыңдар ма?

Бірақ Аяз ата әлі келмепті ғой, Аяз атасыз ол қандай жаңа жыл болуы мүмкін?

- Онда Аяз атамызды тауып алайық.

- Аяз атаны қайдан іздейміз?

- Көмекке қар адамын шақырайық, ол бізге Аяз атаны тауып берсін.

- Келіңдер барлығымыз қар адамын жасайық.

(Шыршаның түбінен қардан адам жасау қимылдарын жасайды)

- Қар адам: -Мені мазалаған бұл кімдер, а? Мені не үшін жасадыңдар?

- Қар адамы, бізге Аяз атаны тауып беруге көмектесесің бе?

- Қар адамы: -Аяз ата сендерге не үшін қажет?

- Бізде бүгін орманда жаңа жыл мерекесі болсақшы еді, ал жаңа жыл Аяз атасыз, силықсыз өтпейді.

- А-а-а, жарайды онда жүріңдер бәріміз бірге іздейік.

(Бәрі қол ұстасып жүреді)

- Алдарынан Пингвиндар шығады.

- Пингвиндар сәләметсіңдер ме?

- Сәлеметсіздер ме!

- Біз Аяз атаны іздеп жүрміз, көрмедіңдер ме?

- Жоқ біз көрмедік.

- Онда жүріңдер бізбен бірге, бәріміз қосылып іздейік.

Алдынан қасқыр шығады

- Қасқыр Аяз атаны көрмедің бе?

- Жоқ көрмедім.

- Жүр онда бірге іздейік.

Алдарынан түлкілер шығадығ

- Түлкіле, түлкілер! Аяз атаны көрмедіңдер ме?

- Аяз атаны таңертең көргенбіз. Арқасында үлкен дорбасы бар іші толы силық болуы керек. Асығыс кетіп бара жатқан.

- Ал олай болса біз Аяз атаға хат жазып желден беріп жіберейік. Жел ұшырып апарып берсін!

- Жарайды

(Желдің дыбысы естіледі Ақшақар конвертті желмен ұшырып жібереді)

Музыка әуенімен топқа Аяз ата кіреді.

- Ау, ормандағы достар! Сендердің жазған хаттарыңды жел маған ұшырып жеткізді. Мен алыс-алыс жақтардан көптеген жаңа жыл мерекелерін өткізіп келе жатырмын.сендерге де асығып жеттім. Жаңа жылдарың құтты болсын! Құры келген жоқпын бәрің силықтар әкелдім. Қанекей бәріміз мерекені ән-күймен өткізейік.сендердің маған әзірлеген өнерлеріңді көргім келеді.

Ән: «Шырша жыры»

Би: «Аңдар биі» (Айару ,Көркемай, Арай, Амина, Арайлым)

- О-о-о шыршаларың қандай әдемі! Өте тамаша етіп жасапсыңдар! Бірақ неге көңілсіз болып тұр, шыршамызға бір нәрсе жетіспейтін сияқты.

- Иә,  Аяз ата біздің шыршаның шамын сиқырлы таяғыңызбен жағып берсеңіз ол өте көңілді болар еді.

- А-а-а, бәсе, бәсе! Олай болса сендер сиқырлы сөздеріңді айтыңдар!

Бәрі хормен:

Қуант бізді таңырқат,

Шамдарыңды жарқырат!

(Шырша шамын жағады)

Балалар өз орындарына барып отырады.

Жансая:       
Жылдың әнін бастайын,
Аяз-ата кеп қалды
Майысады жас қайың,
Көтере алмай көп қарды.

Арайлым:       
Бақша іші мереке,
Ойын күлкі асқақ ән
Жақсы, жақсы тілектермен,
Мерекені бастаған.

Омар:          
Жаңа жылды қарсы алдық,
Мініп алып күймеге
Мен де бүгін ән салдым,
Араластым биге де.

Айгерім:      
Жасыл желек жамылған,
Асыл моншақ тағынған
Міне сұлу шыршамыз,
Көптен күтіп сағынған.

Ержан:
Ақ қырауға малынған,
Сақалы да мұрты да
Аяз ата сағынған
Сәлем берді жұртына.

Жаңа жыл кіреді музыкамен.

- Сәлеметсіңдер меормандағы достар! Мен биылғы жңа жылмын,сендер мені қарсы алып тойлап жатысыңдар! Бәріңе көп рахмет.

- Жаңа жыл қош келдің!

- Мен кіммін?Биыл қай жыл?

- Әтеш жылы.

- Дұрыс айтасыңдар. Мен енді орманда сендермен бірге бір жыл өмір сүремін. Менің жылым бәріңе құтты, жақсы жыл болсын!

Хор:  - Рахмет жаңа жыл!

Ән: «Пингвиндер» Орындайтындар: Каусар, Айшат, Дамир, Айгерім, Талант

Алдияр:       

Безендіріп шыршаны,
Жыл қуантты баршаны
Той ерекше басқарлы
Аяз ата басқарды.

Зулхая:

Аппақ тонға оранып
Базарлықты мол алып
Келеді алыс сапардан
Аяз ата оралып

Эмиль:        

Аяз ата келіңіз
Бізге силық беріңіз,
Біз ақылды баламыз
Ерекшеміз дарамыз.

Айару:        

Әдемілеп біз ілген
Ойыншықтар тізілген,
Қандай әсем шыршамыз
Ән шырқаймыз баршамыз.

Аймир:       

Қуантып бізді таңырқат
Шамдарыңды жарқырат,
Елжарлықты тастайық,
Шырша тойын тойлайық.

Би: «Аққала» Орындайтындар: Аян, Вильдана, Арай, Көркемай, Зулхая

Талант:

Тауда туып,тауда өсіп
Шырша келді ортаға
Қандай жақсы шыршамыз
Ән шырқайық баршамыз.


Пікірлер (1)

Пікір қалдырыңыз


Қарап көріңіз