Алматы облысы, Алакөл ауданы
«Достық орта мектебі мектеп жасына
дейінгі шағын орталығы бар»
коммуналдық мемлекеттік мекемесінің психологы
Ермолаева Гульназ Отановна
Мақсаты: Отбасы тәрбиесінде ата-ананың балаға тәрбиелік ықпалын арттыру. Тәрбиенің ең тамаша жері отбасы, олардың бала тәрбиесіндегі мүмкіндіктерінің жоғары екенін және бүгінгі заман талабынан шығатынын дәлелдеу.
Қажетті құрал-жабдықтар: музыка үнтаспасы, стикерлер, ағаш бұтақтары, таблица үрінде психологиялық кеңес прақшалары.
Барысы:
Психолог: Қош келдіңіздер, құрметті ата-аналар. Бүгінгі біздің отырысымыз ерекше болады деген үмітпен тренингті бастаймыз. Тренингіміздің ерекшелігі сол, тәрбие процесіндегі қиындықтарды біз боп, сіз боп пікірлесе отырып, ойымызды түйіндеп, өмір жолында пайдалану.
Отбасы - адам баласының алтын діңгегі. Өйткені адам ең алғаш рет шыр етіп дүниеге келген сәтінен бастап, осында ер жетіп, отбасының тәрбиесін алады. Сондықтан да отбасы- адамзаттың аса қажетті, әрі қасиетті алтын бесігі.
Бала қанша білім алып, мектеп табалдырығын аттағанымен, оның өмірінің көп бөлігі әке-шешесінің қасында өтеді екен. Ал сіздердің ата-ана, өміріңізде үш рет мектепке баратыныңызды әрқашан естен шығармаңыз. Бірінші рет - өзіңіз, екінші рет балаңыз, ал үшінші рет - немереңіз барады екен. Ендеше бүгінгі сабағымызға қатысып отырған ата-аналарға әрдайым, осы балаларыңыздың қорғаны болып, немере сүйіп мектепке келе беріңіздер демекпін!
1. Топқа бөлу. Атомдар мен молекулалар. Музыка әуенімен.
1.Аналар. 2.Әкелер. 3.Ұстаздар
2. «Ассоциация» жазу
Балаңыз сізді қуантқанда немесе ренжіткенде қандай сөз айтасыз?
Кесте толтыру. Әр топ өз тобының аты бойынша:
Мақтау |
Ұрсу |
|
|
3. Психологиялық кеңес. Таблица түрінде.
Баламен қарым қатынастағы кейбір қателіктер |
Баланың астар санасында қабылдануы |
Дұрыс: |
Жылама. Жаман балалар ғана жылайды |
Мен әлсіз, жаман баламын |
Жарайды кішкене жылап ал, жеңілденіп қаласың |
Ой, ақымағым-ай |
Менің ақымақтығымды жақсы көреді |
Балам менің ақылды әдемі, тілалғыш.... |
Бәленбайдың баласын қарашы.... |
Мен одан кеммін |
Балаңызды мақтан тұтатыныңызды айтыңыз |
Әйтеуір бәрін былықтырасың да жүресің |
Енді ештеңе істемеймін, өздері істесін |
Ештеңе етпейді, келесіде байқап істе |
Біз сені жақсы болсын деп бәрін істеп жатырмыз |
Үмітін ақтай алмадым, босбелбеумін |
Біз сені жақсы көреміз, бәрі орнына келеді |
Баланы сынай берсе, ол жек көргенді үйренеді. Баланы қолдап тұрса, ол өзіне сенуді үйренеді. Баланы мақтап өсірсе, ол игілікті болып өседі. Бала шындықта өссе, ол әділетті болып өседі. Баланы орынсыз әлпештей берсе, ол өзімшіл болып өседі. Сол үшін ата-ана отбасынада тиімді тәрбие тәсілін қолданса, болашақ ұрпағына бақытты өмір сүруіне жол ашады.
4. «Мұғалім болып көріңіз» ойыны
Жағдаят шешу.
1 топ. Сіз жаңа сабақ түсіндіріп жатырсыз, бір оқушы сізге сабақ түсіндіруге мұрша бермейді. Сіз оқушыға тыныш отыр дедіңіз, оқушы тыңдамады.Не істейсіз?
2 топ. Бір оқушыға мықтап ұрсып алдыңыз. Ал ол үйіне барып апай басымнан ұрдаы деп арыз айтып, ата-анасын ертіп келді. Сіздің әрекетіңіз қандай?
3 топ. Сәкеннің ұялы телефонын Азамат сабақ үстінде алып ойнап отырды, мұғалім оны байқап ұялы телефонды алды да тәрбие меңгерушісіне берді, «Сен үшін менің телефонымды алып қойды» деп екі оқушы қатты ренжісті. Ренжістің арты төбелеске алып келді. Сіздің іс-әрекетіңіз қандай болар еді?
«Өмір ағашы»
Сіздердің алдарыңыздағы гүлдер – балаларыңыз, ал мектептегі ұстаздар балалардың екінші ата-анасы. Енді, осы гүлдерге өзіңіздің балаларыңызға арнап, жылы лебіздеріңізді жазыңыз. Гүлдерді аладрыңыздағы мына ағашқа жапсырыңыздар. Тамырларыңыз тереңге жайлып, жапырақтарыңыз жайқалып, саялы бәйтерекке айналыңыздар. Үнемі балаларыңыз осы бәйтеректей жайқалып, жемісін көріңіздер!
- Джон Максвелл
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі