Мусина Мадина Серменовна
ШҚО, Күршім ауданы, Марқакөл ауылы
№1 Теректі орта мектебі
Мектепалды даярлық мұғалімі
Тақырыбы: «Жүзден жүйрік»
Мақаты:
1. Ойын кезінде өзін-өзі бақылау арқылы белсенділікке, сенімділікке, қайсарлыққа, батылдыққа, ұйымшылдыққа тәрбиелеу;
2. Ойын кезінде әділдікке, жолдастық сезімге, ойынды жетілдіруге тәрбиелеу;
3. Балаларға денсаулықтың қадірін, бағалы байлық екенін түсіндіру және оны сақтаудың жолдарын түсіндіру.
Қажетті құралдар: доп, арқан, кедергілер, секірме жіп.
Барысы:
1. Кіріспе сөз;
2. Спорттық жарыс;
3. Қорытынды сөз. Марапаттау.
Жүргізуші: Құрметті жиналған қауым, ұстаздар және оқушылар! Бүгінгі «Жүзден жүйрік » атты спорттық жарысымызға қош келіпсіздер! Сайыстың негізгі мақсаты – жас ұрпақты жаман әдеттерден аулақ, денінің сау болып, келешекте өз елінің, қоғамының салауатты, өркениетті, білімді азаматы етіп қалыптастыру. Осы мақсатта біз бүгін даярлық топ оқушылары арасында сайыс өткізгелі отырмыз.
Жүргізуші: Ал, құрметті халайық,
Жарысты енді көріңдер.
Әділ қазы алқасы,
Әділ баға беріңдер!
Жарысты бастамас бұрын ойынға әділ бағасын беретін әділ қазылар алқасымен таныстырып өту.
Жүргізуші: Қатысушыларымызға жеңіс тілей отырып, ортаға сайыскерлерді шақырамыз.
Бүгін оқушылар 3 опқа бөлініп бақ сынайды. Ал ендеше сайысымыздың шарттарымен таныстырып өтейін.
Сайыс шарттары:
1. Таныстыру.
2. »Пингвин» сайысы.
3. «Мұртты тасбақа» сайысы.
4. «Кенгуру» сайысы.
5. «Доппен секіру» сайысы.
6. «Допты алып жүру»
7. «Желаяқ» сайыс.
Ойын; «Арқан тартыс».
Ал, балалар сайыс шарттарымен таныс болдық, енді әрі қарай ойынымызды бастаймыз.
Асыл сөзді даналықтан терейік,
Сұлтандарға әділ баға берейік.
Әділқазы әділ баға көтерсін,
Қатысушылардың өз өнерін көрейік:
2 конкурс: «Пингвин» сайысы.
Допты аяққа қысып алып, жерге құлатпай пингвиндер жүрісімен жүріп, мәре сызығына келгенде инструкторлардың алақанынан ұрып, қайтар жолда жүгіріп кетеді. Жүгіріп келіп келесі ойыншынын қолынан соғады.
(Ойыншылар жарыса бастайды)
Ал енді «Пингвин» сайысының қорытынды бағаларын білейік. Сөз кезегі әділ-қазылар өздеріңізде.
(Берілген бағалар тыңдалынады)
3 конкурс: «Мұртты тасбақа» сайысы.
Бала қарындашты мұрнына қысып, жартылай отырып жүріп отырып екінші жаққа келіп берілген есепті шығарады. Қайтарда жүгіріп барады.
(Ойыншылар жарыса бастайды)
Ал енді «Мұртты кенгуру» сайысының қорытынды бағаларын білейік. Сөз кезегі әділ-қазылар өздеріңізде.
4 конкурс: «Кенгуру» сайысы.
Балалар ұзындыққа кезектесіп секіреді. (Ойыншылар жарыса бастайды)
Спорт туралы тақпақ, жұмбақтар
Арайлым жұмбақ жасырады
Тақпақ:
Жібек:
Алихан:
Сезім:
Бұл ойынға келіп отырған көрермендер қатысады
5 конкурс: «Доппен секіру» сайысы.
Балалар допқа лтырып алып мәренін басына жетуі тиіс. Алақанынан ұрып эстафетаны береді.
(Ойыншылар жарыса бастайды)
Ал енді «Сафари» сайысының қорытынды бағаларын білейік. Сөз кезегі әділ-қазылар өздеріңізде.
(Берілген бағалар тыңдалынады)
6 конкурс: «Допты алып жүру» сайысы.
Балалар допты обручпен алып журеді.
Қайтар жолда жүгіріп келу керек. Келесі ойыншынын қолынан соғады.
(Ойыншылар жарыса бастайды)
Ал енді «Футбаскет» сайысының қорытынды бағаларын білейік. Сөз кезегі әділ-қазылар өздеріңізде.
(Берілген бағалар тыңдалынады)
7 конкурс: «Желаяқтар» сайысы.
Балалар жүгіріп мәрені соғып, қайтып келіп келесі ойыншынын қолынан соғады.
(Ойыншылар жарыса бастайды)
Ал енді «Кім көп секіреді?» сайысының қорытынды бағаларын білейік. Сөз кезегі әділ-қазылар өздеріңізде.
(Берілген бағалар тыңдалынады)
7 конкурс: «Желаяқтар» сайысы.
Балалар желаяқтар жүрісімен жылдам жүріп барады да, әкелерінің алақандарын ұрып эстафетаны береді. Қайтар жолда әкелері отырып жылдам мәреге жүріп келу керек
Сергіту сәті; Арқан тартыс
7 конкурс: «Суретті аяқта» сайысы.
(Ойыншылар жарыса бастайды)
Ал енді «Желаяқтар» сайысының қорытынды бағаларын білейік. Жалпы ұпай санын тыңдайық. Сөз кезегі әділ-қазылар өздеріңізде.
(Берілген бағалар тыңдалынады)
1-жүргізуші:
Өнерге биік сеніңіз,
Думанға қызық келіңіз.
Әділ қазы ел сенген,
Өнерге баға беріңіз.
Құрметті әділ қазылар сөз кезегі өздеріңізде.
Ұрпақ керек ертеңгі алда,
Болашақты болжайтын.
Дені таза, тәні таза,
Елін, жерін қорғайтын!
Денсаулық - басты байлық өмірдегі,
Нәр беретін асыл ғой көңілдегі.
Салауатты өмір салтын насихаттап,
Жүргізуші: Құрметті оқушылар, жүлделеріңіз құтты болсын!
Бүгінгі «Жүзден жүйрік» атты спорттық жарысымыз аяқталды. Көріп тамашалағандарыңызға рахмет.
- Джон Максвелл
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі