Қысқа мерзімді жоспар
Пән: Биология Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: Күні: 14.02.2017ж Сынып: 9 «Ә» |
Мектеп: «№121 ЖОМ» Мұғалімнің аты-жөні: Б.Қырбасова Қатысқандар саны: Қатыспағандар саны: |
||||
Сабақ тақырыбы |
Бейімділік. Бейімділіктің жетілдірілуі және оның салыстырмалы сипаты |
||||
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме) |
Бейімділік. Қорғаушы рең. Жасырушы рең. Мимикрия (еліктеуші рең). Сақтандырушы рең. Бейімділіктің жетілдірілуі және оның салыстырмалы сипаты жөнінде түсінік қалыптастыру |
||||
Сабақ мақсаттары |
Барлық оқушылар: Бейімділік, бейімделудің түрлері, бейімделудің салыстырмалы сипаты туралы түсінік қалыптастырады Көптеген оқушылар: Бейімділік, бейімделудің түрлерін ажыратып талдау жасай алады. Кейбір оқушылар: Бейімділік, бейімделудің түрлері, бейімделудің салыстырмалы сипатына нақты мысалдар келтіріп дәлелдей алады. |
||||
Жетістік критерийлері |
Бейімділік, бейімделудің түрлері, бейімделудің салыстырмалы сипаты туралы біледі, күнделікті өмірмен ұштастырады Бейімділік. Қорғаушы рең. Жасырушы рең. Мимикрия (еліктеуші рең).Сақтандырушы рең. Бейімділіктің жетілдірілуі және оның салыстырмалы сипаты жөнінде түсінеді, меңгереді, өмірмен ұштастырады, өмірден мысал келтіре алады. |
||||
Тілдік мақсаттар |
Пәнге тән лексика мен терминология Бейімділік. Қорғаушы рең. Жасырушы рең. Мимикрия (еліктеуші рең).Сақтандырушы рең. Бейімділіктің жетілдірілуі Диалог пен жазу үшін пайдалы сөздер мен тіркестер: Бейімділік деген не? Бейімділік түрлері.... |
||||
Құндылықтарды дарыту |
«Мәңгілік ел» Оқушылар табиғатты қорғауға, аялауға, адамгершілік, парасаттылық, еңбексүйгіштік қасиеттерін қолдана алады. |
||||
Пәнаралық байланыстар |
Өзін-өзі тану, Тарих, География |
||||
АКТ қолдану дағдылары |
Бейімделу, бейімделу түрлері бейне ролик көрсету. Интернеттен мәлімет алу. |
||||
Бастапқы білім |
Элементарлық эволюциялық факторлар: гендер дрейфі, популяциялық толқындар, оқшаулану |
||||
Сабақ барысы |
|||||
Сабақтың жоспарланған кезеңдері |
Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет |
Ресурстар |
|||
Сабақтың басы
|
Ұйымдастыру кезеңі: Оқушылармен сәлемдесу, оқушылардың сабаққа дайындығын тексеру.(3 мин) Оқушыларды 3 топқа геометриялық фигуралар арқылы бөлемін . 1 – топ Тіршілік үшін күрес 2 – топ Түрішілік күрес 3 – топ Түраралық күрес «Тест тапсырмалары » Төмендегі тест тапсырмаларын орындау арқылы үй тапсырмасын тексеремін. Оқушыларды жылдамдыққа, шапшаңдыққа дағдыландыру. Ең көп сұраққа жауап берген оқушыларды анықтау.(5 мин) Тест тапсырмалары: 1. Кішігірім популяцияларда гендер жиілігінің бағытталмаған, кездейсоқ өзгерістері 2. Гендер дрейфі құбылысын алғаш ашқан орыстың ғалым - генетиктері 3. Табиғи себептерге байланысты популяциялардың сан мөлшерінің бірде артып, бірде кеміп, тербеліс тәрізді ауытқуы 4. Түрлі табиғи кедергілерге байланысты бір түр дараларының еркін шағылысуы мүмкін болмайтын эволюциялық фактор 5. Бір экологиялық кішігірім аймақты мекендейтін әр түрге жататын даралар арасында байқалатын күрес 6. Ч.Дарвин тіршілік үшін күрестің неше формасын атап көрсетті 7. Ылғалы мол немесе ауа райы құрғақ аудандарда және жазы ыстық, қысы суық жерлерде айқын байқалады 8. Бір кеңестікте тіршілік етеп,бір-бірімен еркін шағылысып ұрпақ беретін, бір түрге жататын даралардың жиынтығы 9. Түр аймағында тау, өзен, көл, шөл сияқты кедергілердің түілуіне байланысты немесе даралар тобының түр аймағынан шығып басқа жерлерге қоныс аударуы себепті жүретін оқшаулану 10. Табиғатта өздігінен таңдамалы түрде бір даралар тіршілігін жойса, екінші біреулері көбейіп әрі қарай дамитын құбылыс Бағалау критерийлері: Бағасы 8 – 10 – «5» 5 – 7 – «4» 3 – 4 – «3» 1 – 2 – «2» Дұрыс жауабы: 1-ә; 2-в; 3-а; 4-а; 5-ә; 6-б; 7-в; 8-б; 9-ә; 10-а |
оқулық |
|||
Сабақтың ортасы
|
Жаңа сабаққа шолу жасау (10 мин) Дәптермен жұмыс. Оқушыларға бүгінгі сабақта кездесетін термин сөздердің мағынасын дәптерге жаздыру. Бейімделгіштіктің салыстырмалы сипаты. Табиғатта тіршілік жағдайларына нағыз бейімделген формалар жоқ. Кез келген бейімделу белгілері нақты орта жағдайларында ғана пайдалы болады. Егер тіршілік ортасы өзгерсе, ол белгілер қажетсіз болып қалуы да мүмкін. Егер қайтадан көндігудің сәті түспесе, онда дарақтар өлімі үдерісінде толық өліп бітеді. Мысалы сары шекшекке қарағанда жасыл шекшектер шөп сарғайғанға дейін ғана тіршілігін жақсы сақтап қалады. Бұдан соң оларды құстар оңай байқайды. Сөйтіп мамырдағы жақсы жағдай маусым-тамызда жаман жағдайға айналады.
2 топ – Бөлшектену реңі 3 топ – Еліктеуші рең Әрбір дұрыс толық жауапқа 3 ұпай толық емес 2 ұпай Ә) Биологиялық диктант 3 мин 1. Тірі ағзалардың қоршаған ортаның нақтылы жағдайларында тірі қалуды жоғарылататын ерекшеліктерді иемдену қасиеті .......аталады. 2. Ағзаларда төтенше табиғи жағдайлардағы тіршілікке байланысты....... бейімделу пайда болды 3. Қорғанышсыз ағзалардың екінші бір едәуір қорғанышы бар түрге ұқсас болып келуі - ......... реңі. 4. Қорғаныш реңді .... типке бөледі. 5. ..... табиғи сұрыпталудың нәтижесі. Әрбір дұрыс жауапқа 1 ұпай Биологиялық диктант (жауабы) 1.Тірі ағзалардың қоршаған ортаның нақтылы жағдайларында тірі қалуды жоғарылататын ерекшеліктерді иемдену қасиеті .......(бейімделгіштік) деп аталады. 2.Ағзаларда төтенше табиғи жағдайлардағы тіршілікке байланысты....... (климаттық) бейімделу пайда болды. 3.Қорғанышсыз ағзалардың екінші бір едәуір қорғанышы бар түрге ұқсас болып келуі - ......... (еліктеу) реңі. 4.Қорғаныш реңді ....(3 ) типке бөледі. 5. Бұл ..... (бейімделгіштік) табиғи сұрыпталудың нәтижесі. Б) Берілген пайымдаулардан дұрыс, бұрысын анықта (дұрыс «+», бұрыс «-») 2 мин 1. Көрнекілеу реңі – қарсыласын үркіту немесе абдырату жолы. 2. Қорек талғауға бейімделу – ағзаларда төтенше табиғи жағдайлардағы тіршілікке байланысты кең өрісті бейімделуі. 3. Бейімделгіштік – адаптация деп те аталады. 4. Табиғатта тіршілік жағдайларына нағыз бейімделген формалар жоқ. 5. мимикрия - сақтандырушы рең. Әрбір дұрыс жауапқа 1 ұпай Берілген пайымдаулардан дұрыс, бұрысын анықта (дұрыс «+», бұрыс «-») дұрыс жауабы 1. Көрнекілеу реңі– қарсыласын үркіту немесе абдырату жолы. + 2. Қорек талғауға бейімделу – ағзаларда төтенше табиғи жағдайлардағы тіршілікке байланысты кең өрісті бейімделуі. - 3. Бейімделгіштік – адаптация деп те аталады. + 4. Табиғатта тіршілік жағдайларына нағыз бейімделген формалар жоқ. + 5. мимикрия - сақтандырушы рең. – № 8 зертханалық жұмыс 5 мин Тақырыбы: Организмдердің мекен ортасына бейімделуі 1- топ. Кактус өсімдігіне сипаттама 2 - топ. Жантақ өсімдігі сипаттама 3 - топ. Сексеуіл өсімдігіне сипаттама Жаңа сабақты бекіту кезеңі: Бағалау критерийлері: Бағасы 7 – 8 ұ – «5» 5 – 6 ұ – «4» 3 – 4 ұ – «3» 1 – 2 ұ – «2» Жауабы: |
Электронды оқулық |
|||
Сабақтың соңы |
Үйге тапсырма:. Бейімділік. Қорғаушы рең. Жасырушы рең. Мимикрия (еліктеуші рең).Сақтандырушы рең. Бейімділіктің жетілдірілуі және оның салыстырмалы сипаты. Кесте толтыру. Берілген қорғаныш реңдеріне керекті мәліметті жазады. (1 мин) Тақырыпты «Бағдаршам» бойынша кері байланыс орнатау (1 мин) Жасыл - барлығы түсінікті Сары - толық меңгермедім, сұрақ бар Қызыл - түсінген жоқпын Оқушыларды критерийлер арқылы бағалау. (3 мин) |
стикер |
|||
Саралау – оқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлап отырсыз? |
Бағалау – оқушылардың материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз? |
Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы |
|||
А. Бейімділік, бейімделудің түрлері, бейімделудің салыстырмалы сипаты туралы біледі В Бейімділік, бейімделудің түрлерін ажыратып талдау жасай алады С. Бейімділік. Қорғаушы рең. Жасырушы рең. Мимикрия (еліктеуші рең).Сақтандырушы рең. Бейімділіктің жетілдірілуі және оның салыстырмалы сипаты жөнінде түсінеді, меңгереді, өмірмен ұштастырады, өмірден мысал келтіре алады. |
Бағалау оқушылардың белсенділігі мен орындаған тапсырмалары бойынша бағалау критерийлеріне қарай қойылады |
Тұлғаның адамгершілік қасиеттерін бағалай білуге кеңес беру. |
|||
Сабақ бойынша рефлексия Сабақ мақсаттары/оқу мақсаттары дұрыс қойылған ба? Оқушылардың барлығы ОМ қол жеткізді ме? Жеткізбесе, неліктен? Сабақта саралау дұрыс жүргізілді ме? Сабақтың уақыттық кезеңдері сақталды ма? Сабақ жоспарынан қандай ауытқулар болды, неліктен? |
Бұл бөлімді сабақ туралы өз пікіріңізді білдіру үшін пайдаланыңыз. Өз сабағыңыз туралы сол жақ бағанда берілген сұрақтарға жауап беріңіз. |
||||
|
|||||
Жалпы баға Сабақтың жақсы өткені аспектісі (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)? 1: 2: Сабақты жақсартуға не ықпал ете алады (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)? 1: 2: Сабақ барысында сынып туралы немесе жекелеген оқушылардың жетістік/қиындықтары туралы нені білдім, келесі сабақтарда неге көңіл бөлу қажет? |
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі