Өлең, жыр, ақындар

Астың тойы сабан той

Алматы облысы, Еңбекшіқазақ ауданы
Бәйтерек ауылы, Бәйтерек орта мектебі
кітапхана меңгерушісі
Досумбаева Кулжамал Машиковна

 

Өткізілетін орын: Еңбекшіқазақ ауданы Бәйтерек орта мектебінің кітапханасы.
Мақсаты: Балаларға ұлттық салт-дәстүрлерімізді түсіндіру.
Міндеті: Ұлттық салт-дәстүрлерімізді келешек ұрпаққа насихаттау,
Көрнекілік құралдар:  Сабан тойға байланысты суреттер, плакаттар, дәйектеме сөздер.

Жүргізуші: балалар, сабан той қай мезгілде болады.
Балалар: күз мезгілінде.
Жүргізуші: дұрыс жарайсыңдар! Күз туралы қандай тақпақ білесіңдер.

1.    Әмина;
Қайырлы таң алтын күз,
Қайырлы таң көк аспан.
Қайырлы таң жер ана.
Қайырлы таң мектебім,
Қайырлы таң достарым.

2.    Маржан;
Қуанштың ағайын,
Қоңырыуын қағайыні.
Қуандырып біздерді,
Ортамызға күз келді.  

3.    Інжу;
Берекесін сыйлауға,
Өлкемізге күз келді.
Жемістерін жинауға,
Шақырады біздерді.

4.    Нурсұлтан;
Айнала сары алма,
Қырманға дән толды.
Жемістер пісіпті,
Қоймаға түсіпті.

5.    Айтұмар;
Қараңдар күз келді,күзкелді,
Сары алтын жауыпты іздерді.
Кұс біткен керуен түзеді,.
Көңілсіз неткен  күз еді.

6.    Балғын;
Алтын сары,қызыл көк.
Алуан,алуан жапырақ.
Күзгі бақта күлімдеп,
Көз тартады атырап.

7.    Айгерім;
Күн шуаққа маужырап,
Жатыр еді атырап.
Ағаштардан жапырақ,
Ұшты кенет жаудырап.

8.    Әлфия;
Ой, алақай тамаша,
Шашу шашты жапырақ.
Бақтың іші алаша,
Аунарма еді жатып ап.

9.    Жанел;
Қамба толы егіске,
Алғыс саған алтын күз.
Бір уыс дән шаштықта,
Қап қап қауыналдық біз.

10.    Назгүл
Жемісін мол беретін,
Күз дос екен бізбенен.
Бәрін тауып беретін,
Жомарт екен күз деген.
 

Жүргізуші: Құстар туралы тақпақ айтылады.

11.    Сап сары маңай,
Сап сары  тоғай.
Соңғы әнін айтып,
Құс кетті қайтып.

12.    Туған жержен кетерде,
Қоңыр әнге саламыз.
Қош болыңдар бәріңде
 Қимай кетіп барамыз.

13.    Қатерлі қыс өткенде,
Қайтып келіп көктемде.
Күнде думан құрамыз,
Күн шуағын төккенде.

14.    Қош бол өскен жеріміз,
Айдын шалқар көліміз.
Аман болып тұрыңдар,
Қамқор болған еліміз.

Жүргізуші: астық, жеміс жидек туралы тақпақ.

15.    Нан анасы бидаймын,
Елге астық сыйлаймын.
Дәнім толып піскенде,
Қауызыма симаймын.

16.    Күміс мұртты арпамын,
Ырыс құтты арпамын.
Еңбек етіп баптаған,
Еліме сый тартамын.

17.    Ақ , қарамын, сарымын,
Мен өнімді тарымын.
Халқым еңбек сіңірсе,
Қайтарамын қарымын.

18.    Мен алмұртпын, алмұртпын,.
Аузындамын бар жұрттың.

19.    Мен өрікпін, өрікпін,
Табиғатқа  көрікпін.

20.    Мен алмамын, алмамын,
Таңдайда қалар бар дәмім.
Жүргізуші: сабан той туралы тақпақ.

21.    Көбейді құт береке,
Астық толы қамбамыз.
Құтты болсын мереке,
Сабан тойын тойлаймыз.

22.    Ән салыңдар күліңдер,
Жайнап гүлдей жүріңдер.
Сабан тойын тойлайық,
Би билейік ойнайық.

Жүргізуші: Сабан тойға келген ауыл ақсақалдарынан (3 оқушы шығады)  бата сұрайық:
Бата  

Әлихан:
Әумин!  берейін бата,
Қойма толы дән болсын.
Қора толы мал болсын,
Баспенен жан аман боп.
Төріт түлігі сай болсын!

Әлихан:        
Асың, асың асыңа,
Береке берсін басыңа.
Дастарқаның мол болсын,
Ден саулығың зор болсын

Ақылбек:    

Әумин берейін бата,
Қолдасын қызыр ата.
Дастарқан толы ас болсын,
Өріс толы мал болсын.

Жүргізуші: Ауыл балуандарының өнерін көрейік.
Теңге ілу ойының тамашалаңыздар.

Жүргізуші: Бауырсақ  туралы
Бауырсақ

Дастарқанда шашылып жатты аппақ бауырсақ,
Бауырсаққа қызығып қарап тұрды көзін сап.
Қайдан келдің баурсақ,
- деп сұрады қуыршақ,
Дүкеннен келдім нан сатқан деді оған бауырсақ.
Дүкенге келдің қайжақтан?
Наубайдан келдім нан сатқан.
Наубайға келдің кай жақтан?
Диірменнен келдім   ұн тартқан.
Дирменге келдің қай жақтан?
Даладан келдім кең жатқан.
Жер ана мені өсірген,диқандар баптап өсірген.
Арғы тегім ақ бидай,тәттіні жеп көр бақшимай.
Айнымас дос болайық
менің атым Қуршақ,
сенің атың бауырсақ.

Жүргізуші: би
Жүргізуші: хор «Сабан той».
Жүргізуші: қорытынды сөз.


Пікірлер (1)

Пікір қалдырыңыз


Қарап көріңіз