Алматы қаласы, Әуезов ауданы
№72 жалпы білім беретін мектептің
физика пәнінің мұғалімі
Күзенбаев Жасұлан Кәрімұлы
Қысым. Қысымның қатты денелер, сұйықтар және газдар арқылы берілуі.
(7-сынып)
Сабақтың аты |
Қысым. Қысымның қатты денелер, сұйықтар және газдар арқылы берілуі. |
Сілтеме |
Жоспар |
Жалпы мақсаты |
- Қысым. Қысымның қатты денелер, сұйықтар және газдар арқылы берілуі жайлы мағлұмат беру |
Күтілетін нәтиже |
- Қысым. Қысымның қатты денелер, сұйықтар және газдар арқылы берілуі жайлы мағлұмат алады |
Негізгі идеялар |
Белгілі бір бетке түсетін күш әрекетінің нәтижесін сипаттайтын шаманы қысым деп атайды. Қысым бетке перпендикуляр бағытта әрекет ететін күштің осы беттің ауданына қатынасымен анықталады:
р-қысым, Ғ-бетке перпендикуляр бағытта әрекет ететін күш немесе қысым күші; S-күш түсетін беттің ауданы. ХБЖ-да қысым паскальмен өлшенеді. гПа=100 Па=102 Па кПа=1000 Па=103 Па МПа=100000 Па=106 Па Қатты денелер өзіне түсірілген қысымды бір бағытта ғана жеткізеді
ПАСКАЛЬ ЗАҢЫ: Сұйыққа немесе газға түсірілген қысым осы сұйықтың немесе газдың әрбір нүктесіне өзгеріссіз беріледі. |
Тапсырмалар |
Топтық жұмыс: «Білім конверті», үй тапсырмасы бойынша әр топқа берілген сұрақтарға топ болып жауап береді. |
Жеке жұмыс: «Сыни тұрғыдан ойлау технологиясы», жаңа сабаққа байланысты берілген тірек сөздердің мағынасын ашу. |
|
Топтық жұмыс: «Суреттер сөйлейді», қысымға байланысты суреттерді топ болып түсіндіру және қолмен көрсету. |
|
Топтық жұмыс: «Ынтымақтастық атмосферасы», әр топқа берілген деңгейлік тапсырмалар мен есептерді шығару. |
Сабақ бойынша мұғалімнің жазбалары: (мұғалім және оқушы немен айналысады)
І. Ұйымдастыру (2 минут)
1.1. Сәлемдесу
1.2. Сынып оқушыларына жағымды ахуал туғызу
1.3. Түгелдеу
1.4. Топқа бөлу (жыл мезгілдерінің суреттері арқылы 4 топқа бөлінеді, не үшін жыл мезгілдеріне бөліну себебін түсіндіру)
ІІ. Үй тапсырмасын сұрау. (7 минут)
«Білім конверті» деп аталатын конверттер ішінде жасырылған үй жұмысының сұрақтарына топта өзара талқылап, жауап беру. Топта көшбасшы, баяндамашы, хатшы, уақыт сақшысы және бақылаушыларға бөлу.
№1
1. Қандай күшті үйкеліс күші деп атайды?
2. Техникада үйкеліс әрекетін ескеру.
3. Массасы 70 кг шкафты орнынан жылжыту үшін қандай күш жұмсау қажет? Үйкеліс коэффициенті μ=0,3.
№2
1. Ауырлық күші дегеніміз не?
2. Басқа планеталардағы ауырлық күші.
3. Жүктің массасы 10 кг. Оган қандай ауырлық күші әрекет етеді?
№3
1. Серпімділік күші дегеніміз не?
2. Деформация және оның түрлері.
3. 3 Н күш әсер еткен кезде 6 см ұзарған серіппенің қатаңдығын табыңдар.
№4
1. Тең әрекетті күш дегенді қалай түсінеміз?
2. Денеге бірнеше күштің әрекет етуіне мысал келтіріңдер.
3. Денеге бір түзудің бойымен бір бағытта үш күш әрекет етеді: Ғ1=50 Н, Ғ2=100 Н және Ғ3=150 Н. Олардың тең әрекетті күші неге тең?
ІІІ. Жаңа сабаққа көпірше. Тақтаға «мысықтың» суреті қойылған слайд көрсетіледі және оқушылар мысық деген жазуды керісінше оқу (жазу) арқылы «қысым» деген сөзбен танысады. Ендеше бүгінгі өтілетін сабақ тақырыбы «Қысым» екендігін біледі.
ІV. Жаңа сабақты түсіндіру. (13 минут)
Қысым. Қысымның қатты денелер, сұйықтар және газдар арқылы берілуі.
V. Жеке жұмыс: (4 минут)
Сыни тұрғыдан ойлау арқылы жаңа сабақ бойынша тірек сөздер жазылып, оны жауып (шторка), оқушылар неше сөз есінде қалғанын жазып шығады және оның мағынасын ашады.
ҚЫСЫМ
КҮШ
АУДАН
ПАСКАЛЬ
ҚАТТЫ ДЕНЕ
СҰЙЫҚ
ПАСКАЛЬ ШАРЫ
VІ. Топтық жұмыс: «Суреттер сөйлейді» (5 минут)
№1 топ №2 топ
№3 топ №4 топ
VІІ. Топтық жұмыс: «Ынтымақтастық атмосферасы» (10 минут)
Әр топқа оқулықтан және дидактикалық материалдардан деңгейлік есептер беріліп, оқушылар өз топтарында бірге шығарып, дәптерлеріне жазады және әр топтан бір оқушы тақтаға жазып, өз тобының шығарған есебін басқа топтармен алмасады.
5.1. Оқулықпен жұмыс (15 жаттығу, 134 бет)
1. 100 см2 ауданға 50 Н күш әрекет етеді. Қысымын анықтаңдар.
2. Қар үстінде тұрған шаңғышының салмағы 780 Н. Оның әр шаңғысының ұзындығы 1,95 м,ал ені 6 см. Шаңғышының қар бетіне түсіретін қысымын анықтаңдар.
3. Шынжыр табанды ДТ-75М тракторының массасы 6610 кг, ал оның екі шынжыр табанының тіреу ауданы 1,4м2. Осы трактордың топырақ бетіне түсіретін қысымын анықтаңдар.
5.2. Дидактикалық материалдар,7-сынып (№1-5, 16 бет)
1. 200см2 ауданға түсірілген күш 100Н болса, қысым қандай болар еді?
2. Бізді қоршап тұрған ауа барлық денеге 100кПа қысым түсіретін болса, өлшемдері 60 смХ 80см болатын үстел бетіне қандай күш түсірер еді?
3. Шаңғы үстіне тұрған спортшының массасы 78 кг, ал шаңғының әр сыңарының ұзындығы 1,95 м, ал ені 8 см. Шаңғы қарға қандай қысым түсіреді?
4. Көлемі 6 м3 гранит бағанасының табан ауданы 1,5м2 болса, ол Жер бетіне қандай қысым түсіреді?
VІІІ. Сабақты бекіту (2 минут)
Оқушыларға «не үйрендім?», «не қиын болды?» деген үлестірме қағаздары таратылып, әр оқушы өз ойын жазады. Мұғалім әр оқушының жазбаларын ескеріп, алдағы уақытта жұмыстар жүргізеді. Әр топтан бір-бір оқушы жазғанын оқиды.
Не үйрендім? |
Не қиын болды? |
|
|
ІХ. Үй тапсырмасын беру.
Кейінгі тапсырмалар |
15 жаттығу №3 есебі |
Кейінгі оқу |
Қысым. Қысымның қатты денелер, сұйықтар және газдар арқылы берілуі. |
Х. Бағалау (2 минут)
Топта көшбасшы (лидер) әр кезең бойынша топ мүшелерін бағалап (+,- таңбалары арқылы), содан соң мұғалім өз бағасын шығарады.
№ |
Топ мүшелерің аты-жөні |
Үй тапсырмасын орындауына |
Есептер шығару белсенділігіне |
Сұрақтарға жауап беру деңгейіне
|
Сабаққа белсенді қатысуына |
Бағалау |
|
Лидер бағасы |
Мұғалім бағасы |
||||||
1 |
|
|
|
|
|
|
|
2 |
|
|
|
|
|
|
|
3 |
|
|
|
|
|
|
|
4 |
|
|
|
|
|
|
|
5 |
|
|
|
|
|
|
|
6 |
|
|
|
|
|
|
|
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі