Қызылорда облысы, Шиелі ауданы
«№ 142 орта мектебі» КММ
Музыка пәні мұғалімі: Жусипбаев Талгат Кенесович
7-Бөлім: Тағам және сусын |
Сабақтың тақырыбы: Тағамдар сусындар әлемінде |
|||
Күні: 07. 04.2017 ж |
Мұғалімнің аты-жөні: Жүсіпбаев Талғат |
|||
Сынып: 1 |
Қатысушылырдың саны: |
Қатыспаған оқушылар саны: |
||
Осы сабақты меңгеруге қол жеткізетін оқыту мақсаттары |
1.1.1.1 Тыңдалған музыклық шығарманың көңіл күйін, ырғақ, екпін, динамикасын анықтау 1.1.2.1 Әндерді музыкалық аспаптың сүйемелдеуімен орындау 1.1.2.2. Қарапайым ырғақтық суреттемелерді шулы музыкалық және қазақ халық аспаптарында ойнау 1.2.1.1 Музыкалық фразалар шығару үшін идеялар ұсыну |
|||
Сабақтың мақсаттары |
Барлық оқушылар: Әнді музыкалық аспаптың сүйемелдеуімен орындайды және әнді зерттейді |
|||
Оқушылардың көпшілігі: Қарапайым ырғақтық суреттемелерді шулы музыкалық аспаптарда ойнап көрсете алады Әндер мен репертуарлардың жаңа түрлерін үйренеді |
||||
Кейбір оқушылар: Жеміс көгеністерді ән арқылы ажырата алады Музыкалық фразалар шығару үшін идеялар ұсынады |
||||
Тілдік мақсаттар |
Оқушыларды тілді барынша нақты пайдалануға ынталандыру Оқушыларды пікірталас диалогтерге қатыстыру Оқушылардың оқуға деген ынтасын қалыптастыру Пән лексикасы мен терминологиясы: Тағам – еда- food, сусын- напиток-dring. Диалог\жазу үшін қажетті сөз тіркестері: Талқылауға арналған сұрақтар: - Дыбысты қалай сипаттар едің? |
|||
Алдыңғы сабақтарда алған білім |
Үштілділік: интерпретация-интерпретация- interpretation қазақша- орысша- ағылшынша Ұлттық би қимылдарымен танысады және әнге қимылдар салады, сурет арқылы музыканы бейнелеуді үйренеді. |
|||
Сабақтың барысы |
||||
Сабақ кезеңдері |
Сабақта жоспарланған іс-әрекет |
Ресурстар |
||
Сабақтың басталуы 0-5 |
(ОТ, Қ) Оқушылармен үш тілде сәлемдесу: Сәлеметсіздер ме, балалар! – Здравствуйте, дети) – Hello, children! Өткен сабақтарда үйреген әндерді қайталаймыз. «Жас ұлан» әнді жатқа, сезімталдықпен орындауға баулу |
Аудиожазба
Би элементтері |
||
Сабақтың ортасы
7-11
12-14
15-20
21-35 |
(Ұ, Қ) Сабақты қонақ күту рәсімі, салт-дәстүріміз туралы қызықты әңгімемен бастаймыз. Балалар өз отбасындағы қонақ күту рәсімін еске түсіріп, әңгімелейді. Олардың пікірін тыңдап бағалаймыз. Оқулықтағы қазақтың ұлттық дастарханы бейнеленген сурет бойынша әңгіме ұйымдастырамыз. Музыкалық аспаптың сүйемелдеуімен оқушылардың есімдерін қосуға болатын тағам немесе сусындар туралы әнді үйренеміз. (МК, Ұ, Қ) Ән үйрену: «Бауырсақ» әні. Ән айтуға оқушыларды дайындаймыз. Даус жаттығуын жасатып, ән айту ережелерін еске түсіреміз. Дауыс жаттығуына өткен әндердің жеңіл фразаларын алуға болады. Сол арқылы балалардың есте сақтау қаблеті жақсарады. (Ұ)Үштілділік: тағам- еда – food, сусын- напиток – drink. Қазақша, орысша, ағылшынша айтып үйренеді. Оқушылар әндегі ырғақты дұрыс меңгеру үшін бағдаршамды пайдаланамыз. Жсыл түсті көрсеткенде олар дасуытап орындайды, қызыл түсте ішінен орындайды. (Ұ, Ө, Қ) Ән тыңдау: «Ақ дастархан» (З. Байделдинова - Бейімбетова) Ән әдемі сазды, көңілді орташа екпінмен орындалады. Ән мазмұны мен әуені әдемі үйлесіп, ұлттық дастархан туралы түсінік береді. «Ойлан, тап» айдарымен оқулықтағы тапсырманы орындаймыз. Қазақтың дастарханы - ..... Ай - ....., Күн - ..... , Қазақтың шаңырағы - ..... т,б. Балалар өз ойларымен бөліседі. (ОТ, Ұ) Шығармашылық жұмыс Апам менің пісірген, Қызылкүрең баурсақ, Шықпай қояр түсіңнен, Быраз жемей сағынсақ. Өлең жолдарына әуен шығарайық. Бірге қосылып орындап, бағалаймыз. Жоғарғы және төменгі ноталарды ажыратамыз. (Ұ,Қ) Жоғарғы және төменгі ноталарды анықтауға арналған ойын ұйымдастыру. Мұғалім жоғарғы және төменгі ноталарды орындайды , ал оқушылар қолдарын көтеру, түсіру арқылы дауыс биіктігін ажыратады. |
Қазақтың салт-дәстүр кітабы
«Бауырсақ» (Ә. Бейсеуов)
«Ақ дастархан» (З. Байделдинова - Бейімбетова)
Музыкалық аспап
|
||
Сабақтың соңы 35-45 |
(Ө, Ж, Қ) Өткен сабақтарда үйренген әндерді шулы музыклық аспаптармен сүйемелдеп қайталау. «Ақ дастархан» әнін тыңдай отырып, түрлі-түсті суреттерден ұлттық тағамдарды таңдап, ақ дстархан бетін толдтырамыз. |
Аудиожазба шулы музыкалық аспаптар |
||
Үй тапсырмасы |
Ән жаттау |
Оқулық |
- Джон Максвелл
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі