Өлең, жыр, ақындар

Ауылға келген мұғалім

Сабақ тақырыбы: Ауылға келген мұғалім
Сабақ мақсаты: Мәтінмен танысу.
Сабақ міндеттері:
Білімділік: Мағжан Жұмабаев өмірінен алынған деректермен танысу;
Дамытушылық: Есте сақтау қабілетін және ойлауын дамыту.
Тәрбиелік: Еліне адал қызмет етуге тәрбиелеу.

Түрі. Ауызша сабақ - 1
Технология «БжС»
Ауызша – 1 сабақ картасы
1- кезең
Ұйымдастыру.
- Мақсатты айту
- Карта бойынша жұмыс жасау реті түсіндіріледі
1. Өткен тақырып бойынша қарама - қарсы сұрақтар
2. Тірек сөздер
3. Мәтінмен жұмыс
4. ҚҚС
5. СТС
6. ТСҚ
- Көшбасшыға сөз

- Жылдамдық жаттықтыруы
мұғалім
отау
жабдықтау
ересек
Жұмабай
Мүсілім
шәкірт

2 - кезең
Оқушылардың субъектті іс - тәжірибесін өзектендіру
1) Үй тапсырмасын қайталау. «Қырдан келген жас қазақ» бойынша қарама - қарсы сұрақтарға жауап беру. Матрицамен жұмыс.
Қарама-қарсы сұрақтар:
Шоқан қайда оқуға түсті?
Неше жасында түсті?
Оқу тәртібі қандай?
Шоқанды кімге серіктікке қосып берген?
Шоқанның зеректігі қалай байқалды?
Қайдан тәуір ұстаздар алдырылды?
Шоқанның ұстаздары қандай адамдар еді?
Бұлардың білімін кім жақсы пайдаланды?
Омбының білімді адамдары нені байқады?
Олар Шоқанды қайда шақыратын еді?
Білімді адамдардың үйлерінде кімдер де болатын?
Білімді адамдардың Шоқанға қандай пайдасы болды?
Шоқан туралы кім жақсы пікір айтты?
Шоқан достарының қасында қандай болып көрінетін еді?
Потанин Шоқаннан не туралы сұрайтын?
Шоқан кімнің тұрмысы туралы айтып жүрді?
Не салып беретін?
Шоқанның мақсаты не болды?
Ең әуелі қай ұлтты жақсы көретін?
Қазақтың оқуы болса, Шоқан кім болар еді?
Шоқан қандай жігіт еді?
Нені анықтау жолында болды?

Сыныптағы бала саны – 21=4, 7%
2) Тексеру. Матрицаны толтыру. Пайызды анықтау.

Жаңа сабақ
Тақырып бойынша жаңа сабақты түсіндіру (2 - 3 мин)

3 кезең
Қабылдауды ұйымдастыру
Тірек сөздерімен жұмыс. Тірек сөздерге түсінік беру. Тақтаға тақырыпқа байланысты тірек сөздер берілген.
Тірек сөздер:
Ахметден
Бекен
мұғалім
отау
жабдықтау
ересек
Жұмабай
Мүсілім
шәкірт
Шығыс тілдері
қисса-дастан
медресе

1) Оқу, есте сақтау, - 30 сек.
2) Блок жабылды, балалар естерінде қалған сөздерді жазады – 30 сек
3) Тексеру.(6 - 7 сөз) Матрицаны толтыру. Пайызды анықтау
4) Толықтырып жазып алу
5) Көзді жұмып 3 сөзді өшіру, оны тапқызу, сөйлем құру

4 кезең
Ұғынуды ұйымдастыру
Мәтінмен жұмыс
1) Мәтінді оқу (1бетке - 3 мин)
2) Тірек сөздердің мазмұнын ашу.
4’ минут беріледі

5 кезең
Түсінудің біріншілік тексеруі
Қарама - қарсы сұрақтар: Матрица бойынша барлық оқушылар сұралады. Пайызды анықтау. « -» алған оқушыларға көңіл бөлу.
Қарама - қарсы сұрақтар:
Ауылға кім келді?
Қалай киінген?
Кім қарсы алды?
Қалай қонақ етті?
Ахметден қай ұлттың жігіті екен?
Кім болып орналасты?
Бекен мектепке арнап не тігіп берді?
Мектептің іші немен жабдықталды?
Оқуға қандай балалар кірісті?
Мағжанды неге ешкім есіне алмады?
Атасы Жұмабай оған не деп бата беріп еді?
Мағжан мектепке қалай кірді?
Ол босағаның жанында не істеп отырады?
Кім тақтадағы сөздерді оқи алмай тұрды?
Сөздерді кім оқып берді?
Мұғалім не істеді?
Мұғалім шәкірттерін қай тілге бейімдеп оқытты?
Анда-санда нені үйретті?
Мағжан нелерді оқи бастады?
Әкесі Мағжанды қайда оқуға берді?
Мағжан неше жыл оқыды?
Қай тілдерді үйренді?
Қандай талант ояна бастады?

- Тексеру. Матрицаны толтыру. Пайызды анықтау.

6 кезең
Біріншілік бекітуді ұйымдастыру
Сыни сұрақтар: Матрица бойынша барлық оқушылар сұралады. Пайызды анықтау. « -» алған оқушыларға көңіл бөлу.
Сын тұрғысынан сұрақтар:
Ауылға Бекен келді-
Қазақша киінген-
Бекен қарсы алды+
Қой сойып қонақ етті -
Ахметден қай ұлттың жігіті екен +
Ұста болып орналасты -
Бекен мектепке арнап отау тігіп берді +
Мектептің іші кілеммен жабдықталды -
Оқуға жасы кіші балалар кірісті -
Мағжанды кішкентай болғандықтан ешкім есіне алмады +
Әкесі Бекен оған бата беріп еді -
Мағжан мектепке кіріп, партаға отырып алды. -
Ол босағаның жанында ойнап отырады -
Мүсілім тақтадағы сөздерді оқи алмай тұрды +
Сөздерді мұғалім оқып берді -
Мұғалім Мағжанды алдыңғы партаға отырғызды +
Мұғалім шәкірттерін батыс тілдеріне бейімдеп оқытты -
Анда-санда есеп үйретті +
Мағжан қисса-дастандарды оқи бастады +
Әкесі Мағжанды Омбыға оқуға берді -
Мағжан 5 жыл оқыды -
Орыс тілін үйренді -
Ақындық талант ояна бастады +

Тексеру. Матрицаны толтыру. Пайызды анықтау.

7 кезең
Талдау
Тақырыптық сөздік қор.
Мәтіннен сөздер немесе мәтіннің мазмұнын жазу.
37 сөз.
1) Матрицаны толтыру
2) Ең көп сөз жазған оқушы сөздерін оқып береді.
3) ТСҚ - ның пайызы есептеледі.

Түйсіну: 4 - 5 белгі - 5 ұпай
3 белгі - 4 ұпай
2 белгі - 3 ұпай
1 белгі - 2 ұпай

Қорытынды сапа нормативі оқушылардың 63% 5 ұпайдан алуы тиіс
Үй тапсырмасы 4 белгіден кем алған оқушылар үйге тапсырма алады


Пікірлер (1)

Пікір қалдырыңыз


Қарап көріңіз