Өлең, жыр, ақындар

Бүгінгі мектеп түлегі - ертеңгі елдің тірегі

Алматы облысы, Алакөл ауданы
«Достық орта мектебі мектеп жасына
дейінгі шағын орталығы бар»
коммуналдық мемлекеттік мекемесінің психологы
Ермолаева Гульназ Отановна
    

 

Мақсаты: мемлекеттік емтиханға оқушыларды психологиялық қолдау, оқушы, мұғалім арасындағы қарым-қатынасты нығайту, оқушылардың өзіне деген сенімділігін арттыру.

Қатысушылар: 11 сынып оқушылары, мұғалімдер

Көрнекілігі:

«Адам баласының құндылығы – оның білімінде һәм ойлана білуінде» (Жүсіп Баласағұни)

«Ерік- жігері күшті адам- нағыз мықты адам».

«Армансыз адам қанатсыз құспен тең».

Оқушылар «Атомдар және молекулалар» жаттығуы бойынша 3 топқа бөлінеді.(Талапкер, Үміткер, Болашақ)

Психологиялық сабақ 4 кезеңнен тұрады:

1. «Мен» жаттығуы 10 минут

2. Жағдаят шешу 15 минут

3. «Биіктік» жаттығуы 10 минут

4. «Екі бақа аңызы» 10 минут

1. Құрметті оқушылар! Сендер есейіп, өсіп мектепті аяқтап қалдыңдар, жан-жаққа қанат қағып ұшатын кездерің де болып қалды. Іштеріңде көптген оқушылар болашақта кім, қандай маман иесі болатынын біледі. Біз, әрине барлығыңның армандарыңның орындалғанын қалаймыз. Данышпан философ Фалес айтқандай:

Дүниедегі ең үлкен нәрсе – Кеңістік

Бәрінен жүйрік - Ой

Бәрінен дана – Уақыт

Бәрінен қиыны - Өзіңді-өзің тану.

Адамның өзін-өзі тәрбиелеуде асқан шыдамдылық, қиыншылықтарға төзімділік, ерекше ұстамдылыққа машықтануы керек. Ата-ананың тілегі-баласының жақсы адам болуы, еңбексүйгіштігі, оқу мен еңбектегі табыстары. Өмір дегеніміз - арнасы кең өзен. Сол өзеннен өз арнаңды тауып ағу- басты мақсат. Қазір сендерге мынандай тапсырма: Алдарыңдағы А4 парағында көрсетілген «Мен» сөзіне бойларыңдағы қасиеттеріңді жазып көрсетіңдер.

2. Топтарға берілген жеке жағдаяттарды шешу. (15 минут)

ҰБТ дайындық барысында көптеген қиындық туындауы мүмкін, сондай жағдайларға дайын болуы үшін қазір сіздерге жағдаяттар беріледі. Соны шешулеріңіз керек. Әр топқа жеке жағдаяттар беріледі. Жағдаяттың шешімін жеке бөліседі, ал басқа топтар өз ойларын қосуға болады.

Жағдаят

1топ Сіз сертификат алдыңыз. Бірақ құжат тапсырар кезде  сізге таңдаған мамандығыңыз бойынша толық ақпарат алған кезде көңіліңізден шықпады, (оқитын ғимараты ұнамауы мүмкін, оқитын пәндеріңіз қызықтырмауы мүмкін) Сіз не істейсіз, сол мамандыққа тапсыра бересіз бе, әлде басқа мамандықты таңдар ма едіңіз?

2 топ Сіз ҰБТ тапсыру үстіндесіз, қатты қобалжып отырсыз, діріл пайда болып өзіңізді қолыңызда ұстай алар емессіз, білген сұрақтардың жауаптарын есіңізге түсіре алмаудасыз, осындай жағдайға тап болсаңыз қиындықтан қалай шығуға болады?

3 топ Сыныптастарың  алда келе жатқан ҰБТ маңыздылығын терең ұғынбай, дайындықтарға, сабаққа ешқандай құлшынысы болмай жүр. Осы мәселені қалай шешуге болады?

3. «Биіктік» жаттығуы.

Мақсаты: оқушының өмірлік жетістіктеріне жету мақсатына талпындыру, сенімділігін нығайту.

Жаттығу барысы: Әр топ қатысушыларынан бір-бір оқушы шығады. Оларға мынандай нұсқау беріледі. Қабырғаға жақын тұр, сосын секір. Қай жерге дейін секіргенін белгілеу. Енді барынша жоғары секір.Төбеге дейін жетуге тырыс. Секіріп жеткен жеріңді белгіле.

Талдау: бірінші және екінші белгі салыстырылады. Қатысушылар төмендегідей сұрақтарға жауап береді:

-    Белгі қойылған биіктіктердің айырмашылығы болды ма?
-    Бұл айырмашылыққа не әсер етті?
-    Қойылған талап пен мақсат нәтижесі жақсарды ма, әлде нашарлады ма?
-    Қалай ойлайсыздар, өмірде осындай жағдайлар кездесе ме?

4.“Екі бақа” аңызы

Сарайда тұрған шыныдағы қаймаққа екі бақа түсіп кетеді. Біреуі шыға алмайтынына көзі жетіп, қақтығыспай өліп қалады. Ал екіншісі,шыға алмайтынына көзі жетіп тұрса да, қақтығысқанының бәрі бекер сияқты көрінсе де, секіре береді. Бірақ аяғында әлгі бақаның секіргенінен, қаймақ қоюланып, майға айналады. Бақа сөйтіп, секіріп шыныдан шығып кетеді.

(Аңыз талданып, оқушылардың пікірі тыңдалады)

Адам өзін-өзі тәрбиелеуі, алдына мақсат қоя білуі керек. Сол мақсатқа жету үшін адами құндылықтарды бағалай отырып, «өз өмірім өзіме құнды» деген қағиданы басты назарда ұстауы қажет.


Пікірлер (1)

Пікір қалдырыңыз


Қарап көріңіз