Өлең, жыр, ақындар

Білім беру дағдысы. Коммуникация

Ақтөбе облысы, Темір ауданы
С.Бәйішев атындағы орта мектебінің шағын орта
тәрбиешісі: Бисембина Светлана Аманбековна

 

Ашық сабақ тақырыбы: Білім беру дағдысы.   Коммуникация

Ұйымдастыру оқу қызметі: Сөйлеуді дамыту

Мақсаты: Балаларға үй жануарлары туралы мағлұмат беру. Үй жануарларының төлдерін және олардың қалай дыбыстайтының, немен қореқтенетінін ажырата білуге үйрету. Үй жануарларынан қандай өнімдер алатынын атап өту. Үй жануарларына қамқор болуға күтіп баптауға дағдыландыра отырып, еңбек тәрбиесіне баулу.

Көрнекілігі: үй жануарларының және төлдерінің суреттері, жануарлардың дыбыстары басылған үн таспа.

Әдістері: түсіндіру, көрсету, әңгімелеу, сұрақ -жауап, ойын.

Билингвизм: түйе –верблюд,  сиыр –корова,  жылқы –лощадь, қой – овец, баран, ешкі –коза.

Балалар музыкамен топқа кіреді. Мұғалімдермен амандасып, жылулық шеңберін құрады.

Үлкен шеңбер құрайық,

Алақанды соғайық.

Күлімдесін күн де,

Күлімдейік біз де!

Балалар бүгін біз үй жануарларының қалай дыбыстайтынымен танысамыз. Ол үшін біздер ата әжеміздің ауылына қонаққа барамыз. Балапан топтың аты.

Ауылда ата әжеміз қарсы алады.

Балалар: Сәлеметсіздер ме?

Ата мен әже: Амансыңдарма ботақандарым. Қош келдіңдер! Отырыңдар (көрпеге жайғасады)

Әже: Құлындарым, сендер жолда келе жатқан кезде не көодіңдер?

Балалар: Түйе, жылқы, сиыр, қой, ешкі.

Тәрбиеші: Дұрыс айтасыңдар, балалар. Олай болса, мына суреттегі үй жануарларының атауларын айтып беріңдерші. (балалар өз еркімен жауап береді). Олардың қалай дыбыстайтынын үн таспадан тыңдалалды.

Әже: Балалар, жануарлардың қалай аталатынын біледі екенсіңдер. Бұл жануардың бәрін төрт түлік деп атайды. Атасы, мына балаларға қандай өсиет айтасың?

Ата: Ботақандарым, мен сендерге «Түліктің пайдасы» өлеңін оқып берейін,          

                  Түйе -байлық,

                  Сиыр -молшылық.

                  Жылқы -сәндік,

                  Қой -молшылық.

                  Ешкі -жеңілдік.

                  Малды тебуге, ақты төгуге болмайды.

Тәрбиеші: балалар ата мен әжеге жануарлар туралы тақпақтарымызды айтып берейік.

Ерасыл:   Маң маң басқан, маң басқаң,

                     Шудаларын шаң басқан.

                     Екі өркешін көң басқан,

                     Төрт аяғын тең басқан.

Фатима:  Қарасында маңыраған,

                    Қозымен жамыраған.

                    Қозысынан айырылса,

                    Қоймай ұзақ аңыраған.

Назерке:  Ешкі қойды бастаған,

                   Қойды артына тастаған.

                   Ешкі деген жануар,

                   Сойса қаны қалантай,

                   Сауса сүті бұлақтай.

Сергіту сәті: Қанат жаям жалма жан,

                      Талпынғандай ұшуға.

                      Иіліп келіп қол созам,

                      Аяғымның ұшына.

Ойын: «Төлдерін табыстыр»

Шарты: Жануарлардың қасына өздерінің төлдерін дұрыс орналастыру. Балаларды жануарлар немен қоректенетінін, олардан не алатынымызды айта кету.

Әже, Ата: Мынау ауылды дәмі балабақшаға барғасын балаларға берерсіңдер. Аман болсаңдар, қонаққа келіп тұрыңдар.

Балалар: Сау болыңыздар!

Балалар хормен «Қошақан» әнін орындайды.

Іс әрекетті бағалау кезеңі: үй жануарлары туралы олардың төлдері дыбысталуы туралы айтылып, сабақ қортындылады.

Ұйымдастырылған оқу қызметі соңында, балалар мадақталады.

Күтілетін нәтиже:

Біледі: Үй жануарларымен әрқайсысын ажырата білу, дыбысталуын ажырату.

Игереді: Төрт түлікті және олардың төлдерін біледі.

Меңгереді: Үй жануарларына қамқор болуға, күтіп баптауға дағдыландыра отырып, енбек тәрбиесіне баулу.


Пікірлер (1)

Пікір қалдырыңыз


Қарап көріңіз

Пікірлер