Өлең, жыр, ақындар

Көңілді сылдырмақтар

Атырау облысы, Құрманғазы ауданы
Орлы селосы, «Балдырған» балабақшасы
Саз жетекшісі Кажигалиева Гульвира Туяковна

Білім беру саласы: Шығармашылық

Бөлімі: Музыка

Тақырыбы: «Көңілді сылдырмақтар»

Мақсаты: Аспаптармен таныстыру, үнінен айырту. Сылдырмақ үніне ілесе ойынды белсенді ойнауға үйрету.

Көрнекіліктер: Аспаптар топтамасы, қуыршақ.

О.І. әрекет кезеңі

Музыка жетекшінің іс-әрекеті

Балалардың іс-әрекеті

 

 

 

 

Мотивициялық қозғаушылық

Балалар марш екпінімен залға  кіреді, ортаны айналып шеңбер жасап тұрады. Музыка жетекшісі балалармен амандасады және әуенге (басқа әуен қосылады.) әр түрлі қимылдар жасап билеп алады.

«Шаттық шеңбері»

Күннің көзі ашылып,

Көкке шуақ шашылып

Құтты қонақ келіпті

Төрімізге еніпті

Амандасу үлкенге

Тәрбиенің басы  ғой

Ал, қанекей , бәріміз

Сәлем дейік үлкенге

Сәлеметсіздер ме апайлар.

Музыка жетекшісі.

Балалар сендер қандай сабаққа келдіңдер?

Музыка сабағында біз не үйренеміз.

Жарайсыңдар.

Музыка жетекшісі

Балалар қараңдаршы не көріп тұрсыңдар.

Ендеше сол аспаптармен танысайық.

Мынау қандай аспап?

Домыбыраны шертіп көрсету.

Сылдырмақ,  барабан, үрмелі аспап, фианино , баян аспаптарымен таныстырп өту.

Ән үйрену:  И Сапарбай. «Көңілді сылдырмақтар»

Музыка жетекшісі әнді орындап береді. Не туралы айтылғанын сұрау. Әннің екі сөзін үйретіп, екі жолын әнге қосып айтады. Түгел шумақты үйреткен соң , шақ-шақ-шақ деген жерінде қолмен ұрады.Ән түгел үйреніп болған соң , сылдырмақты таратады. Бәсең жерінде жай ұрып, ширақ жерінде қатты қағу.

Ойын: «Аспапты үнінен айыр».

Мақсаты: Балаларға аспаптардың үнін ажырата білуге үйрету.

Ы/қ «Қуыршақпен билейміз»

Мақсаты: Әуенгетсай қуыршақпен бірге ырғақты қимыл жасау.

Балалар марш екпінімен залға кіреді.

Амандасып шаттық шеңберін орындайды.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Музыка сабағы.

Ән айтуды, билеуді үйренеміз.

 

 

Музыкалық аспаптар

 

 

 

Домбыра

 

 

 

 

Балалар мұқият тыңдайды.

 

Балалар ойынға белсене қатысады.

Күтілетін нәтиже:

Біледі: музыканы тыңдауды, ән есте сақтауды.

Игереді: аспапты үнінен ажырата біледі.

Меңгереді: әуенге сай қимылдар жасауды.


Пікірлер (1)

Пікір қалдырыңыз


Қарап көріңіз