Өлең, жыр, ақындар

Ми бөліктері, үлкен ми сыңарлары қыртысының аймақтары, жүйке жүйесінің гигиенасы

Павлодар облысы, Баянауыл ауданы
Ш. Айманов атындағы жалпы орта білім беру мектеп-интернатының  
биология пәнінің мұғалімі
Адилбекова Самал Сарсембаевна

Сынып: 8

Сабақтың тақырыбы: Ми бөліктері, үлкен ми сыңарлары қыртысының аймақтары, жүйке жүйесінің гигиенасы

Сабақтың мақсаттары:

Білімділік: Ми діңінің, мишықтың қызметі және үкен ми сыңарлары, Жүйке жүйесінің гигиенасы туралы түсінік беру, білімді қалыптастыру.

Тәрбиелік: Организмнің күрделі шартсыз рефлекстік әрекетін реттеуші ми бөлімдері болғандықтан денсаулықты күтуге тәрбиелеу.

Дамытушылық: Ми діңі, мишық, ми бөлім құрылысындағы ерекшеліктер мен қызметтерін оқып–танып, бір–бірінен ажырата білу.

Құралдар: интербелсенді тақта,оқулық, флипчарт, суреттер, түрлі-түсті маркер, комьютер, карточкалар.

Сабақ кезеңдері

Уақыт

Мұғалімнің іс-әрекеті

Оқушылардың іс-әрекеті

Мотивация (ұйымдастыру кезеңі)

2 мин

Сәлеметсіздер ме! Көңіл күйлеріңіз жақсы ма! Сабаққа қатысуын тексеру. Топқа бөлу (түрлі- түсті қағаздармен)  І топ- қызыл түстер; ІІ топ- жасыл түстер; ІІІ топ- сары түстер. (Топтың лидері тағайындалады. )

 Амандасады. Сұрақтарға жауап береді. Топқа бөлінеді.

Білу

3 мин

Интербелсенді тақтамен жұмыс.

Көрмеген ешкім,

Дәмін татып.

Қара орман асты,

Ұйыған қатық. (Ми)

32-Сурет Мидың басты аймақтары суретін көрсету арқылы жаңа тақырыпқа шығыды.

Оқушылар ойланады, сұрақтарға жауап береді.

Түсіну

15 мин

Ең алдымен, тақырыпты оқимыз сонан соң топтың ішінде талдайсыңдар.Әр топқа төмендегідей тақырыпшалар ұсынылады.   І топ- Ми діңінің құрылысы. ІІ топ- Үлкен ми сыңарлары, қызметі. ІІІ топ- Жүйке жүйесінің гигиенасы,ішімдіктің жүйке жүйесіне әсері. Өз білімін флипчартқапостер жасаулары қажет.

Тақырыпты оқиды,түсіндіреді,Жауаптарын флипчартқа түсіреді. Топ мүшесі, көмекшісімен  жауап береді.

Қолдану

5 мин

 Тақырыпқа байланысты суреттер таратылады, оқушылар белсенділік танытып, тез суретті сипаттайды, интербелсенді тақтада дұрыс жауап шығады.

Оқушы ойланады, суреттің құрлысын жазады, интербелсенді тақта арқылы, салыстырып тексереді. Өзін-өзі тексереді, реттейді.

Талдау

5 мин

Аралық және ортаңғы мидың негізгі қыметі қандай?

Ми сұйықтығының маңызы қандай?

Үлкен ми сыңарларында сенсорлық- қандай сезімтал аймақтар орналасқан?

Үлкен ми сыңарлары қыртысының құрылысы қандай?

Мидың қандай аурулары болады?

Спиртті ішімдік, жүйке жүйесіне қандайәсерін тигізеді?

 

 

Ойланады, бір-бірлерін тыңдайды, негізгі қызметті айқындайды. Спикер қорғайды

Синтездеу (жинақтау)

10 мин

Тест жұмыстары таратылады, жауабы интербелсенді тақтада жазылады.

1. Аралық ми реттейді?

А) Қозғалысты   В) Дене температурасы   С) Қарын сөлінің бөлінуін  

2. Жұлынның жоғары шетінің жалғасы?

   А) Артқы ми    В) Сопақша ми      С) Ортаңғы ми            

3. Бас ми бағанының құрамына кірмейтіні?

  А) Үлкен ми сыңарлары      В) Ми көпіршес»                        4. Мидың қозуын күшейтеді?

   А) Оттегі     В) Сутегі         C) Никотин

5. Мінез-құлық, тәлім–тәрбие, сөйлеу, есте сақтау, ойлау әрекеттері тікелей байланысты?  

А) Үлкен ми сыңарларына     В) Самайда   С) Ортаңғы миға  

 

 

 

 

Ойланады жауап береді, белсенділік танытады, интер белсенді тақта арқылы, салыстырып тексереді.

Рефлексия

5 мин

Стикер жазу, не білдің? Не білесің нені? не білгім келеді?

Оқушылар бүгінгі сабақ бойынша білгенін, түсінгенін стикерге жазады?

Бағалау

2 мин

Бағалау парағы беріледі, фомативті бағалау.

Бағалау парағын толтырады.

Үйге тапсырма

 

52-беттегі суреті салу, 53-беттегі кесте. Ми бөлімдерің қызметі және 57-беттегі кесте. Үлкен ми сыңарлары қыртысының сенсорлық аймақтарының орналасуы  дәптерге орындау. Сұрақтарға жауап беру.

Күнделіктеріне жазады, баға қою

 

 

Сау болыңыздар!

Қоштасады......


Пікірлер (1)

Пікір қалдырыңыз


Қарап көріңіз