Жамбыл облысы, Жуалы ауданы, Бауыржан Момышұлы ауылы
№19 Д. Қонаев атындағы мектеп-гимназиясы
Технология пән мұғалімі Асанов Серік Естемесұлы
Сабақтың тақырыбы: Шертер аспабын жасау технологиясы
Сыныбы: 9 «Б»
Пәні: Технология
Сабақтың мақсаты:
Білімділік: Оқушыларды шертер аспабын жасау технологиясының әдісімен таныстырып, бұйым жасап үйрету.
Тәрбиелік: Оқушыларды ұқыптылыққа, іскерлікке, тазалыққа тәрбиелеу.
Дамытушылық: Оқушылардың қауіпсіздік ережесін тиімді пайдалану арқылы шертер жасау технологиясымен дұрыс жұмыс жасау қабілетін дамыту.
Сабақтың түрі: Дәстүрлі сабақ.
Сабақтың типі: Аралас сабақ.
Сабақтың әдісі: Түсіндірме, практикалық.
Құралдары: ара, қашау, егеу, зімпара т.б.
Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі
1. Оқушылармен амандасу, түгендеу.
2. Сынып тазалығын тексеру.
3. Оқушы назарын сабаққа аудару.
ІІ. Үй тапсырмасын тексеру
Қылқобыз жасау технологиясы (оқушы өзі жасаған бұйымын таныстыру)
Жеке оқушымен жұмыс (зерттеу жұмысы)
ІІІ. Үй тапсырмасын бекіту
Суретпен жұмыс (сұрақ-жауап арқылы оқушылардың өткен тақырыпты қалай меңгергенін анықтау).
1. Қобыздың қанша түрі бар?
2. Қобыз неше бөліктен тұрады?
3. ХІХ ғасырдың соңында Жетісу өңірінен табылған қобыз?
4. Қылқобызға анықтама бер? (Қазақтың шанағын тізеге сүйеп, ысқымен тартылатын екі шекті өте көне саз аспабы)
5. Домбыра, қобыздың кәдесыйлық түрінің басы мен түбі ағаш діңінен бірігіп ойылатын бұйымның биіктігі қанша мм шамасында? (140-150 мм)
6. Жіңішке имек ағаштан, екі ішегі аздап есіліп өңделген жылқының құйрық қылының бірнеше талшықтарынан жасалатын аспап? (Ысқыш)
Қылқобыздың нақтылы өлшемі туралы кесте толтыру.
1 |
Қылқобыздың жалпы ұзындығы |
670 мм |
2 |
Шанағының диаметрі |
60 мм |
3 |
Мойынының ұзындығы |
220 мм |
4 |
Қобыз түбінің ұзындығы |
200 мм |
5 |
Қобыз алақанының ұзындығы |
90 мм |
6 |
Шанақтың жалпы жалпақтығы |
180 мм |
ІV. Жаңа сабақ.
Шертер аспабын жасау технологиясы
Шертер – қазақ халқының үш ішекті көне музыкалық аспабы. Оның мойыны қысқа, шанағы қақпақсыз ашық, жылқы қылынан жасалған ішектер тағылған ежелгі нұсқасын өнер зерттеушісі Б. Сарыбаев поляктың белгілі саяхатшысы Б. Залесскийдің 1865 жылы Парижде бастырлыған альбомынан тапқан. Б. Сарыбаев мұны қазақтың музыкалық аспап нұсқасының негізінде дүниеге қайта келтіріп қана қоймай, оның жетілдірілген түрін де жасап, оркестрлерге қосты. Ал қазіргі шертердің түрі бұрыңғы түпнұсқаның жалпы түрін жоғалтпай, жаңадан өңделіп кең таралды.
Шертердің құрылысы домбыра пішінімен бірдей. Жалпы ұзындығы – 675 мм. Шертер негізгі он бес бөліктен құралады: алақан, құлақтары, мойыны, ішектері, қақпағы, тиегі, өкше тиегі, ілгегі, шанаққа тартылған көнтері, табалдырық тиек, қосымша мойын беті, шанақтың астыңғы бөлігі, шанақ, көнтерінің қайырылған шетіне желімделген шпон ағашы, үн тесіктер.
Шертердің жаңа түрі. Оның шанағының 80 мм-і қақпақпен, ал қалған 160 мм-і көнтерімен қапталады. Мұндағы пернелер саны 19, яғни домбыраның пернелер санына сәйкес. Өлшем бірліктері миллиметрмен алынды. Қосымша мойын беті қалыңдығы 3-4 мм қатты ағаштан жасалынады.
Шанақтың жалпы жалпақтығы – 210 мм, шанақ түбінің жалпақтығы – 140 мм. Бұл – шертердің құрама түрінің өлшемдері. Ал оны, негізінен бүтіндей шауып жасауға мүмкіндік мол. Сондықтан оның сырт пішінінің әртүрлі бейнесін ұсынып отырмыз. Негізгі өлшемдерінің барлығы бірдей, олардың тек сырт пішіндері ғана өзгерген.
Шертердің домбырадан қандай айырмашылығы бар?
Ағашты қолмен жасау кезіндегі қауіпсіздік ережелері
Жарақат алу себептері дұрыс емес саймандарды қолданудан немесе құрал – саймандарды дұрыс пайдалана алмаудан болуы мүмкін.
Жұмысқа дейін:
1. Жұмыс киіміңді киін (фартук, халат)
2. Жұмысқа қажетті құрал – саймандарыңды түгелдеп, мұқият тексер.
3. Жұмыс орныңды, саймандарыңды ережеге сай орналастыр. Жұмыс орнында артық ешқандай зат тұрмасын.
Жұмыс кезінде:
1. Дайындаманы верстаққа мықтап бекіт.
2. Әр амалды өзіне тиісті сайманмен атқар. Саймандардың қайралған әрі жарылмаған болсын.
3. Нұсқау карта бойынша әр амалдарды өзіне тиісті құралдарды пайдаланып атқар.
4. Жұмыс орныңды әрдайым тазалап отыр.
5. Жұмыс кезінде әр нәрсеге алаңдама.
6. Құрал – сайманың бүлінсе міндетті түрде ауыстырып ал.
Жұмыстан кейін:
1. Жасап жатқан бұйымыңды , материалдарды кезекшіге немесе мұғалімге тапсыр.
2. Жұмыс орныңды ретке келтір. Қолмен сыпыруға, ауызбен үрлеуге болмайды. Верстактың қысқыш қораптардың арасын 2-5 мм етіп қой.
3. Өзіңді ретке келтір.
4. Шеберханадан мұғалімнің рұқсатымен шық.
Сарамандық жұмыс
Жеке
Жұмыс киімін кию: фартук, жеңқап
Жұмысқа қажет материалдар: ағаш өңдеуге қажетті құралдар
Жұмыстың мақсаты: қазақ халқының шертпелі музыкалық аспабы – шертер жөніндегі білімдерін бекіту, іс-жүзінде шертер макетін жасау, әдістерімен таныстыру, сызбаны орындау кезінде симметрияны сақтауға үйрету, дағдылар мен шеберліктерді дамыту, шығармашылық белсенділікті қалыптастыру.
1. Қауіпсіздік техникасы жөніндегі ағымдағы нұсқама өткізу және бұйымды жасау қандай реттілікпен орындалатынын түсіндіру.
2. Шертер аспабын технологиялық карта бойынша дайындау.
3. Алдын ала құрастырылған, технологиялық карта бойынша шертер аспабының кез-келген түрін жасауды ұсыну.
Шертер аспабының технологиялық картасы
V. Жаңа сабақты бекіту.
«Пайымдау сұрақтары» әдісі: Сабақ соңында мұғалім оқушыларды ой-толғаныс жасауға итермелейтін сұрақтар қояды: Сабақта не маңызды болды, не қызық болды, жаңадан не білдіңдер, не үйрендіңдер т.с.с. Бір сұраққа бірнеше оқушы жауап беруі мүмкін.
Шерттер аспабына анықтама бер? (Қазақ халқының үш ішекті көне музыкалық аспабы)
Шертердің жалпы ұзындығы?
Шертер қандай бөліктерден тұрады?
Шертердің қосымша мойынына тағылатын пернелердің саны?
Шертер аспабын оқушы неше сағат ішінде жасап шыға алады?
VI. Бағалау.
VII. Үйге тапсырма беру.
- Джон Максвелл
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі