Талдықорған қаласы
Е. Берліқожаұлы атындағы №11 орта мектебі
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
мектепалды даярлық тобының мұғалімі: Базарбекова Динара Оралбековна
Геометриялық денелер. Шар, текше, цилиндр
Білім беру саласы: «Таным», «Қатынас»
Ұйымдастырылған оқу іс-әрекет: Қарапайым математикалық ұғымдарды қалыптастыру
Тақырыбы: Геометриялық денелер. Шар, текше, цилиндр
Мақсаты:
Білімділік: 10 көлеміндегі сандарды тура, кері санауды қайталау. Сандар құрамын бекіту. Балаларға көлемді денелер: шар, текше, цилиндр туралы түсінік беру. Қоршаған ортада сәйкес пішіндегі заттарды табуға үйрету.
Дамытушылық: Ойлау, есте сақтау қабілеттерін және сөйлеуге дағдыландыру. Ойын арқылы танымдық қабілеттерін, логикалық ой - өрістерін дамыту.
Тәрбиелік: Тапсырманы ұқыпты, таза орындауға тәрбиелеу.
Пәнаралық байланыс: Көркем әдебиет
Ұйымдастырылған оқу іс - әрекет түрі: қайталау, түсіндіру, ойын.
Билингвизм: шар - круг, текше - куб, цилиндр.
Қолданылатын көрнекіліктер: интерактивті тақта,тақырыпқа сай суреттер.
Мотивациялық – қозғаушылық: Сәлеметсіздер ме, құрметті қонақтар! Ашық оқу іс - әрекетімізге қош келіпсіздер!
Шаттық шеңбері:
Арайлап таң атты,
Алтын сәуле таратты.
Жарқырайды даламыз,
Жайнай түсті қаламыз.
Қайырлы күн балалар!
Қайырлы күн, апайлар!
Сәлем! Сәлем! Сәлем! Балалар тәрбиешімен бірге көтеріңкі көңіл - күймен шаттық шеңберін орындайды.
1.Ұйымдастыру – іздестіру
- Балалар, қазір сендермен «Таным» білім беру саласы бойынша, қарапайым математикалық ұғымдарды қалыптастыру ашық оқу іс - әрекетін жүргіземін. Сендерге шын жүректен сәттілік тілеймін!
Өткенді қайталау:
- Балалар, сендер нешеге дейінгі сандарды тура және кері санауды, қосып азайтуды үйрендіңдер?
- Ендеше маған қазақ, орыс, ағылшын тілінде 1 - ден 10 - ға дейін тура және кері кім санап береді?
- Жарайсыңдар. / жұлдызша, төртбұрыштармен мадақтаймын /
- Балалар бүгін сендерді геометриялық денелермен таныстырамын.
Сиқырлы геометриялық денелер.
- Осы геометриялық денелер туралы толық түсінік беріп өтейін.
- Назарларыңды экранға аударыңдар.
/ экранда алдын - ала дайындалған слайд көрсетіледі./
Шар – шар: ол дөңгелек, домалатуға болады.
Шарға доп, моншақ, шырша ойыншығы ұқсас келеді.
Текше - куб: шар сияқты дөңгелей алмайды, өйткені оның бұрыштары бар. Текшеге теледидар, сумка, сағат, үстел, текше ойыншықтар, печенье т. б. заттар ұқсас келеді.
Цилиндр екі тілде осылай аталады. «Сырғанақ» деп аударылады. Егер бірнеше цилиндрді қатар қойып, оның үстіне ауыр заттарды қойып итерсең, ол қозғалады. Мысалы: бірнеше қатар қарындаштың үстіне кітап қойсаң кітап орнынан жылжиды.
Цилиндрге стакан, ерлер шляпасы, гүл салатын ваза, балмұздақ, сгущенка т. б. заттар ұқсас келеді екен.
Пирамида екі тілде осылай аталады.
«Шың» деп те аударылады. Пирамида таудың қар басқан ұшына, сарайлар мен мұнаралардың күмбезіне ұқсайды.
Балалармен бірге «Шариктер»атты саусақ жаттығуын орындаймын.
Екі қолымыздың саусақтарын шөкімдеп, ұштарын бір - біріне тигіземіз. Шарды үрлейміз. Үрлегенде қандай қимыл жасаймыз тура сондай қимыл жасалады.
Шар жарылды. Саусақтар бастапқы қалпына келді.
2.Түсіндіру. Ауызша жұмыста балаларға көлемді денелердің макеті көрсетіледі және олардың атауы нақтыланады.
3.Әліппе дәптермен жұмыс. №1 тапсырманы орындар алдында «Қайсысы неге ұқсас?» ойынын ойнату.Текшені көрсету,ал балалар айналасынан пішіні оған ұқсайтын заттарды табады.Содан кейін балалар заттардың бейнесін қарастырып,кесте ұяшықтарына жапсырады.
Ойын:Саусақ ойыны
4.Өзіндік жұмыс: №2 тапсырма берілген фигуралардың пішінін,түсін,өлшемін өзгерту.
Сергіту сәті
Ойын:
№3 тапсырма есепті құрастыру және шешу дағдысын бекіту.Суретке қараңдар.Неше пирамида үлкен?Оған нешеу қосты?Есептің шартын құрастырып,сұрақ қою және есепті шығару.
№4 тапсырма-7,8 цифрын жазу.Өрнекті бағдарлау.
Қорытынды:
- Балалар 10 көлеміндегі сандарды қосып, азайтуға берілген тапсырмаларды қызығушылықпен орындады.
Дөңгелек, үшбұрыш, төртбұрыш
шаршы, сопақша, ромб, трапеция
көп бұрыштар: бесбұрыш, алтыбұрыш, сегіз бұрыш.Сиқырлы геометриялық денелер туралы білді.
Балалар слайдтан көрген ұқсас заттарды атап отырды.
Балалар тәрбиешімен бірге сергіту, саусақ жаттығуларын жасады.
Балалар тапсырманы қызығушылықпен орындады.
Рефлексивті - түзетушілік Қорытынды:
- Балалар, бүгінгі оқу іс-әрекетімізде нелермен таныстық?
Геометриялық денелерге нелер жатады?
- Жарайсыңдар.
Бүгінгі ашық оқу іс - әрекетіміз аяқталды белсене қатысқандарың үшін сендерге алғысым шексіз.
Күтілетін нәтиже:
Нені біледі: 1 - ден 10 - ға дейінгі сандарды тура кері санауды, қосып азайтуды, геометриялық фигуралар түрлерін біледі.
Нені білу керек: Қоршаған ортада геометриялық фигураларға ұқсас заттар түрлерін ажырата білу керек.
Нені меңгерді: Геометриялық денелер түрлерін таныды.
- Джон Максвелл
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі