Өлең, жыр, ақындар

Отанды қорғау.

Манғыстау облысы,Қарақия ауданы, Құрық аулы ЖШС "Рауан" балабақшасының ІІ-санаатты Тәрбиешісі: Кошманова Жадыра Пулатовна Ақбота ІІ- кіші топ Тақырыбы: «Ел қорғауға дайынбыз» Мақсаты: Еліміздің болашағын ойлап, еліне деген адал қызмет етіп, өз елінің елеулі азаматы болуға тәрбиелеу.Қазіргі ер балалардың қандай болу керек екендігін және де жасөспірім кезіндегі туындайтын әке мен бала, аға мен іні арасындағы қатынас туралы түсінік беру. Жүргізуші: Құрметті ата-аналар,балабақша ұжымы және балалар! 7- мамыр Отан қорғаушылар күні мерекесі құтты болсын. Іргесі берік елден қашан да жау тайсалған. Сондықтан тәуелсіз Қазақстанды қорғау үшін мемлекетіміздің қарулы күші болуы қажет. Бүгінгі ұлдар – ертеңгі елдің қорғаны. Бабаларымыздай жерімізді, елімізді, егемендігімізді сырт көзден қорғар қайсар азамат болыңыздар! Біздің тәуелсіздігіміз бен тұтастығымызды, тыныштығымыз бен бейбіт тірлігімізді қас қақпай күзетіп тұрған, халқымызға қорған болған ұлттық әскеріміздің айбыны арта берсін! Ұстаздар жақсылықтың жол ашары, Қолыңда шәкіртіңнің болашағы. Өмірді алға қарай өрлететін, Сендер ғой Ұлы Отанның болашағы. Ендеше аспанымыз ашық, еліміз тыныш, жұртымыз аман болсын деген тілекпен, балалардың орындауында «Ақ көгершін» әнін қабыл алыңыздар! Тоты: Бақытты боп жүргенім, Сенің арқаң, Ұлы Отан. Елім менің – тірегім, Құшағында гүл атам. Арман: Шығысыңнан арайлы, Күліп атқан құба таң. Сенен бақыт тарайды Баршамызға Ұлы Отан. Гүлназым: Сарқылмайтын қуатым, Тірегімсің сен, Отан. Мәңгі соғып тұратын Жүрегімсің сен, Отан! Нұрайым: Отан — сенің ата-анаң, Отан — досың, бауырың. Отан — өлкең, астанаң, Отан — аудан, ауылың. Баложа Рамазан: Заман жаңа, ел жаңа, Күлімдейді кең дала. Өз Астанам, Өз ордам, Сүйенерім сен ғана. Әлия: Анамыздай тілеуі ақ, Отан бізде біреу-ақ. Ол-біздің Қазақстан! Ұлттық ойын: «Күш сынаспақ» Шарты: Бұл ойын стол үстінде екі баланың білек сынасуымен орындалады. 2 бала шынтақтарын столға тірек қол бастарын айқастырады. Кім білекті столға жықса сол бала жеңімпаз аталады. Би: «Қазақ биі» Перизат: Отан — тарих, Отан — тіл, Жасаған елің, ер халқың. Отан — өлең, Отан — жыр, Көтерген көкке ел даңқын… Ангсар: Отан осы, достарым, Көңілге мұны түйе біл. «Отан» деп өс, жас қауым, Оны ардақтап, сүйе біл. Арай: Отан — жерім, Отан — суым, Отан — қуат, нәр береді. Отан — ұран, Отан туым, Отан мәңгі гүлденеді. Арафат: Отан үшін жанымызды береміз, Отан үшін барлығына көнеміз. Отанның да,ананың да алдында, Осы өмірде парызды өтеп кетеміз. Ән: «Ел қорғауға дайынбыз». Жүргізуші: Құрметті ата-аналар, балабақша ұжымы және балалар! Келе жатқан 9 мамыр – Жеңіс күнімен құттықтаймыз! Бүгінгі мамыражай тыныш өмір аталарымыз қалыптастырған берік бірлік нәтижесінде келді. Ер жігіттің құл болмай, ару қыздың күң атанбай, халықтың бірлікте өмір сүруі нақ солардың арқасында! Бұл мереке әр кезде де батылдық пен ерліктің, қаһармандық пен елдіктің нышаны, Отанға деген сүйіспеншілік пен адалдықтың өлшемі, ал құрметті ардагерлеріміз, болашақ ұрпақтар үшін, егемен еліміздің тәуелсіздігін қоғаушылардың бәрі үшін жарқын үлгі болып қала берері сөзсіз. Өздеріңізге қонар бақтың баяндысын, бітер дәулеттің көл-көсірлігін, келер ырыстың ысырап болмауын, жүрек гүлінің мәңгі солмауын, шаңырағыңа шаттық орнауын, Тәңірдің шексіз қолдауын тілейміз! Сау-саламатта болыңыздар!


Пікірлер (1)

Пікір қалдырыңыз


Қарап көріңіз