Маңғыстау облысы, Қарақия ауданы, Құрық ауылы
МКҚК *Құлыншақ* балабақшасының
тəрбиешісі Сақтағанова Айгүл Дюсенбаевна
Мақсаты: Қоршаған орта, табиғат пен тіршілік арасындағы байланыс жайлы түсініктерін қалыптастыру, дүниетанымын кеңейту. Ойлау есте сақтау және зерделенуін, сөздерді анық айтуға машықтау және сөйлеу мәдениетін қалыптастыру табиғатқа сүйіспеншілікке тәрбиелеу, жаратылыстың әрбір заты мен мүшесін құрметтеуге, қоршаған ортаны қорғауға, сақтауға үйрету. Сүйіспеншілік, мейірімділік қасиеттерін дамыту
Көрнекілік: бөлме гүлдері, гүл қопсытқыш, табиғаттың суреті
Әдіс - тәсілдері: Сұрақ – жауап, әңгімелеу
Шаттық шеңбер:
Қайырлы таң, достарым!
Қайырлы таң,достарым!
Шеңберге тұрайық
Жылулық сыйлайық!
Доброе утро, учитель
Доброе утро, друзья
Посмотрите друг на друга
Пожелайте добра!
Good morning good morning
Good morning to you
Good morning good morning
We are glad to see you!
Т:- Біз қазір неге ұқсап тұрмыз?
Б: - Күнге
Т.- Иә балалар жер атаулының атауының қайнар көзі – күн - ол бізге не үшін керек?
Б: Күн бізге жарық, жылу береді
Т: Бәріміз күнге қолымызды созайық! Күннен не алдық?
Б: жылу алдық
Т: Осы күннен алған жылуымызды бір бірімізге таратайық - балалар қазір жылдың қай мезгілі?
Б: Көктем мезгілі
Қыс айларында ауа райы қандай болды?
Б: Қыста күн боран,суық болды.
Есік соғылып ішке Жер Ана кіреді: /. О, менің перзенттерім! Менің қойыным кең. Сендерді әр уақытта мейірімді құшағыма аламын. Менің саялы бағымды, мөлдіреген таза кіршіксіз өзен – көлдерімді, сиқырлы сазды үнді құстарымды, жалпы табиғат атаулыны аялап, сүйіңдер. Бұл кейінгі ұрпақ, сендерге аманат.
Балалар сендер кім келгенін білдіңдерме?
Жоқ
Бұл -Жер Ана.
Табиғат дегеніміз - бізді қоршаған орта, оған (аспан, су, ағаш, гүлдер, өсімдіктер, күн) жатады. Табиғат өздігінен, адамның қатысуынсыз жаралған табиғи заңдылық. Ол тірі және өлі табиғат болып екіге бөлінеді. Тірі табиғатқа – ағаш, гүл, шөп, т. б олар өздігінен өседі. Өлі табиғатқа су, тас, құм жатады. Олар өспейді, дем алмайды, денесінде жаны жоқ.
Табиғат – біздің ортақ үйіміз. Біз оған ұқыптылықпен қарауымыз керек. Бау - бақшада және өсіп тұрған ағаштар мен гүлдерге қомқорлық жасау керек.
Күн, су, ауа, гүл, адам айтысы
Күн: Бота
Мен шуақты күнмін! Мен бәрінежылуымды,, нұрымды, беремін. Егер мен болмасам,табиғатта болмас еді Сондықтан табиғатқа көрік беріп тұрған менмін!
Су: Жұлдызай
Мен мөп - мөлдір, тап - таза, сыңғырлаған сумын. Мен болмасам осындай сұлу табиғат болар ма еді? Табиғатқа көрік беріп тұрған мен.
Гүл: Ақзия
Мен әсем гүлмін!егер мен болмасам жер үсті жайнайтын ба еді? Менің арқамда табиғат әсем болып тұр. Табиғатқа көрік беріп тұрған мен ғана.
Ауа: Ағила
Мен таза ауамын! Табиғаттағы барлығы мен арқылы демалады Егер мен болмасам ешкім тіршілік ете алмас еді. Табиғатқа ең керекті менмін.
Адам: Асел
Мен дүниедегі ең күшті, ақылды адаммын. Менен асқан ешкім жоқ бұл жалғанда. Сондықтан да бұл өмірдің иесі де киесі де менмін.
- Дұрыс айтасыңдар!
Күн болмаса жарық жылуды қайдан аламыз.
Су болмаса өсімдіктерді, қалай суарамыз
Ауа болмаса қалай тыныс аламыз
Гүл болмаса табиғатымыз әдемі болмайды
Адам осы қоршаған ортадағы талдарға өсімдіктерге пайдасын тигізеді, күтіп баптайды.
Балалар біздер тәртіпті балалармыз. Табиғатты қорғау біздің міндетіміз.
Т: ендеше гүлдер бағына саяхатқа шығамыз.
«Қыз өссе – елдің көркі, гүл өссе – жердің көркі»
Т: балалар гүлдер не үшін керек?
Б: Бөлменің ауасын тазартады, біздердің көңіл - күйлерімізді көтеру үшін, біз гүлдерге қарап қуанамыз, әдемілік үшін қажет.
Т;енді гүлді қалай отырғызу керектігін үйренеміз. Барлығымыз мұқият қарап отырыңдар. Бөлме гүлін отырғызамыз
Құнарлы қара топырақ толтырылған гүлдің құтысын кішкене тереңірекетіп қазып гүлдің көшетінтамырын үзіп алмай кішкене ыдыска саламыз.
Түбіне су құямыз
Түбін жақсылап топырақпен нығыздап басамызүстіне тағы су құямыз
Міне; гүлімізді отырғыздық гүліміз әдемі болып ,өсу үшін тағы су құямыз
«Табиғатты аялайық» ойыны
Әр бала табиғат түрлерін плакатқа жапсырып , табиғат көрінісін бейнелейтін тыйым сөздерді айту керек.
Гүлді жұлуға болмайды.
Ағашты кесуге болмайды, ол бізге таза ауа береді
Суды ластауға болмайды, өмір жоқ
Күнімізді бұлт баспасын,
Көбелекті өлтірмеңдер, ол- әдеміліктің белгісі
Құсты атуғаболмайды, құс адамның досы
жасыл шөпті жұлуға болмайды , ол жерімізге көрік беріп тұрады
Аңдарды қорғауымыз керек , ол- біздің байлығымыз
Т: Адамдардың табиғатсыз күні жоқ,
Табиғаттың мұны айтуға тілі жоқ.
- Кәне, балалар, барлығымыз қонақтармен қоштасайық.
Кәне барлығымыз тұрайық,
Үлкен шеңбер құрайық
Көріскенше күн жақсы,
сау - саламат болайық
сау болыңыздар!
- Джон Максвелл
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі